Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары



бет31/44
Дата31.01.2018
өлшемі3,86 Mb.
#37149
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

Мұңсызбаев Жайық Рамазнұлы

Энергетик. Еңбек ардагері. 1944 жылы туған. 1967 жылы Қазақ политехникалық институтын «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітіргенсін жолдамамен «Жезқазғангипротүстіметалл» жобалау институтында инженер болып еңбек жолын бастады. 1969-1975ж.-ЭЖК-да (ПЭС), содан кейін әртүрлі қызметтерде: Қазақ КСР мемлекеттік тау-кен бақылау басқармасының Жезқазған аймағы бойынша бас энергетик-бақылаушысы (инспектор), осы басқарманың облыстық бөлімі бастығы, Аненнск кенішінің бас энергетигі, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-ң ЭЖК (ПЭС) ӨБ-нің (ПО) бастығы болып еңбек етті.
Татреев Әли Асхабұлы

1956 жылы 12 қазанда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Шалқар селосында туған. Жезқазған құрылыс техникумын (1982), Алматы заң университетін (2003) бітірген. 1974-1976 жылдарда әскери борышын өтеді. Еңбек жолын Батыс Жезқазған кеніші №55 шахтасында үңгілеуші (проходчик) болып бастады. Талап совхоз-техникумында инженер-механик (1983-1986), Қарағанды аудандық мұнай құбыры басқармасында инженер (1987-1989), «Құрылыс» кооперативі төрағасы (1989-1991), «Аргонавт» ЖШС-нің бас директоры (1992-1999) болып еңбек етті. «Аргонавт» ЖШС директорлар Кеңесінің төрағасы. «ҚР-сы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
Асатов Садық Қасымұлы

Тау-кен инженері. Ұлытау ауданы Сарлық селосында туған. Қазақ тау-кен металлургиялық комбинатында ауысым шебері, учаске бастығы, Оңтүстік Жезқазған кенішінің бас инженері, Солтүстік және Батыс Жезқазған кеніштерінің директоры (1956-1976) болып еңбек етті. Жәйрем тау-кен металлургиялық комбинатының директоры болды. «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендері, медальдар және КСРО түсті металлургия Министрлігінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамоталарымен марапатталған. Бірнеше рет Кеңес Одағы Компартиясы мен Қазақтын компартиясының делегаты, кәсіподақ органдарының, поселкелік, қалалық және облыстық Кеңестер депутаты болып сайланды. Көптеген өнертабыстар мен ғылыми еңбектер, өлеңдер авторы. Жәйрем және Сәтбаев қалаларында Асатов есімімен көшелер бар.
Берденов Арғынбай Түсіпбекұлы

Еңбек ардагері. ҚР-ның еңбек сіңірген кеншісі. 1926 жылы 20 тамызда Ұлытау ауданының Малшыбай ауылында туған. 1942 жылы сегізжылдық мектепті бітіріп, 1944 жылға дейін Жезқазған мыс комбинатының ашық тау-кен жұмыстары басқармасында еңбек етті. 1944-1952ж.-Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1952 жылдан 1988 жылға дейін (құрметті демалысқа шыққанша) Батыс Жезқазған кенішінде жерасты жұмысшысы, «Покро» шахтасында инженерлік-техникалық қызметкер болып жұмыс жасады. Екі «Еңбек Қызыл Ту» ордені және медальдармен марапатталған. Оның есімі Қазақ КСР алтын құрмет кітабына енген.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет