Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы



Pdf көрінісі
бет197/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

§ 5. Фейербахтың философиялық антропологиясы
Людвиг Фейербах
(1804-1872 жж.) – немiс классикалық филосо-
фиясының соңғы өкiлi. И.Канттан бастап Гегельге дейiн немiс 
философиясының өкiлдерi идеалистiк бағыт ұстағанын жоғарыда 
байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. 


226
Гейдельберг университетiнiң теология (дiн зерттеу) факультетiне 
оқуға түседi. Бiрақ тез арада ондағы дәрiске қанағаттанбай, Берлин 
университетiне ауысып, Гегельдiң лекцияларын тыңдайды. 1828 ж. 
Эрланген университетiнде диссертация қорғап, содан кейiн осы оқу 
орнында приват-доценттiк жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап 
Фейербах бiрте-бiрте гегельдiк көзқарастан ауытқып, материалистiк 
бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның нәтижесiнде ол өз атын 
атамай, 1830 ж. «Өлiм және өлместiк жөнiндегi ойлар» деген еңбегiн 
жарыққа шығарып, онда жанның өлместiгi жөнiндегi дiни қағидаға 
қарсы шығады. Ол кiтап дереу тәркiленiп, Фейербах жұмыстан 
қуылады. Жұмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян отба-
сынан шыққан қызға үйленiп, онымен бiрге Брукберг деген ауылдық 
жерге қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмiр 
сүредi. Түске дейiн ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми 
жұмыстарымен айналысады. 
«Христиандықтың мәнi»
атты негiзгi 
еңбегi осы жерде жазылып бiтедi. Осы кезден бастап ол үзiлдi-кесiлдi 
материалистiк-атеистiк бағытқа көшедi. Өмiрiнiң соңында өте үлкен 
мұқтаждық көрiп, 1872 ж. дүниеден өтедi. Нюрнберг қаласында жер-
ленген. 60 ж. кейiн iзбасарлары оның қабіріне құлпытас орнатып, оған 
Фейербахтың өзi жазған «Адам Құдайды өз бейнесiне ұқсастырып 
жасады», «Адамды сүйiп, оған жақсылық жаса» деген сөздерiн эпита-
фия ретiнде жазды.
Гегельдiң философиясының алғашқы негiздерiн зерттей келе, Фей-
ербах оның түп-тамырының теологияға кететiнiн айқын көрсетедi. 
Фейербахтың ойынша, қайсыбiр идеализм, оның iшiнде Гегельдiң 
философиялық жүйесi де – дүниеге деген нәзiктелген дiни көзқарас. 
Табиғаттың алдында өмiр сүрiп жатқан логикалық категориялар 
жөнiндегi Гегельдiң iлiмi – дүниенi Жаратушының басқаша сөздермен 
айтылған идеясы. Ойлауға қабiлетi бар пенделерден басқа материя-
дан тыс өмiр сүрiп жатқан таза ойлау еш жерде жоқ. Материя рух-
тан шықпайды, керiсiнше, материя рухты тудырады. Адамның ойлау 
қабiлетi – ол қандай ғажап болса да – мидың қызметiнен туады. 
«Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана қоймай, соны-
мен қатар мидың әсем сарайын орнатты. Табиғат рухтың, бейсаналық 
саналықтың, беймақсаттық мақсаттылықтың алдында өмiр сүредi». 
Фейербахтың ойынша, рух дегенiмiз – ол iс-әрекеттегi адамның 
қабiлетi, қасиетi. Денеден бөлiп алып, адамның шектелген және соңы 
бар өмiрiнен босатып қаралған рух Құдайға айналады. Мән – ол ұғым 
ғана, оны адамның денесiн құрастыратын сүйектерiмен салыстыруға 
болады. Бiрақ тiрi адамның денесi, етi мен қаны да бар. Бiрақ Гегельдiң 
философиясы, тек өлiмтiктi жеп қоректенетiн қорқау сияқты, дүниенiң 
қаңқасымен ғана қанағаттанады.


227
Олай болса, философия өзiнiң қайнар көзiн болмыс ұғымынан 
емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет