II Т А Р А У
БІЗДЕ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?
БІЗДІҢ ПРОБЛЕМ АЛ АР
Е і з өзіміздің энергиямызды басқаларға жұмсаймыз.
Кімнің не кигеніне, қандай автокөлік мінгеніне, барлыгына
назар аударамыз, салыстырамыз. Оған қоса, эрбіреуіміздің
бір болса да, «проблемный» досымыз бар. Оның мэселе-
лерін шешіп, әңгімесін тыңдап, өз уақытымызды аламыз.
Бізге мүлде эсер етпейтін
нэрселерге уақытымзды жұм-
сауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданыеқа жарамайды
ғой
деп сын айтамыз, эліпби өзгерсе, басымызды ауыр-
тып эліпби ойлап табамыз. Сен эсер
ете алмайтын нэрсеге
бекерден күш жұмсап, эуре болудың қажеті жоқ, ой гкені
нэтижесін бэрібір өзгерте алмайсың.
Бірде белгілі блоггер Ержан
Рашевтіц Instagram-дагы
махаббат туралы жазылған, бірақ «мен қазақ-атеистпін..»
деп басталатын постына лайк бастым. Сол кезде бір жігіт
маған direct-ке «Қуаныш ага,
мен аттеистпін деген адамға
қалай лайк басасыз?» деп сұрады. Сонда адамдар «біреу
атеист екен», «неге оған лайк басады» деп қанша күш жұм-
сайды. Біз өз күшімізді болмайтын, өзіміз эсер ете алмай
тын нэрсеге зая кетіретінімізді тағы бір мэрте еске салғым
келеді. Бір қисса есіме түсті: баяғыда бір адам «әлемді өз-
гертемін» деген екен. Әлемді
өзгерте алмағаннан кейін,
22