Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет32/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44

Сағидуллаев Аманбай

Еңбек ардагері. 1948 жылы 1 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Қасқақұлан поселкесінде туған. Қарағанды политехникалық институтын бітіргенсін жас маман ретінде Жезқазған шахтапроходка тресіне жіберілді. 1971 жылы №2 шахтапроходка басқармасында тау-кен шебері болып еңбек жолын бастады. Шахта бастығы, №2 басқарма кәсіподақ комитетінің төрағасы, трест басқарушысының орынбасары болды. 1998 жылы материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорнының директоры «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы директорының орынбасары болып тағайындалды. Халық депутаттары қалалық Кеңесі және Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Сергеев Юрий Анатольевич

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және еңбек ардагері. 1948 жылы 5 қазанда Ресей Федерациясы Пенза облысының Неверкинский ауданында туған. Жезқазған тау-кен техникумын бітірген (1975). Никольский поселкесіне 1963 жылы келді. 1967 жылы әскер қатарына шақырылды, одан келгенсін автомектепте практикалық жүргізуден нұсқаушы, «Отделстрой» құрылыс басқармасында электрик, Жезқазған тау-кен техникумында жүргізуші болып еңбек етті. 1971 жылы ісшкі істер органдары қызметіне өрт қадағалау инспекторы ретінде жұмысқа тұрды. 1975-1996ж. – Никольский өрттен қорғау гарнизоны бойынша өртпен күрес қызметінің 1-ші басшысы болды. Ішкі істер қызметінің кіші лейтенантынан подполковник шеніне дейінгі жолдан өтті. Жезқазған облыстық өрт қадағалау бөлімі бастығы қызметінен 1997 жылы отставкаға шықты. «Мінсіз қызметі үшін» медалінің толық (үш дәрежелі) иегері, «ІІМ-дегі (МВД) үздік еңбегі үшін», «КСРО ІІМ өрттен қорғау ісінің үздік қызметкеріне» төсбелгілерімен марапатталған. Есімі облыс ІІБ (УВД)-ның Құрмет тақтасына енгізілген.

Соборова Евгения Ивановна

КСРО денешынықтыру және спорт үздігі. Еңбек ардагері. 1942 жылы 1 желтоқсанда Қарағанды облысы Осакаровский ауданы Коллективный селосында туған. Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1965). Еңбек жолын Жезқазған поселкесіндегі №7 Қазақ орта мектебінде денешынықтыру мұғалімі болып бастады. Оқу ісінің меңгерушісі, Никольский қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (1975-1980), қалалық Кеңес атқару комитетінің денешынықтыру мен спорт комитетінің оқытушы (1980-1992), Сәтбаев қаласы білім бөлімінде бас маман (1992-2003), 2003 жылдан Сәтбаев қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Никольский қалалық Кеңесі екі дүркін шақырылымының депутаты. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі комитетінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Аппасова Райхан


Еңбек ардагері. Ленин орденінің иегері. Дербес зейнеткер. 1936 жылы 20 наурызда Ұлытау ауданы Қызыләскер колхозында туған. Еңбек жолын 1953 жылы Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты теміржол цехында жол қараушы болып бастады. 1954 жылы ЖТКМК электроцехына электроораушы жұмысына ауысты. Бірнеше рет қалалық, облыстық Кеңес депутаттығына сайланды, ЖТКМК кәсіподақ комитетінің мүшесі, Қазақстан әйелдер 1-ші съезінің делегаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты болды (1971-1975). Жоғарғы өндірістік көрсеткіштері және мінсіз атқарған еңбегі үшін 1961 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет