Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


 ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

5 ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
5.1 Жалпы талаптар 
 
5.1.1 Адамдардың қызмет етуіне жеткілікті табиғи және жасанды жарықтандыру 
атқарылатын жұмыстардың жоғары сапалылығын, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, еңбек 
жағдайларын жақсартып өнімділігін арттырады, салдарынан, жұмыс жасаушылардың 
психологиялық күйіне әсер етеді. 
Жұмыс орындарын жарықтандыру сапасы көру жағдайы мен бағаланады да мына 
жағдайлармен сипатталады: 
- үнемі жарықтандырылумен; 
- кереғарлықтың болмауы; 
- бетті және қоршаған кеңістікті жарықтандырудың жеткілікті және біркелкі 
таралған жарықтыктың болуы; 
- көзді шағылдырмау; 


ҚР ҚН 2.04-01-2011 

- жарық түсетін беттерде айқын және терең көлеңкелердің болмауы. 
5.1.2 Кәсіпорындарда, 
кеңселерде, 
кабинеттерде, 
тұрғын 
және 
қоғамдық 
ғимараттарда, өндірістік учаскелерде және басқа нысандарда оларды орналастыру 
қағидаты бойынша баолық жарықтандыру жүйелері табиғи, аралас және жасанды болып 
бөлінеді. 
5.1.3 Табиғи жарықтандыру жарық беру ойықтары арқылы жүзеге асырылу керек, 
және бүйірлі, жоғарғы немесе қиыстырылған болуы мүмкін. Бүйірлі жарықтандырылу 
терезелер арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғысы – әр түрлі пішінді және көлемді жарық 
шамдары арқылы, аражабындарда орналастырылатын иллюминаторлар арқылы. 
Қиыстырылған(аралас)- терезелер мен шамдар арқылы. 
Қиыстырылған жарықтандыру табиғи жарығы жеткіліксіз орынжайларда 
қолданылады да жасанды жарық көздерімен толықтырылады. 
Жасанды жарықтандыру табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болғанда немесе 
тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен бірге табиғи жарығы жоқ жерлерде орналастырылу 
керек. 
5.1.4 Жұмыс орнындағы жарықтың жеткіліксіздігі адам денсаулығына кері әсерін 
тигізеді, шаршап-шалдығу ұлғаяды, еңбек өнімділігі төмендейді, жарақат алу жиілеп, 
ауырлығы көбейеді. Жақсы жарықтандырылған көшелерде жол-көліктік оқиғалар саны 
өзге де тең жағдайлардағы жарықтандырылмаған көшелермен салыстырғанда 30% -ға аз. 
Жеткіліксіз жарықтандыру сығырлық пен пресбиопияның өршуіне түрткі болады, 
ағзаның қолайсыз құбылыстардың әсеріне төзімділігін төмендетеді. 
5.1.5 Орынжайлардың 
жарықтандырылуының нормаланатын мәндері табиғи 
жарықтандырылу еселендіргішімен сипатталады (ТЖЕ), ол пайыз түрінде көрсетіледі де 
нормативтік құжаттарда ТЖЕ кез келген жарық көздері үшін жұмыс бетіндегі орташа 
жарықтандырылу үшін келтіріледі.жұмыс орындарының минимальды жарықтандырылуы 
нормаланатын жарықтандырылудан 10% артық төмен болмау керек.
5. 1.6 Тұрғын, қоғамдық және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттардың орынжайларының 
жарықтандырылуына талап етілетін (ТЖЕ, нормаланатын жарықтық, цилиндрлі жарықтық
дискомфорттың біріктірілген көрсеткіші және жарықтандырылу толықсымасының 
еселендіргіші)нормаланатын еселендіргіштердің мәндерін нормативтерге сәйкес қабылдау 
керек. 
5.1.7 Табиғи, жасанды және қиыстырылған жарықтандыруды жобалаған кезде
пайдалану барысында жарықтықтың төмендеуінің орнын толтыру үшін (компенсация) қор 
еселендіргішін енгізу керек 
K
з
,. 
5.1.8 Орынжайлардың инсоляциясы мен күннен қорғалуына қойылатын талаптар 
ұлттық санитарлық-гигиеналық нормаларға сай орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет