Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет209/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Эстетикалық
аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып 
кеткен пiкiрiн қолдап, оның риясыздығына аса көп көңiл бөледi – 
онда ешқандай өзiмшiлдiк сезiм, я болмаса пайдақорлық ойлар, 
мүдделер болмауы керек. Өнердi игерудiң негiзгi мақсаты – адамның 
жан-дүниесiн өзiмшiлдiктен шығатын зардаптан құтқарып, оны 
тыныштыққа бөлеу. Өнердiң түрлерiн талдай келе, Шопенгауер мүсiн 
мен сурет – кеңiстiктiң, ал әуен мен поэзия уақыттың шеңберiнде ғана 
өмiр сүре алады дейдi. Бұлардың бәрi де өз мүмкiндiгiнше әлемдiк 
ерiктi сипаттайды, бiрақ әуеннен терең өнердiң түрi жоқ. Өйткенi 
әуенде оны шығарушы, орындаушы мен тыңдаушының арасындағы 
айырмашылық мүлдем азаяды. Өзiнiң ең биiк жетiстiктерiнде әуен 
әлемдiк ерiктi ақылмен түсiндiрiлмейтiн құпия жолмен бiздiң жан-
тәнiмiзге сезiндiредi. Әрине, Шопен-гауердiң бұл ойлары Шеллингтiң 
көзқарасына жақын екенiн байқауға болады. Тек Шеллинг әуендi, 
әсiресе оның 
симфониялық
түрiн Абсолютке жетудiң жолы деп есеп-


243
теген болатын. Ал Шопенгауердiң дүниесезiмiне 
қайғылы музыка
(реквием сияқты) жақынырақ болды – тек қана осы әуендер адам 
болмысының қайғылылығын, трагедиясын жете сезiндiре алады.
Әлемдiк ерiкпен күрестiң екiншi жолы – 
этика
. Егер дүниедегi 
барлық зардаптың түп-тамыры ерiкке барып тiрелсе, оны жою, 
моральдық жағынан алып қарағанда, – ақталатын нәрсе. Ал адам саналы 
пенде ретiнде өз iшiндегi ерiктi жою арқылы әлеуметтiк ерiктi тарата 
алады. Ол үшiн Шопенгауер адамдарға үзiлдi-кесiлдi талап ұсынады: 
«өзiңе қалайтынның бәрiнен де бас тартып, қаламайтыныңды 
жаса».
Бiр қарағанда, ол ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Бiрақ 
оның негiзiнде жатқан мағына мынада: ол – адамның өмiрге деген 
қызығушылығын
, соған бағытталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет