53
оларды ұшалардан шешкеннен соң 3 сағатан кешікпей өткізу қажет. Мұндай
шектеулі уақыт ішінде терілерді үлкен қашықтықтарға тасымалдауға
үлгермейді. Терілерді булы күйінде ет комбинаты
мен былғары өндіретін
кәсіпорын бірі – біріне жақын орналасқанда ғана өткізеді. Сондықтанда
терілерді булы күйінде өткізу кең қолданыс тапқан жоқ. Жағымды шарттарда
(өткізу – қабылдау кәсіпорындарының арасындағы қашықтық үлкен
болмаған жағдайда және олардың жұмысы үйлесімді болғанда) терілердің
шектеулі түрде консервілеуді (қысқа мерзімді сақтау үшін) жүзеге асырады.
Терілердің негізгі массасын ұзақ мерзімді сақтау мақсатында консервілейді.
Булы терілерді былғары өндірісі кәсіпорындарына
өткізу немесе
консервілеуге дайындауды терілерді санитарлы өңдеу деп те атайды. Ол
келесі операцияларды қамтиды: навалды (навалды терілерден) жою, терінің
мездра жағынан ет және тері асты клетчатканы жою (мездрение),жуу,
контурлау, сұрыптау, бұның ішінде олардың
массасы немесе ауданын
анықтау (ұсақ мал терісі үшін). Терілерді булы күйінде өткізу кезінде оларды
қосымша комплектілейді және бірден былғары өдіру кәсіпорындарына
тасымалдап, жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: