Серік Мырзалы философия оқу құралы


«сүю жоқ жерде – ақиқат та жоқ»



Pdf көрінісі
бет201/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«сүю жоқ жерде – ақиқат та жоқ»
, «сүю – 
заттардың бiзден тыс өмiр сүруiнiң шынайы онтологиялық дәлелдемесi». 
Ары қарай өз ойын жалғастырып, Фейербах сүюдi 
iңкәрмен
теңейдi. 
Олай болса, тек iңкәр ғана – заттың өмiр сүруiнiң анықтамасы. Тек 
iңкәрдiң ұмтылған заты ғана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерiн 
субъективтi-идеалистiк бағытта қарауға болмайды. Оның айтқысы 
келгенi – адам өзiнiң керек қылатын заттарына, өмiрлiк құндылығы бар 
құбылыстарға немқұрайды қарамайды, ол оларды сүйедi, оларды иге-
руге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың адамнан тыс өмiр 
сүрiп жатқаны оған айқын көрiнедi. Егер ол өзi сүйетiн, керек қылатын 
заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып-қамығады, зардап шегедi. 
Оның өзi шынайы өмiрде 
керек нәрсенiң жоқтығын
, оның бiздiң жан-
дүниемiзден 
тыс өмiр сүретiнiн
көрсетедi.
Фейербахтың философиясында әлеуметтiк, моральдық мәселелерге 
көп көңiл бөлiнген. Ол өз заманындағы қоғамдық қатынастарға 
қанағаттанбайды, әсiресе христиан дiнiнiң осы дүниенiң құдiреттi 
Жаратушысы Құдайдың Өзiне сенiп, адал болған адамдарға мәңгi 
рақатқа бөленген о дүниедегi өмiр берiледi деген негiзгi қағидасына 
терiс баға берiп, ол қарапайым адамдардың осы өмiрдегi жағдайларын 
жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергi келтiредi деген пiкiр 
айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгiлiк өмiрге сену – 
жердегi өмiрдiң құндылығын жояды. 
Бiрақ Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне 
бәрiбiр дiннiң керектiгiн мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бiрiн-
бiрi ауыстыратын үлкен дәуiрлер дiндердiң ауысуымен тығыз байла-
нысты. Олай болса, өзiнiң мүмкiндiктерiн сарқыған христиан дiнiнiң 
орнына жаңа дiн керек. Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына 
адамды сүюдi қоюы керек
. «Христиандықтың мәнi» деген негiзгi 


230
еңбегiнің соңғы тарауында Фейербах «Адам адамға – Құдай» деген 
пiкiр айтады. Сонымен бүкiл философиясы материалистiк бағытта 
болған философ мұндай көзқарасқа неге келедi деген сұрақ бiздiң 
ойымызға ерiксiз келедi. Оның ойынша, адамдардың бiр-бiрiне деген 
қатынастарына дiни бiтiм берiлмесе, олар өзiнiң адамгершiлiк қасиетте-
рiнен жұрдай болады, өйткенi ондай жағдайда адамдар өздерiнiң табиғи 
өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. «Дiнсiз болу – тек адамның өзiн 
ғана ойлауымен тең, дiнге сену – басқаларды да ойлаумен бiрдей», – 
дейдi Фейербах. 
Ендi, мiне, Жаңа замандағы материалист-ойшыл Фейербах бұл 
мәселеге қандай жаңалық әкелдi екен? Оның ойынша, еркек пен әйел 
арасындағы жыныстық сезiмге негiзделген сүйiспеншiлiк осы жаңа 
дiннiң арқауы болуы керек. Өйткенi адам табиғи-биологиялық пенде 
болғаннан кейiн, оның түйсiктерi мен сезiмдерi оны алдамайды, тек 
қана сүйiспеншiлiктен басқа шынайы практикалық және органикалық 
нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пiкiрiн айтады. Олай болса, 
«аспандағы ләззаттан» гөрi, адам жердегi «сезiмдiк бақытқа» ұмтылуы 
қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн сүйетiн «сен» мен «меннiң» қарым-қатынасы. 
Адамдардың бiр-бiрiне деген қажеттiктерi оларды бiр-бiрiмен теңеп, 
топтастырады. Егер адамдар Құдайға сенуден гөрi, өздерiне сенiп, 
адамның өзiн Құдай ретiнде қараса, онда барлық адамдардың арасында, 
олардың жынысына қарамай, достық қарым-қатынастар қалыптасып
коммунизмге жол ашылатынын айтады ұлы ойшыл. Осындай рухани-
адамгершiлiк ойларымен Фейербахтың есiмi бiздiң санамызда сақталып 
қалады.
Мiне, осымен немiс классикалық философиясына арналған соңғы 
беттi аударамыз. Келесi сарапталатын ағым – тек қана философияда 
ғана емес, бiздiң өткен тарихымызға тiкелей өзiнiң зор әсерiн тигiзген 
iлiм – ол маркстiк философия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет