Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет203/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

көп шыңдарының бiреуi
, оны асыра да, кемiте де бағалауға 
болмайды, әсiресе оның гуманистiк, рухани жақтары осы уақытқа дейiн 
миллиондаған адамдардың жүрегiнде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз 
бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп, оны басқа iлiмдермен салыс-
тырып және бүгiнгi адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен бай-
ланыстыра отырып, өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз. 
Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылы 
Карл 
Маркс
(1818-1883 жж.) пен 
Фридрих Энгельс
(1820-1895 жж.) болды. 
Егер К.Маркстiң әкесi сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс 
өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң отбасында дүниеге 
келедi. Сондықтан олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғары оқу 
орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар «жас 
гегельшiлердiң» қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси 
ахуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi, революциялық демо-


233
кратизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциялық 
көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде 
өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде пайда болған революция-
лар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық 
көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты. 
Оның негiзгi өзегi – дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны 
қайта құру, 
өзгерту қажеттiгi
, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты 
рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. Әрине, мұндай мақсат билiк 
басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде 
К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткiзуге 
мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның 
өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың, 
кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткiзiп
соған қарамастан, өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн 
жазып, жұмысшылар қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң 
жарқын болашағына сендi.
Ендi, әңгiменi нақтылай келiп, маркстiк философиядағы 
жаңалықтарға келер болсақ, онда ең алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет