28
Өңештің ет қабығы жұтқыншақтан басталған бойда көлденең жолақты ет
тканінен құралады. Бірақ ол өңеш қарынға жақындаған сайын бірыңғай салалы
ет тканіне ауысады. Өңештің ет қабығының құрылысы оны түзуші ет
тканіне
сәйкес не, ет талшықтары немесе ет клеткасы будаларының орналасуына
байланысты күрделі болып келеді. Бұл қабықта ет будалары әр түрлі бағытта:
сақинаша, қиғаш, ұзынша (сыртқы) және көлденең (ішкі) қабаттарды түзеді. Ет
қабығы
жұткыншақ
жігінен
және
көмекейдің
ожауша,
сақинаша
шеміршектерінен басталады.
Өңештің сыртқы қабығы, оның мойын
бөлігінде адвентициямен
(борпылдақ дәнекер тканьмен), ал көкірек және құрсақ қуыстарда сірілі қабықпен
қапталған.
Ерекшеліктері.
Жылқының
өңешінде кілегей бөлетін бездер оның тек
жұтқыншақпен шекаралас алдыңғы бөлігінде ғана болады. Ет қабығында
көлденең жолақты ет тканінің бірыңғай салалы ет
тканіне ауысуы өңештің
жүректен кейінгі аумағында ғана байқалады. Диафрагманың өңеш тесігі 12
қабырға тұсында орналасады.
Күйіс қайтаратын жануарлар
өңештерінде бездер олардың тек
басталар ұштарындағы қабырғаларында ғана кездеседі.
Шошқада
бездер өңештің мойын бөлігінде орналасады. Ет қабығының
соңғы бөлімдері бірыңғай салалы ет тканінен түзілген.
Қарын.
Қарын (желудок) — ventriculus (s. gaster) — ас
қорыту
түтігінің қапшық тәрізді кеңейген бөлігі, Қарын негізінен сөл бөлу,
механикалық (азықты қозғау,
араластыру, сығу), қорыту (күрделі
органикалық заттарды — белоктарды ыдырату), сіңіру, зат алмасу өнімдерін
шығару (экскреция) қызметін атқарады.
Бөлімдерінің санына байланысты қарын бірбөлімді және көпбөлімді
болып екі топқа бөлінеді. Ал, ол ішкі кілегейлі қабығының құрылысына
қарай өңеш (безсіз), ішек (безді) жөне аралас немесе өңеш-ішек (безсіз-безді)
типтес болып үш топқа бөлінеді (1-сурет).
Бірбөлімді қарын. Бірбөлімді қарындар жануарларда құрсақ қуысында
диафрагмадан кейін көлдеңінен орналасады.
Қарынның сол жақ ұшына
өңештің қарынға
кіреберіс тесігі—
ostium cardiacum
— ашылады. Сондықтан
қарынның сол жақ бөлігін қарынның кіреберісі — cardia — деп атайды. Ал,
оның оң ұшындағы он екі елі ішекке шығаберіс жерін
пилорикалык бөлік
(қақпаша — pylorus) дейді. Бұл бөлік он екі елі ішекке
пилорикалык, тесік—
ostium cardiacum — арқылы жалғасады. Қарынның көкет (диафрагма)
жағындағы алдыңғы
қабырғалық, беті—
facies parietalis —
бауыр мен
диафрагмаға, ал артқы іштік (висцеральды) беті — facies visceralis — аш ішек
ілмектеріне жанасып, жатады.
29
Сурет -2 Карын бездерінің орналасу схемасы.
А-ит: Б-жылқы; В-шошқа; Г-сиыр. 1-өңеш; 2-кардиальды бөлік; 3-
қарынның үлкен иіні; 4-қарынның кіші иіні; 5-пилорикалық бөлік; 6-қарын
денесі; 7-қарын қалташасы; 8-қарынның тұйық қапшығы; 9-қарынның безсіз
бөлігі; 10-кардинальды бездер; 11-қарын түбі бездері; 12-пилорикалық
бездер.
Осы аталған алдыңғы және артқы қарын беттері бір-бірімен оның үстіңгі
және астыңғы жиектерінде тоғысып, қарынның ү
лкен
және
кіші иіндерін
-
curvatura ventriculi majus et minus - түзеді. Бұл
иіндер қарынның кіреберіс
кардиальды бөлігінен шығаберіс қақпашасына дейін созылып жатады. Қарынның
үлкен иіні - каудо-вентральды, ал кіші иіні - краниодорсальды,
бағытта
орналасады. Қарынның үлкен иін тұсындағы орталық бөлігі
- қарын тубі
- fundns
ventriculi - деп аталынады.
Ішек типтес безді қарын
Достарыңызбен бөлісу: