Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары


Бекмағанбетова Мәуя Бекмағанбетқызы



бет26/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44

Бекмағанбетова Мәуя Бекмағанбетқызы

Ақын. Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы. 1950 жылы Ұлытау ауданы Айыртау бөлімшесінде туған. Жезқазған медицина училищесін, Жезқазған педагогикалық институтын бітірген. Ақындар мүшайрасының жеңімпазы. «Кеңгір самалы» жыр жинағының, «Сәтбаев вальсі», «Жас қанат», «Байқоныр дауысы қалықта» патриоттық әндердің авторы. Мемлекеттік мейрамдарға арналған қалалық іс-шара қойылымдарының режиссері. Сәтбаев қаласы мәдени-ағарту училищесінде оқутушы (1976-1997), «Байқоңыр» кинотеатрының директоры (1997-2000) болды. 200 жылдан бастап Сәтбаев қаласы Оқушылар сарайының директоры. «Қазақстан конституциясына 10 жыл» медалі және Сәтбаев қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Лукьянова Людмила Игнатьевна

Оқытушы-тәлімгер. ҚР-сы білім беру ісінің үздігі. 1943 жылы 12 қарашада Шет ауданы Бұрма поселкесінде туған. Қарағанды педагогикалық институты тарих факультетін, Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімшесін бітірген. Еңбек жолын 1962 жылы Алматы педучилищесін бітіргенсін Бұрма сегіз жылдық мектебінде бастады. 1968 жылы Никольский поселкесіне келіп, №25 мектепте тарих және қоғамтану мұғалімі болып еңбек етті. 1978 жылдан партия-кеңестік жұмыстарда: нұсқаушы, партиялық ақпарат секторының мңгерушісі, Жезқазған облыстық партия комитеті цехтың партия ұйымының хатшысы болды. 1981-1988 жылдарда Никольский қалалық партия комитетінің хатшысы, идеологиялық жұмыспен шұғылданды. 1988 жылдың күзінен білім беру жүйесінде еңбек етеді. Халық депутаттары қалалық Кеңесінің ІҮ, Ү, ҮІ шақырылымдары депутаты болды.

Жоныстегі Нұртілеу Хамзаұлы


Тау-кен инженері. Еңбек ардегері. 1932 жылы 8 наурызда Ақтөбе облысы Ырғыз поселкесінде туған. Ленинград тау-кен институтын бітірген. Еңбек жолын 1954 жылы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты №42 шахтасында тау-кен шебері болып бастады. Тау-кен шеберінен ірі өнеркәсіп басшысына дейінгі жолдардан өтті: учаске бастығы, шахта бастығы, кеніш бас инженері (1955-1983), Жамбыл атындағы Ақшатау кен байыту комбинатына қарасты кеніш директоры (1984-1986), Оңтүстік Жезқазған кеніші өндіріс бөлімінің бастығы (1986-1996), ал 1997 жылдан құрметті демалысқа шыққанша Анненск кенішінің инженер-жобалаушысы қызметтерін атқарды. Халық депутаттары Жезқазған поселкелік және Сәтбаев қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды (1976-1979). «Қажырлы еңбегі үшін», «Озат еңбегі үшін» (1971) медальдары, «КСРО түсті металлургия социалистік жарысының озаты» (1972), «Социалистік жарыс жеңімпазы» (1973) белгілері және Қазақстан Компартиясы ОК құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақмыс» корпорациясы еңбек ардагерлерін қолдау қорының кеңесшесі. «Жезқазған кеніштері жағдайында қатпарлы конвейерлерді қолдану арқылы жекелеген шоғырларды қазымдау тәсілдеріне арналған қатпарлы конвейерлерді пайдалану технологиясы» атты ғылыми еңбектің авторы.



Ибаділдин Жұмамәди Ибаділдаұлы

Құрылыс инженері. Қоғам қайраткері. 1950 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1973). 1973-1997ж.- Жеқзаған облыстық ауылшаруашылығы басқармасының инженері, күрделі құрылыс басқармасының жобалау және құрылысты ұйымдастыру тобының жетекшісі болып еңбек етті. 1978-1984ж.- Жезқазған қалалық Атқару комитетінде күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, жоспарлау комиссиясының төрағасы, қалалық атқару комитеті жоспарлау комиссиясының төрағасы, қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 8 жылдан аса тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету облыстық органдарын басқарды. «Ұлытау» бірлескен кәсіпорнының басшысы болды. 1995 жылы Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. 1997 жылдың шілдесінен 1999 жылдың наурыз айына дейін негізгі міндетімен қоса Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарды, 2005 жылдан облыс әкімі кеңесшісі, мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттың алдың алу мен оны жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметінде. «Жер кіндігі Жезқазған – Еуразия жүрегі» кітапбының авторы (2004).

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет