Кəсіби желілікқауымдастықұғымы,мəні,маңызы. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер педагогтардың қызметін жаңа бағытта құруды талап етуде. Мұғалімнің белсендіділігі мен көшбасшылығын қалыптастыру үшін өзінің кəсіби ізденісі, шығармашылығымен қатар басқа педагогтардың іс-тəжірибесімен бөлісу, олардан қажетті əдістемелік қолдауды алу, серіктестік құру, бірігіп ортақ мақсатқа сай əрекет ету іс қимылдары арқылы кəсіби дамуды жетілдіруге болады. Кəсіби қоғамдастықты дамыту бүгінгі күнде халықаралық қолдауға ие болып отыр. Педагогтардың кəсіби қызмет сапаларын дамыту үшін мұғалімдер бірлесуі қажет. Бұндай бірлесулер қазіргі білім беру үрдістерінде тек мұғалімдер арасында ғана емесе, мектептер арасындағы «Кəсіби қауымдастық» жұмыстары негізінде маңыз алуда. Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған
құжатта «білім алушылар қоғамдастығына: «Оқушылар жоғары нəтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру жəне мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе əріптестер»- деп анықтама береді. [48,47] ҚР педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасында: білім алушылардың кəсіби қоғамдастығы- мектеп қызметкерлерінен, оқушылардан жəне ата- аналардан тұратын жалпы мектептік педагогикалық қоғамдастық, оның мақсаты тығыз өзара əрекеттестік пен ынтымақтастық орнату арқылы өздерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіру болып табылады. Қоғамдастықтықұружолдары:мақсат пен бағыт (Республикалық
«Педагогикалық шеберлік орталығы» арқылы), ынтымақтастықты дамыту жəне кəсіби қызығушылықты арттыру (адамдарды біріктіру, келіссөз жүргізу, сөйлесу), қарым-қатынастар жəне іс-шаралар (топтардың жұмысы), көшбасшылық мəдениетаралық алмасу құралы ретінде.[49,32]
Мұғалімдердіңжелілікқауымдастығы-мұғалімдердің Интернет желісі арқылы кəсіби қоғамдастыққа бірігуі. Мектептердің кəсіби желілік қауымдастығы оқытуда жоғары нəтижеге жету үшін бірнеше мектептер мен мұғалімдер арасында оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жоспарлап, жүргізіп оған талдау жасау мақсатында бірігетін мектептер мен мұғалімдер тобының жұмысын қарастырады. Желілік қауымдастықтар мектеп, аудан, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылады. Желілік қауымдастықтардың негізгі идеясы білімнің құндылықтарын жоғары бағалайтын жаңашыл педагогтарды қалыптастыру болып табылады. Желілік қауымдастық виртуалды немесе ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Ол мұғалімдердің кəсіби мəселелерді біріге отырып шешуін, өздерін жетілдіріп жəне кəсіби өсуі барысында өзара байланысты қамтамасыз етеді. Кəсіби желілік қауымдастық жұмысының арнайы үлгісі болмайды. Қазіргі уақытта кəсіби желілілк қауымдастық жұмысының көшбасшылары
«Педагогикалық шеберлік орталықтарынан» оқып біліктіліктерін (түрлі деңгейдегі) арттырған мұғалімдер болып отыр. Арнайы оқу бағдарламасынан өткен мұғалімдер қауымдастықтағы басқа əріптестеріне ашық сабақтар («Ашық сабақтар апталығы») ұйымдастырып, тəжірибесімен бөліседі, оқытудың 7 модулі бойынша оқыту үрдісін ұйымдастыру тəжірибелерімен алмасады, пікіралмасуға негізделген коучинг-сессиялар өткізу негізінде коллаборативтік орта құрылады. Нəтижесінде желілік қауымдастық ішінде бірлесе отырып құрылған ереже, ұстанымдарға байланысты жұмыс мақсатты, жоспарлы түрде жүргізіледі. Қауымдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы ақпараттарды саралау, қауымдастық қызметінің аясы мен көлемін, мақсатын белгілеу, басты рөлдерді анықтау, өсуді, жетілуді анықтайды. Қауымдастық құрамына: мектеп əкімшілігі, деңгейлік бағдарламаны (І, ІІ, ІІІ) бітірген мұғалімдер, оқушылар, мұғалімдер кіреді.
Қауымдастық мүшелері «бірлескен зерттеу» арқылы білім алады, сол арқылы қазіргі теориялар мен зерттеулер жайлы біліп, өз мамандығы
бойынша жаңа ақпарат жинайды, жинақталған ақпаратқа талдау жүргізеді, соның нəтижесінде болашақта тəжірибенің қай бағыттарын дамыту керектігін анықтайды. Бірлескен зерттеуді əртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізеді жəне ол бүкіл кəсіби қауымдастық жұмысы болып табылады. Қауымдастықтағы мұғалімдердің негізгі мінез-құлқы: өзара түсінушілік, ынтымақтастық, сенімділік жəне сəтті серіктестік қағидаттарына негізделеді. Педагогтердің желілік қауымдастықтары шекара мен қашықтықты білмейді, əріптестер ортақ мақсатқа сай міндеттерді арнайы кездеспей-ақ, пошта, басқа да электрондық тасымалдау құралдары арқылы шешетін болады.Форум мен чаттар арқылы бір-бірімен пікір алмасып, орта қысқа мерзімді жоспарларын, өткізген сабақтарының сурет пен бейнежазбаларын қауымдастық бетіне жариялап, пайдалы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік алады. Қауымдастық құруда ескерілетін талаптар: қауымдастық құратын орта, көбінесе қауымдастықтар бір жерде орналасқан мектептерде біріктіріледі, мектептердің ортақ мақсаттары мен ортақ талаптары; өзара сенімділіктің болуы; тəжірибені өзгерту мақсатында ынтымақтастық орнаған мектеп желісін құру;қауымдастық ішінде кəсіби оқытуды жоспарлау; Желілікқауымдастықжоспарыныңүлгі- нұсқасы Қауымдастық атауы:
Қауымдастық құрамындағы мұғалімдер санаттары
Қауымдастық мақсаттары
Қауымдастықты басқару жəне жетекшілік ету
Қауымдастықтың жұмысы жоспарланған уақыт аралығы
Қауымдастық сызбасы:
құрылымы
қамту
қауымдастық мүшелері
кездесулерді өткізу
байланыстар
топтың негізгі мақсаты-қызметті сипаттау
Желілік қауымдастықтың жоспары:
Мақсаты
Міндеттері
Ережесі
Күтілетін нəтиже
Қауымдастықта жұмыс істеу қағидаттары
Нұсқа-үлгі:
№
кезеңдер
шаралар
жауаптылар
уақыты
ақпараттық ресурстар
Кəсіби желілік қауымдастық құрудың маңыздылығы:
Біріншіден, əр педагог өз санасында өзгерістер жасауы тиіс, ол деген өзінің педагогикалық қызметінің маңыздылығын, ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, қоғам алдындағы парызын сезінуі, санамен түсінуі.
Екіншіден, инновацияға жақын болу, мұғалімнің саналы ойлануы шығармашылық ізденіс пен белсенділікке əкеледі. Өз қызметін жаңа бағытта, жаңа талаптарға сай құруға бағыттайды.
Үшіншіден, оқу-тəрбие үрдісін жетілдіруге байланысты əріптестермен бірігу. Өзара іс тəжірибе алмасу, орын алатын мəселелерді бірігіп (алқалық) шешу, біріккен шараларды ұйымдастыру т.б.
Төртіншіден, кəсіби даму кеңістігін кеңейту. Білім берудің басқа жүйелерімен байланыста болу, белсенді интеракцияны дамыту.
Бесіншіден, мұғалімдердің зерттеулерді белсенді жүргізуі, басқа мектептердің мұғалімдерінің тəжірибесіне жұмыс нəтижелеріне қызығушылық танытуы арқылы олар өздерінің кəсіби зияткерлік өсуін жетілідіріп, тəуекелге баруға дайын болады.
Алтыншыдан, қауымдастықты құруға басшылық тарапынан қолдау көрсетіп, жағдай жасалса оның жұмысы табысты болады.
Жетіншіден, кəсіби қауымдастық жергілікті қажеттіліктер мен басымдылықтарды біріктіреді.
Сегізіншіден, кəсіби қауымдастық мүшелері өздері білім алып, алған білімдерімен басқа жергілікті кəсіби қауымдастықтармен бөліседі.
Тоғызыншыдан, жергілікті билік органдары қауымдастық қызметіне қолдау көрсетеді.
Оныншыдан, кəсіби қауымдастық мұғалімдердің өзара оқуына, ынтымақтасуға, инновациялар енгізуге, зерттеу нəтижелерін жұмыс барысында қолдануға ықпал етеді.
Кəсіби қауымдастық жаңа идеялар мен тəжірибелерді шоғарландырады; Қауымдастық жұмысындағы жобалар шағын командалардың көшбасшылары ретінде көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере алады. Кəсіби қоғамдастық басшылары мен мектеп директорлары үйлестіруді жəне жауапкершілікті кəсіби қоғамдастыққа кіретін барлық мектептердің бірқатар адамдарына жүктеп, олар қосқан үлестерінің құнын бағалауға тиіс.
Сонымен, мұғалімдердің желілік қауымдастығысыртқы ортамен өзара əрекеттесу арқылы кəсіби дамуды, хат алмасу, кездесу, пікіраламасу, келісу негізінде бірлескен шараларды өткізу арқылы ортақ мақсатқа біріккен жалпы мұғалімдердің бірлестігі, өзгерткіштік əлеуеті бар ұйымдастырушылық нысан.