Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда


«жақсы кеңесші кез келген байлықтан қымбат»



Pdf көрінісі
бет57/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ

«жақсы кеңесші кез келген байлықтан қымбат».
ЖЕТІСТІК КІЛТІ:
Стратегияны анықтаңыз, нарықты зерттеңіз, бизнесті
бастамай тұрып, барлық қаржылай шығындарды жəне
бірінші пайда түсетін уақытты есептеңіз. 
Өз командаңызды қанаттандырыңыз жəне қолдаңыз. 
Іс бастадың ба – берілме! Табыс бірден келмейді. 
Əрдайым дамуға тырысатын жəне сізде жоқ
машықтарға ие мамандарды жұмысқа алыңыз. 


Қызметкерлерді 
ынталандырыңыз, 
басқа
компанияларға нарыққа кіруге кедергі қойып,
бəсекелік артықшылықтар жасаңыз. 
Əлденені білмесеңіз, кеңес сұраудан қорықпаңыз. 


Шексіз əлем
6
Егер елінің азаматтары білімді болса, ағылшын тілін
меңгеріп, өз ісінің шебері атанса – ондай мемлекетті
бүкіл əлем құрметтейді.
Шексіз əлем
Мен кəсіпкерлікті бастаған кезден-ақ құрған
компаниямның халықаралық деңгейге шыққанын қаладым
жəне сондықтан биік мақсаттар қойдым. Стокгольм
бизнес-мектебінде жүргенде «үлкен компания құрғың
келсе, миссиядан баста» дейтін. Табысты бизнес ашу үшін
миссияны, пайымды, стратегия мен ұзақ мерзімді
мақсаттарды айқындаған маңызды.
Көпшілігі секілді біз де бастапқыда «миссия тек Coca
Cola нeмесе Procter&Gamble сияқты ірі корпорацияларға
қажет, ал біздің жағдайымызда оның керегі жоқ» деп
ойладық. Алайда, қазір мен өз алдыңа дұрыс мақсат қоюға
мəн бермесең, шағын кəсіпорын шеңберінде де гүлденген
бизнестің құрылмайтынын түсінемін.
Бастапқы кезеңде кəсіпкерлерді күйбең тіршілік:
қалай аш қалмасам, қалай аяққа нық тұрсам деген
сұрақтар мазалайды жəне ол заңды да. Алайда, бизнес
дамыған кезде негізгі қажеттіліктер өтелген кезең келеді,
кəсіпорын жұмыс істеп тұр. Əрі қарай өсіп, компанияны
барынша барынша дамытып, өзіңе басқа нарықтарға шыға
алатыныңды дəлелдеп, тұтас корпорация құрғың келеді.
Сол кезде келесідей сұрақтар бірінші кезекке шығады:
компаниямыздың өмір сүруінің мəні неде? Біздің
мақсатымыз не? Қоғамға қандай үлес қосамыз, өзімізден
кейін қандай із қалдырамыз? Күн сайын жұмысқа не үшін
келеміз? Мұны түсініп алмастан, үлкен, əсіресе
халықаралық ауқымдағы компания құру мүмкін емес.
ARMAN холдингісінде бүкіл команда не істейтінімізді,
қайда бағыт алғанымызды, қандай пайда əкелетінімізді


біледі. Бұл – қызметкерлерді ынталандыратын мықты
құрал. Оны міндетті түрде қолдануға кеңес беремін.
Егер қызметкерлер дамыса, қызықты тапсырмаларды
орындаса, адамдар мен қоғамға қызмет ететіндерін түсінсе
– олар ісіне адал болып, ортақ іс үшін бар күш-жігерлерін
салады. Ал жұмысқа тек жалақы үшін келетіндер басқа
ұсыныс алса, сізден бір сəтте кетіп қалады.
Мен сізге компанияңыздың миссиясын дəл қазір
анықтап алуға кеңес беремін. Тіпті, серіктестеріңіз екеу
немесе үшеу болса да. Сіз көшбасшы ретінде миссияны
өзіңіз жаза аласыз немесе бүкіл команда болып,
ойларыңызды 
ортаға 
сала 
аласыздар. 
Мақсат
анықталғанда оның қызметкерлер пікірімен сəйкес
келетінін тексеру маңызды. Егер миссия оларды
қанаттандырса – тамаша, егер адамдарыңыз оны
қабылдамаса, олардың жұмысқа келгендегі мақсатына
сəйкес келмесе, оны жетілдіре түсу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет