Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының тау-кен кәсіпорындары



бет18/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,82 Mb.
#36706
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Сәтбаев байыту фабрикасының құрамына орта және майда ұнтақтау корпусы, майдалау және флотация секциялары, бас корпус, фильтрация және реагент дайындау корпусы кіреді. Бас корпусты Сәтбаев байыту фабрикасында осы кәсіпорынның басты құрылымы дейді. Кен майдалау кор-пусынан өткеннен кейін конвейер арқылы осы басты корпусқа келеді. Бұл жерде кен бірнеше технологиялық процестерден өтіп, байытылып, сосын концентрат шығарылады. Міне, осы өнім бұл жерден мыс қорыту заводына жіберіледі. Кеннің құрамындағы мысты адам қажетіне сай қалыпта шығару үшін өңдеп, байытып жатқан машиналардың сатыр-сұтыр жұмысы қайран қалдырады. Ал, сол машиналарды меңгеріп, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған байытушылардың да еңбегі ерлік қой. Өндіріс процесінде әр мамандықтың өз үлесі бар. Ешқайсысын да қосымша деп айта алмайсыз. Корпуста жұмыс атқаратын диірмен, конвейер машинистері де, флотаторшы-лар, аппаратшылар да, фильтровщиктер де, кран машинистері де, слесарьлар мен жүк тиейтін жұмысшылар да бір ортақ міндет – кенді өз деңгейінде байытып, концентрат шығару үшін тынбай еңбек етеді.

Озат байытушыларды атап айтатын болсақ, ұнтақтау корпусындағы Мұрат Өткелбаев, осы корпустың бас инженері Ақылбек Сартов, флотаторшы үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісінің иегері Гүлбану Жұмаділдинова, диірмен машинисі Эдуард Абдулаев, бас энергетик Сабырбек Ысқақов, концентрат сүзуші Қ.Шаймұханова, слесарь Сергей Совцов т.б. есімдері мақтанышпен айтылады.

Бүгінде байыту фабрикасында 442 адам еңбек етеді. Кәсіпорынның қызметін жақсарту, жұмысқа жаңа қабылданғандарды таңдаған мамандығына бейімдеу, олардың бойында кәсіби машықты қалыптастыру мақсатында тәлімгерлік жүйесі жақсы жолға қойылған. Кәсіпорында қауіпсіздік техникасы басты назарда ұсталады. Келешекте өндірістік буындар ға бейнекамералар орнату жоспарланып отыр. Бұл қауіпсіздік техникасын сақтауды қадағалауды жетілдірумен қатар, тәртіп пен реттілікті нығайтуға, ұрлық-қарлықты болдырмауға ықпал етеді деп күтілуде.

«Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің сертификатталған кәсіп-орны болып табылатын байыту фабрикасында экология мәселесіне де маңызды мән беріледі. Кен қоймасы, кен түсіру торабы, ұнтақтау қондырғылары, реагенттерді дайындау мен сақтау, өндірістік қалдық шаруа-шылығы қоршаған ортаға кері әсер тигізетін көздер болып табылады. Жыл сайын қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғат қорғау шараларының жоспары жасалады. Су, ауа және жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралардың орындалысын кәсіпорынның инженер-экологы қадағалайды. Кәсіпорынның төңірегі сәулеттендіріліп, көгалдандырылады. Әкімшілік-тұрмыстық корпусы мен негізгі цехтардың маңына тал-шыбықтар отырғызылған.

Әлібек Әбдіраш

«Мысты өңір»

Мәди Әлжаппаров

«Шарайна»

Сатпаевская обогатительная фабрика
В нашем городе горняков живут люди, труд которых не легче шахтерского. Коллектив обагатительной фабрики №3 г.Сатпаев продолжает дело добытчиков руды, доводя драгоценное сырье до приемлемого для плавления состояния. Чуть более четверти века назад институтом «Механобр» был выполнен технический проект строительства Сатпаевской обогатительной фабрики №3, предусматривающей переработку двух сортов руд: медно-свинцовой, и свинцово-цинковой. Запуск первой очереди этой фабрики, включающей комплекс среднего и мелкого дробления, главный корпус, секции измельчения и флотации, корпуса фильтрации и приготовления реагентов, был осуществлен в июне 1985 года первоначально на медной, а в 1986 году на медно-свинцовой руде.

Сатпаевская обогатительная фабрика состоит из четырех корпусов: среднего и мелкого дробления, главного корпуса, хвостового хозяйства и закладочного комплекса. И в каждом корпусе трудятся высококвалифицированные специалисты, знающие свое дело. На фабрике работают 460 человек и каждый из них – уникальная в своем роде личность. По инвестиционной программе корпорации «Казахмыс» ежегодно обновляется основное технологическое оборудование четырех производственных подразделений фабрики. Отличие сатпаевской фабрики от жезказганской в специфике обогащения. Там технология производства позволяет обогащать и окисленную руду. Сатпаевская фабрика принимает руду только рудниковскую с «хвостами» S. С близлежащего Анненского руд-ника проходит четыре подачи руды в смену.



Основное обогащение поставленного с рудника и измельченного сырья производится в отделении флотации. Метод обогащения основан на химических свойствах минералов. Каждый шаг производственного процесса находится не только под пристальным оком директора фабрики. Автоматизи-рованный забор проб – ведомство отдела технического контроля, благодаря работе экспресс-лаборатории результаты технологического процесса выда-ются моментально.

Сатпаевская обогатительная фабрика работает по трем международ-ным стандартам системы менеджмента качества. Это «Охрана здоровья и техника безопасности производства», «Экологический менеджмент» и «Качество выпускаемой продукции».



Усовершенствование – цель, которая шаг за шагом вела коллектив обогатительной фабрики №3 к сегодняшним и будущим достижениям. По сути это движущая сила, и закаляет она не только производство, но и людей с огоньком патриотизма в сердце.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет