Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Сәтбаев қаласының тау-кен кәсіпорындары



бет19/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,82 Mb.
#36706
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Елена Ручкина

«Шарайна»


Жезқазған шахтапроходка тресі
1966 жылы 30 наурызда Қазақ ССР Министрлер Советінің Қаулысымен №1 және №2 басқармалар негізінде Жезқазған шахтапроходка тресі құрылды. Трест кеніштердің жерасты объектілерін салып пайдалануға беретін бас мердігерлік ұйым болды және оның құрылуы басшылықтың бір қолға шоғырлануына мүмкіндік берді. Жаңа трестің құрамында шахта стволдарын салатын, проходка жүргізетін және жерасты жабдықтары мен коммуникацияларын монтаждайтын №3 шахта құрылысы басқармасы құрылды. Ғазиз Омаров басқарушы болып тағайындалған трест ұжымының алдында күрделі міндеттер тұрды. Олардың ішіндегі ең бірінші кезекте жүзе-ге асырылуы тиістілері №55 шахтаның жерасты кешенінің екінші кезектегі құрылысы мен №57 шахтаның жерасты жұмыстары. Енді бұл екі алыптың құрылыстарын трест өз күшімен атқаруға тиісті болды. Мұның сыртында да атқарылуға тиісті ауқымды жұмыстар жеткілікті болатын, ал жас ұжымның күші әлі аз еді. Бұған қоса трестің өзінің өндірістік базасының болмауы да жұмыста қиындық туғызды, қолбайлау болды. Сондай-ақ, материалдық-тех-никалық жабдықтау жағы да әлсіз-тін. Ал, мұның бәрі алғашқы жылдың жоспарының белгіленгеннен кем орындалуына әкеп соқты. Орын алған кемшіліктерді жою, өндірістік жоспарды орындау үшін жедел түрде шара қолдану қажет болды. Ол үшін бірінші кезекте тәжірибе жинақтау керек болды, ол үшін трест басшылығы басқа трестердің озық тәжірибелерін игеруге зор көңіл бөлді. Басқа да кезек күттірмейтін ұйымдастыру шараларыжүзеге асырылды. Солардың бірі – өндірістік учаскелерді, бригада-ларды басқару қабілеті жоғары, тәжірибелі мамандарға сеніп тапсырылды. №1, №2 шахта құрылысы басқармаларын басқару жас әрі білікті инженерлер С.К.Буталин мен А.К.Тутышевқа жүктелді.

Жан-жақты ізденістің нәтижесінде трестің жағдайы жылдан-жылға жақсара түсті. Ұжым жер астында жаңа техниканы тиімді пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырды, құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнын кемітіп, жұмысты пайдамен істеуге машықтанды. Шахта оқпандарын жедел проход-калаудың озық әдістері меңгеріле бастады. Ол үшін мамандар Одақтағы озық шахтапроходка кәсіпорындарында болып, тәжірибе алмасты. Донецкі-ден тәжірибелі проходкашылар шақырылды, олар өз тәжірибелерін жұмыс үстінде көрсету мүмкіндігіне ие болды. Тік оқпанды проходкалау жұмыстарында биіктігі 4 метрлік металл қалыптарын, оқпандық БПС-3 қауғалы КС-2у-40 тиеу машинасы игеріле бастады. Көлбеу проходкада өздігі-нен жүретін техника қолданылды. Ең алғашқы табыс 1967 жылы келді. Міне, содан төрт бесжылдық бойы трест ұжымы республика Түсті металлургия Министрлігінің және металлургия өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағы Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туы мен ақшалай сыйлықтарына ие болып, қолдан шығармады. Жезқазған шахтапроходкалау тресі 10-12 жыл уақыт ішінде Одақтық түсті металлургия саласындағы ірі, қуатты жерасты құрылыс-монтаж мекемесіне айналды.

Егер трест ұйымдаспай тұрған 1965 жылға дейін 168 мың текшеметр тау жынысы проходкаланып, 9 миллион сомның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, ал ол құрылғаннан бастап 1978 жылдың аяғына дейін 275 мың текшеметр тау жынысы проходкаланып, 18 миллион сомның құры-лыс-монтаж жұмысы атқарылды. Сөйтіп, небәрі он екі жылдың ішінде проходкалау жұмысының көрсеткіші екі есе артты. Осы жылдарда №№55,57,65 және Анненский шахталарын салу арқылы трест 64,2 миллион сомның құрылыс-монтаж жұмыстарын игерді.

№65 шахтаны салуда алғыр да, іскер басшы Қ.Ө.Аққошқаров басқаратын №3 басқарма ұжымы ұйымшылдықтың, іскерліктің өнеге болар-лықтай үлгісін көрсетті. Проходкалау жылдамдығы осы басқарманың учаске-лерінде ерекше қарқын алды және алып шахтаның мерзімінде іске қосылуына айрықша үлес қосты. И.Поздняков пен Г.Панкратов басқарған бригадалар шахта ұңғысын проходкалауда Одақтық түсті металлургия тари-хында ең жоғары рекордтық көрсеткіш орнатты. Б.Айбеков, Я.Заяц, А.Маханов, Н.Шайконың проходкашылар бригадалары да осы кезде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, көпшілікке кеңінен танымал болған ұжымдар.

№3 басқарма ұжымы құрылған күннен бастап 31 тік шахта оқпанын өтті. Олардың ең саяз жері 200 метр болса, ең тереңі - 760 метрге дейін жете-тін еді. Бұл жұмыстарда инженерлер С.Есенбаев, Е.Жабағынов, В.Кириллов, В.Ким, А.Татағұлов, Б.Тісенов, В.Синицын және тағы басқалар шебер ұйым-дастырушылық қабілеттерін көрсетті. Олардың басқаруымен жүргізілген Анненский, №65,67, Ақши-Спасский шахталарының тік оқпандарында атқа-рылған жұмыстар ауқымы өте кең болатын.

Сәтбаев қаласының өндірістік алаңында шоғырланған кәсіпорындар арасында көш бастаушыларының бірі де осы – шахтапроходка тресі. Шахта құрылысшыларының ширақ қимылы «Қазақмыс» корпорациясының шикізат базасын нығайтуға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет