Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет27/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44

Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы

Қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақ политехникалық институтын (1972), жоғарғы партия мектебін (1985), Алматы мемлекеттік институтын (1988) бітірген. Еңбек жолын 1972 жылы Жезқазған шахтапроходка тресінде тау-кен шебері болып бастады, трест комсомол комитетінің хатшысы, Никольский қалалық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, Жезді аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, халық депутаттарының Қаражал атқару комитеті қалалық Кеңесінің төрағасы, Жезқазған облыстық партия комитетінде партия жұмысын ұймдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1991 жылдан Жәйрем-Атасу СЭЗ-і әкімшілік кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласының әкімі қызметтерін атқарды. ҚР-сы Парламент мәжілісінің екі дүркін шақырылымының депутаты, ҚР Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары болды. 2005 жылдан Сенат төрағасыың орынбасары. «парасат», «Достық» ордендері мен «Астана» медалінің иегері.
Ли Геннадий Павлович

Тау-кен инженері-механик. 1949 жылы 12 маусымда Талдықорған облысы Үштөбе қаласында туған. Орта мектепті бітіргенсін Жезқазғанға келіп ЖМҚБ-на (РМСУ) жөндеуші болып орналасты. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1973). Орталық жобалау-зерттеу лабораториясы тау-кен механикалық бөлімінің конструкторы (1970-1973), Жезқазған тау-кен техникумының оқытушысы (1973-1975), нұсқау бөлімінің бастығы, жөндеу-механикалық цех бастығы (1975-1982), 1982-1990ж.-Никольский қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімі меңгерушісі, 1985 жылдың маусымында халық депутаттары қалалық Кеңесі атқару комитетінің 1-ші орынбасары болып сайланды. 1988-1990 жылдары қалалық халықтық бақылау комитетін басқарды. 1990 жылдан бастап қайтадан «Қазақмыс» корпорациясы жүйесінде істейді, тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының директоры болды, корпорация бас механигі, 2000 жылдан Қарағанды құю-механикалық зауытының директоры. Өнертабыстарға авторлық құқығы бар. Құрмет грамоталар, алғыс хаттармен марапатталған.
Сейтмағанбетов Қонақбай

Тау-кен инжнері. Еңбек ардагері. Облыс деңгейіндегі дербес зейнеткер. 1929 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын бітірген (1953). Еңбек жолын 1943 жылы бастады, 1947 жылға дейін Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек етті. 1953-1990 ж. – Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатында жұмыс істеді. Ауысым шеберінен Шығыс Жезқазған кеніші директорына дейінгі еңбек сатыларынан өтті. Учаске бастығы, №44 шахта инженерінің орынбасары, №31,32,42 шахталар бастығы, бас инженер, жаңадан ашылған Жәйрем кеніші директорының орынбасары, «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас маманы қызметтерін атқарды. Жезқазған облыстық комитеті Пленумының мүшесі, халық депутаттары Жезқазған поселкелік және қалалық Кеңесі депутаты болды. «Октябрь революциясы» ордені, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Ұлы Жеңістің 50 жылдығы» медальдарының иегері.
Досмағанбетов Әбдуәлі (1913-1999)

Еңбек ардагері. Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі. Қарсақпай ауданы ауыл мектептерінде мұғалім (1930-1937), Жезқазған посекесінде бастауыш сынып мұғалімі (1937-1945), Жезқазған поселкесіндегі №2 орта мектеп директоры (1945-1950) болды. Жезқазған халық депутаттары поселкелік Кеңесінің депутаты болды. «Қажырлы еңбегі үшін», «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін медальдарымен марапатталған».
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет