Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет27/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
сыртқы дүниені 
танып-білуге бағытталса
, идеализмнің ең негізгі мәселесі – адам, 
оның өмірі мен ой-өрісі, тағдыры мен үміті, зардабы мен қуанышы 
т.с.с. Сондықтан идеалистік философияның аксиологиялық, праксео-
логиялық жақтары онтологиялық, гносеологиялық жақтарына қара-
ғанда басымырақ болады. Идеалистік филосо-фияның негізгі екі түрін 
бір-бірінен ажыратуға болады: ол 
объективті және субъективті идеа-
лизм.
Батыс философиясында алғашқы рет тұжырымдама ретінде жан-
жақты біртұтас жүйелік объективтік идеалистік көзқарас Платонның 
философиясында қалыптасты.
Платонның Эйдос әлемі – рухани әлем және сонымен қатар 
бұл дүниедегі нақтылы заттардың алғашқы кейпі (eіdos – идея). 
Философтың ойынша, идеялар заттардың табиғатында көмескіленіп
бұрмаланады. Сондықтан сезімдік заттар әрқашанда толығынан өзінің 
идеясына сәйкес келмейді. Платонның ойынша, идея әлемі мен заттар 
әлемін бір-бірімен қосқан Демиург – ол мәңгілік өмір сүріп жатқан 
енжар материядан идеяларға ұқсайтын, соған сәйкес заттарды жасайды 
(demіeourgos – грек сөзі, өнерші, demіourgos – қолөнерші, ұста).
Платонның таным теориясы адамның жан дүниесінің бұрынғы 
идеялар әлемінде өмір сүрген кезін анамнезистеуге, еске түсіруіне 
негізделеді (anamnesіs – грек сөзі, еске түсіру). Оған түрткі болатын 
адамның сезімдік қабылдауы, өйткені ол заттың ұғымдық мәніне жете 
алмайды да, адамның ойлау қабілетін оятады. Адамның жан дүниесі 
идеялар әлемінен шыққаннан кейін мәңгілік, ол ешқашан өлмейді.
Объективті идеализмнің негізгі қағидалары Ортағасыр зама-
нында монотеистік (monos – грек сөзі, біреу; theos – құдай) діндердің 
қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Платонның идеялары христиан дінінде 
Құдайдың ойына
айна-
лады. Егер Платонның Демиургі мәңгілік өмір сүріп жатқан материяға 
идеалдық бітім берсе, христиан діні Құдайдың құдіретті сөзі арқылы 
бар дүние жоқтан жаратылды дейді. Сонымен Платонның мәңгілік 
өмір сүріп жатқан енжар материясы үзілді-кесілді теріске шығарылып, 
Құдайдан бұрын еш нәрсе жоқ, дүниенің бары соның құдіретті күші 
арқылы пайда болады деген қағидаға аса үлкен мән беріледі.
Дінде адамның дүниетанымындағы ақыл-ойы теріске шыға-
рылмайды, бірақ ол сенім ақиқаттарымен шектеледі. Адамның ақыл-
ойы Құдайдың берген аянынан биік емес, керісінше, сенімге сәйкес 
болуы керек.


30
Платонның көзқарасы бойынша, зұлымдық дүниенің кемші-
ліктерінен пайда болады, ал оның өзі енжар материя мен идея қосылған 
кезде, яғни бұл жалған дүние пайда болысымен-ақ сонымен бірге өмірге 
келеді.
Діни философияда керісінше: Құдайдың логосынан (logos – грек 
сөзі, сөз, мән-мағына) жаратылған дүние еш мінсіз, таза, әсем болып 
жаратылады. Зұлымдықты алатын болсақ, ол – тарихи оқиға, оның 
себебі – адамның еркінің алғашқы көрсетілген Құдайдың жолынан 
ауытқуы. Олай болса, тарихтың соңында Құдайдың жасаған таза, әсем 
жаратылысына қайтадан оралу мүмкін екен.
Жаңа дәуірде Декарттың философиясында идея бөлек материя-
мен қатар өмір сүретін ерекше субстанция ретінде қаралса, Гегельдің 
философиясында абсолюттік идеяның өзін-өзі тану жолындағы 
белсенділігіне айналады. Ал ХХ ғасырдағы философияда ерекше өмір 
сүріп жатқан құндылық, мән-мағына әлеміне (феноменология (pheno-
menon – грек сөзі, құбылыс), я болмаса ғылыми идеялар мен теорияларға 
айналады (ағылшын философы К.Поппердің «үшінші әлем» ілімі).
Сонымен, 2,5 мың жылға созылған объективтік идеализмнің 
тарихының негізінде оның әртүрлігіне қарамастан, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет