Релаксация. Қошақаным әні 1-шумақ.
Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
Қол ұстасып айту
Ұйымдастыру
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Қымбатты оқушылар, ата-аналар бүгінгі «Ақылдылар» атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Міне, бүгін өздерінің ақылды, шебер, алғыр екенін, өз бетінше жұмыс жасай алатынын, еркін сөйлей алатынын көрсеткісі келіп отырған 4 «А» сынып оқушылары ортада отыр.
Олар: І топ «Алғырлар»
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
ІІ топ «Тапқырлар»
Сәлемдесу:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым
III топ «Білімділер»
Білімділер біздерміз
Білімге біз құштармыз!
Қарсыластан қорықпай
Ылғи алда боламыз!!!
Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы –ата-аналар. Бүгінгі білімділер сайысы 1, 2, 3, 4 ,5,6,7бөлімдерден тұрады.. Берілген сұрақтың жауабын таба алмаса, 2-ші, 3-ші топ жауап беріп ұпай санын өз қоржындарына сала алады. Сұрақтың жауабын тек алдарыңыздығы белгімен дыбыс шығару арқылы білдіресіздер.Сайыс Математика пәні бойынша болмақ.
Олай болса, 1 бөлімі яғни ширату мақсатында берілген. Олай болса экранға назар аударайық. Шашылған буынна сөз құрау.
а)
Математика-ғылымдардың патшасы.
Достарыңызбен бөлісу: |