32
Қарын бөлімдерінің орналасуы. Ересек жануарларда мес қарын көлемі
жағынан бірінші орында. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысын толығымен
алып жатады. Мес қарын 6-шы қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас
қуысының кіреберісіне дейін созылып жатады. Оның
қабырғалық, беті -
facies parietalis
- сол жақ кұрсақ қабырғасымен, ал ішкі
висцеральды беті
-
facies visceralis
- ішектерімен жанасады.
Мес қарыннын
дорсальды иіні -
curvatura dorsalis - диафрагма мен бел бұлшықеттеріне байламдармен
байланады, ал
вентральды иіні
- curvatura ventralis - құрсақ қуысының
венртальды қабырғасымен жанасады.
Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында семсерше өсінді үстінде
орналасады. Ол 6 -7-ші қабырғааралық тұста жоғарғы жағынан бауыр мен
қатпаршақпен, ал оң жағынан бауыр және диафрагмамен жанасады.
Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында жа-тады.
Оның
сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыр, төменгі
бетінде ұлтабар орналасады.
Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орна-ласқан.
Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген
пилорикалық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12-ші қабырғааралық
тұсқа
дейін көтеріліп, сәл ғана алға қарай бұрылады да, 9-11-ші
кабырғааралық тұста он екі елі ішекке өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен,
сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында
ішектер жатады.
Мес қарын (рубец) - rumen - дорсальды және вентральды
Достарыңызбен бөлісу: