Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет70/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Басқарудың демократиялық стилі директордан өзінің орынбасарларына міндеттерді дұрыс бөле білуді талап етеді жəне маңызды шешімдерді қою мен қабылдауда ұжымның пікірімен санасуды; қызметкерлермен кеңесуді, қызметкерлерді басқару ісіне тартуды, жəне олардың бастамаларын қолдауды талап етеді. Б53 асқарудың демократиялық стилі басшы мен оның орынбасарларының, басшы мен бағыныштыларының арасындағы өкілеттілікті, бастамалар мен жауапкершіліктерді бөлумен
сипатталады. ұндай басқару стилінде басшының мүмкіндігі кеңейеді,
орынбасарлардың жауапкершілігі көтеріледі,оқу-тəрбие үдерісін жүзеге асыруға бүкіл ұжым қатысады. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға əр ұжым мүшесі жауапкершілікті сезінеді. Осылай ұжым арасында бір-біріне талап ету күшейеді, осының негізінде жұмысшылар арасында өзара көмек пайда болады, ұжымда адамдар арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Кейбір директорлер негізгі назарын мектептің сыртқы дамуына (құрылыс, жабдықтау) құжаттармен жұмысқа көп назар аударады, ал оқу- тəрбие үдерісіне, əсіресе өндірістік оқыту мен сыныптан тыс жұмыстарға көп мəн бермейді. Олар
ұжымда өтіп жатқан терең өзгерістерді білмейді, дер кезінде жұмысшыларға көмектеспейді, мектептің жұмыс жағдайын, оның əлеуметтік- экономикалық əлеуетін ескермей, жоғардағылардың бұйрығы негізінде шешімдер қабылдайды. Мұнымен бір мезгілде директордың мектептің ішіндегі жұмыстарға шектен тыс көңіл бөлуі, көмекке ұмтылуы персоналдың бастамасын дамытуға кері əсерін тигізеді. Кез – келген, тіпті шамалы деңгейде субъективизмнің көрінуі, басшының ойланбай айтқан сөзі мен ісі, асығыс қабылданған шешім, барлық жұмыс үрдісіне жəне нəтижесіне кері əсер етеді. Егер басшы шешімді дайындап, оны орындауды атқарушылардан үзілді – кесілді талап етсе, жаңа шешім бұрынғы шешімнің нəтижесін ескермей қабылданса, онда ұжымдағы психологиялық ахуал нашарлап, оқу орнының қызметіне зиян келтіреді. Жұмысты жақсарту бойынша, сонымен қатар ұжым мен оның мүшелерінің өмірінің сан алуан қырларына қатысты маңызды шешімдер қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып дайындалуы қажет. Оны қабылдауға жəне жүзеге асыруға күні бұрын дайындалу керек. Осы жағдайда ғана ұжым мүшелері əкімшіліктің шешімін қолдап, оны саналы, жауапкершілікпен орындайды. Оқу-тəрбие үрдісін жоғары əдістемелік деңгейде ұйымдастыру үшін директор жұмыстың формалары мен əдістерін мектептің перспективалық міндеттерін басшылыққа ала отырып анықтауы қажет. Үнемі жаңа озық əдістерді зерттеп, оқу -тəрбие үдерісіне кең түрде енгізуге əр оқу орнының басшысы міндетті. Басшы үнемі ұжым өмірінен толық хабардар болып, оның мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс жасап, қызметкерлердің пікірлерімен есептесу керек. Бірақ жұмыстың мəніне терең бойлай отыра басшы өзі айналысуға тура келетін бірінші кезектегі жұмыстарды бөле білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет