Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет25/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

Мұқышев Нұрлан Райымқұлұлы

Жоғарғы санатты дәрігер-хирург. Медицина ғылымының докторы. ҚР-сы денсаулық сақтау ісінің үздігі. 1950 жылы Қарағанды облысы Қонырат поселкесінде туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1978). Әскери міндетін (1969-1971) атқарып келген соң Қарағанды облысы Қарабас стансасын техникалық байқау пунктінің жөндеушісі болып жұмыс істеді. Жезқазған облысы Никольский қаласына мединститутты бітіргенсін Қазақ КСР денсаулық сақтау Министрлігінің жолдамасымен келді. Сәтбаев қаласы медициналық-санитарлық бөлімінің цехтық дәрігері (1978-1981), Жезқазған облыстық тубдиспансері өкпе-хирургиялық бөлімінің фтизиохирургі болып еңбек етті. 2003 жылдан бастап Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас фтизиатры. Көптеген ғылыми жұмыстар, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстардың авторы.


Оразбеков Біркен

Заңгер. Еңбек ардагері. Милиция подполковнигі. Ішкі істер Министрлігінің үздігі. 1930 жылы 15 тамызда туған. КСРО ішкі істер Министрлігінің жоғарғы мектебін (1960), Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1975). Еңбек жолын соғыс жылдарында Жезді ауданы Өрнек колхозында бастады, Қарсақпай мыс зауытында жұмыс істеді (1947-1953). 1953 жылы ақпан айынан облыстық ішкі істер органдарында еңбек етті. 1954 жылы Никольский поселкесінің 1-ші учаскелік инспекторы болып тағайындалды. Балалар инспекторы, Жезқазған ҚІІБ (ГОВД) құжат бөлімшесінің бастығы, қылмысты іздестіру қызметінің (угрозыск) жедел басқару өкілеті, милицияның Рудник поселкесіндегі бөлімі бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарды. Жезқазған облыстық Атқару комитеті ішкі істер басқармасының құжат (паспорт) бөлімі бастығы қызметінен 1985 жылы құрметті демалысқа шықты. Зейнеткерлікке шыққан соң Сәтбаев қалалық атқару комитетінде ерікті дружина штабының бастығы болды (1990-1993). Халық депутаттары поселкелік Кеңесінің 2-ші және 3-ші шақырылымдарының депутаттығына сайланды. «Қажырлы еңбегі үшін», «ІІМ-гі ұзақ жылғы еңбегі үшін» медальдары және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Тілегенов Қоқан Зәкірияұлы

Инженер-жылу энергетигі. Еңбек ардагері. 1937 жылы 28 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы поселкесінде туған. Ленинград теміржол институтын бітірген (1960). Еңбек жолын 1965 жылы Никольский аудандық қазандық (котельный) цехының аға шеберлігінен бастады. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қызмет баспалдағым жоғары көтеріліп отырды, бас инженер, одан соң Никольский аудандық қазандығының бастығы болып тағайындалды. Қ.Тілегеновтың тікелей қатысуымен қазандықтың іске қосылуы мен оның жабдықтарының игерілуі орындалып отырды. Қоқан Зәкірияұлы басшылық еткен жылдарда Никольский аудандық қазандығын қайта құру және химсутазартқыштың (химводоочистка) қуатын ұлғайту, деаэраторлық-насостық бөлімдерді қайта құру жұмыстары жүзеге асты. 1979-1987 жылдары Оңтүстік-Батыс қазандығының бастығы болды. Құрметті демалыста болса да ЖезЖМҚБ (ДРМСУ) учаске бастығы болып жұмысын жалғастырып жүр. Халық депутаттары Никольский қалалық Кеңесінің депутаты болды. «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Юн Руслан Борисович

Тау-кен инженері. Техника ғылымының докторы (1996). Ғылым мен техника саласы бойынша Қазақ КСР Министрлер кабинеті сыйлығының лауреаты. 1953 жылы 3 маусымда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1975). Еңбек жолын №57 Шығыс Жезқазған кеніші жерасты учаскесінің ІҮ дәрежелі забойшы болып бастады. Тау-кен шебері, жерасты учаскесінің бастығы, бас инженер, №57 шахта бастығы, Шығыс Жезқазған кенішінің директоры (1975-1989) қызметтерін атқарды. «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ (НПО)-нің өндіріс жөніндегі директоры, вице-президент-директор, «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ның тау-кен жұмыстары жөнінегі вице-президенті (1993-1994), басқарушы директордың 1-ші орынбасары міндетін атқарушы, «Жезқазғантүстіметалл» АҚ техникалық директорының 1-ші орынбасары (1995-1997) болды. «Қазақмыс» корпорациясы 1-ші вице-президенті қызметінен құрметті демалысқа шықты. Қатайған қоспаның сынамасын сұрыптау мен енгізгені және шахтадағы толтырым техникалық процесін меңгергені үшін күміс медальмен марапатталған.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет