Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Миссияның құндылығы – егер бизнесіңіздің не үшін өмір сүріп



Pdf көрінісі
бет58/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord
Миссияның
құндылығы – егер бизнесіңіздің не үшін өмір сүріп
жатқанын басынан белгілесеңіз, бұл сізге мықты
команда құрып, тезірек дамуға мүмкіндік береді.
ARMAN холдингісінің миссиясы мынадай: 
«Біз
қызметкерлерімізді үздіксіз оқыту, өзін өзі үйрететін
ұйым құру, ұдайы жетілу философиясы, озық
басқарушылық 
технологиялар 
пайдалану, 
үздік
мамандарды дайындау жəне шақыру арқылы
көшбасшылыққа қол жеткіземіз. Өз əлеуеттерін
барынша іске асыруға мүмкіндік беру арқылы
қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларының əл-
ауқатын арттырамыз».
Осы миссияға сүйеніп, біз басынан жоғары деңгейлі
персоналы бар компания құруды көздедік. Өзімізге жəне
бүкіл əлемге тек посткеңестік кеңістікте ғана емес,
сондай-ақ халықаралық деңгейде де бəсекеге қабілетті
бола алатынымызды дəлелдейміз деген меже белгіледік.
Маған жəне əріптестерім үшін бұл – нағыз сынға
түсер шақ болды. Ойға алғанымызды жүзеге асыра


алатынымызды көрсетуге тиіс болдық. Өзіміздің бүкіл
ішкі ресурсымыз бен əлеуетімізді пайдалана отырып,
импорттық жабдықтың дилерінен бастап, əлемде өзін
мойындатқан 
өнеркəсіптік 
нысандарға 
арналған
телекоммуникациялық жүйе өндірушісіне дейінгі жолды
жүріп өттік.
Біздің жағдайымыз көпшілік айналыса бермейтін
кəсібі бар компанияның, мемлекет қолдауынсыз-ақ, өз
күшімен халықаралық деңгейге шығып, табысты бола
алатынының куəсі.
Өз тəжірибемізден тəуелсіз болуға болатынын, кез
келген қауіптерді, оның ішінде саяси қауіптерді
əртараптандырып, əр елден табыс тауып отыру мүмкін
екенін көрсетіп отырмыз.
Біздің холдингтік компанияның қазір Сингапурда
орналасқанына қарамастан, əлемнің кез келген жерінде
табысты жұмыс істеп, үлкен корпорациялар үшін пайдалы
іс жасап, нарықта сұранысқа ие болып келеміз.
Ciз де алдыңызға мақсат қойып, күн сайын оны
жүзеге асыру үшiн қадам жасайтын болсаңыз, шекарасы
жоқ бизнес құра аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет