Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


Команданы қалай құру керек?



Pdf көрінісі
бет54/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

Команданы қалай құру керек?
Кез келген жобаны бастау үшін үлкен құрылым
жасап, штатты көбейтіп, кейбір кəсіпкерлер секілді
кеңселер сатып алып, жұмысқа хатшы, бухгалтер,
жүргізуші алудың қажеті жоқ… Бұл қисынсыз стратегия
деп санаймын.
Бизнес бастағанда шығындарды барынша қысқарту
керек. Мысалы, кеңселер мен штаттық персоналға пайда
көлеміне қарамастан, тіпті сол айда компания ешбір табыс
таппаса да, қаражат төлеу керек. Сондықтан мен сізге
түпкі өнімді өндірмейтін немесе қызметті ұсынбайтын,
бəсекелік артықшылығыңыз болып табылмайтын бүкіл
персоналды аутсорсингке алуға кеңес беремін. Жаңадан


басталған бизнес үшін бухгалтерді, заңгерді, колл-орталық
маманын, хатшыны штаттан тыс кесімді ақыға жалдауға
болады. Осылайша, өз шығындарыңызды азайтасыз. Егер
маман сіз үшін осы айда əлдене істесе, төлейсіз, істемесе –
ол бойынша шығыныңыз болмайды. Командаңызда болуы
тиіс басты мамандар: 1) өніміңізді шығару бойынша білімі
бар мамандар; 2) сатумен айналысатын менеджерлер.
Команда қалай құрылады? Ол үшін, ең бастысы
бірінші болғысы келетін, əлемді инновациялық жолмен
өзгерткісі келетін адамдарды таба білу керек.
Cіздің 
бəсекелік 
артықшылықтарыңызды 
өз
мамандарыңыз құрағаны аса маңызды. Мысалы, бөлшек
бизнесте сырттан басқа компаниямен қызмет көрсетуге
жай 
келісімшарт 
жасасып, 
IT-маманды 
жұмысқа
қабылдамай-ақ қоюға болады. Алайда сіз ІТ-бизнеспен
айналыссаңыз жəне өзіңіз шығаратын софтты сатсан оны
жазатын айти маман міндетті түрде командада болуы
керек. 
Сіздің 
бəсекелік 
артықшылығыңызды
құрайтындарды 
штатта 
ұстап, 
ынталандырып,
дамыту керек.
Сондай-ақ кез келген бизнесте маңыздысы – сата білу,
бəрі соған байланысты. Егер сатылым болмаса немесе
жөнге қойылмаса ештеңе шықпайды, бүкіл команданы
асырауға ақша болмайды. Сатылым болса – барлығының
тігісі жатады, жоба өрлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет