Серік Мырзалы философия оқу құралы


Адам  Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етедi



Pdf көрінісі
бет227/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Адам 
Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етедi
, өйткенi оның 
өзiнiң негiзi жоқ, ол адамсыз өзiнiң жалғыздығын сезiнедi... Демек, бiз 
адамның құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуiмiз керек. Тарихи 
Мәсіхтің өзi алғашқы рет осыны паш еттi.
Құдай – рух, сонымен қатар адам да – рух. Олай болса, екеуiнiң 
шығармашылық жолда кездесуi ғана объективацияланған дүниеден 
адамды құтқарады (объективация – Бердяевтiң философиясындағы 
ұғым, идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың қарым-
қатынастарының заттануын, адамнан жаттануын көрсетедi).


259
Ендi Н.А.Бердяевтiң тарих философиясына келер болсақ, онда 
«уақыт» санаты үлкен орын алады. Егер дүниедегiнiң бәрi шектел-
ген болса, соңы бар болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның 
ар жағына өтiп кете аламыз. 
Шығармашылық
мәңгiлiкке әкеледi, 
бiрақ ол шексiз уақыт емес, – 
уақытты аттап өтетiн жаңа сапа

Осы себептi тарихтағы шексiз жоғары өрлеудi қабылдауға болмайды. 
Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмiр сүретiн буындар өткен 
шексiз санды 
адамдардың өмiрiн
сол мақсатқа жетудiң 
құралына
айналдырады. 
Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағынасы жойылатыны 
хақ. Өткен дәуiрдi, оның мәдениетiн толыққанды 
қабылдамай, дұрыс 
болашақты
да орнату мүмкiн емес. Шiркiн, Н.А.Бердяевтiң терең 
тарих жөнiндегi осындай ойларын саясаткерлер жете бiлсе ғой!!! Сонда 
реформа барысындағы қателiктер де аз болар едi.
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтiң тарихи көзқарасын өмiршеңдi 
деп атауға болады: адамзат рухани жаңарудың негiзiнде қайта 
өрлеуге мүмкiндiк алады. Болашақ қоғам екi принципке негiзделедi:
аристократиялық – тұлғаның толыққанды шығармашылық дамуын 
көрсетедi, ал демократиялық – әдiлеттiлiк пен достыққа шақырады.
Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтiң талдап, өзiнiң шешiмiн 
берген екi санатын көрсетпей болмайды – олар мәдениет пен цивили-
зация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет