Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Өзара əрекеттесу əдістері



бет80/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Өзара əрекеттесу əдістері. Кəсіби қоғамдастық жұмысы жоспарға сай мақсатты əрекет етеді. Оның ішіндегі оқыту бүкіл қатысушы-мектептердің атынан өткізіледі. Жұмыс топтары білімді оқып, меңгерген жағдайда оның нəтижелерімен басқа мектептермен бөлісуге тиіс, сол арқылы екіншілер де осы дағдылар мен білімнен пайда алатын болады. [33,52] Кəсіби қауымдастықтар бірлесіп жұмыс істеу жəне ғылыми қызмет арқылы адамдардың білім алуына мүмкіндік жасайды, оқуға ынталандырады. Əрекеттесудің мынадай əдістері бар:

  1. Бірлескен зерттеу топтары. Қазіргі заман мұғалімдерден кəсіби білімді ұдайы дамытып отыруды талап етуде. Осы бағытта мұғалім өз жұмысын мынадай екі бағытта реттей алады: сабақты бірлесіп жоспарлау жəне өзара сабаққа қатысу. Оларды қамтитын құрал- сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) əдісі. Lesson

Study- мұғалімдер тəжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тəсіл. [50,66] Бұл əдіс бойынша сабақты зерттеуге жоспарлау, оқыту, бақылау, талдау, қорытындылау, тұжырымдау, құжаттауды бірлесе жүргізетін мұғалімдер (4-6 мұғалім) тобы қатысады. Сабаққа қатысқандар зерттеу мəселесі аясында оқушылардың сабақтағы əрекеттерін, сабаққа қатысын бақылайды, сабақ нəтижелері бойынша əңгімелеседі, оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындайды, бірлесе отырып сабақты талқылағанда осыларды негіз етіп алып, келесі сабақтарды жақсартуға əрекет жасайды
А. Əлімов Lesson Study тобы жұмысының қадамдарын ұсынады: І. Сабаққа дейін. 1) Lesson Study тобын құру.

  1. мақсатын, күтілетін нəтижелерді айқындау.

  2. таңдалған проблема ауқымында коучинг жүргізіп мəселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау.

  3. сабақты бірлесе жоспарлау.

  4. қолданылатын құралдарды таңдау.

  5. оқушылардан алған сұхбат негізінде сабақ жоспарына өзгертулер енгізу ІІ. Сабақ кезінде. Lesson Study сабағы. а) оқушыларды бақылау.

ІІІ. Сабақтан кейін.

  1. Оқушылардан сабақтан кейін сұхбат алу.

  2. Сабақты талқылау, сабақ жоспарына өзгерістер енгізу, сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындау. [54,117-119]

Мұғалімдер тобы сабақты зерттеудің жүйелі барысын өткізгеннен кейін (кемінде 3 сабақ) педагогикалық əдіс-тəсілдерді өзгертіп, жетілдіріп нəтижесінде ашық сабақтар, таныстырылым өткізу, желілік арналар, баспа беттеріне аталған сабақтарды жариялау арқылы мұғалімдер тəжірибесін басқа əріптестеріне таратады. Lesson Study əдісі арқылы мұғалімдер тобы болып мəселені анықтау, коучинг (рефлексиялық диалог) арқылы ол мəселені шешу жолдарын табу, бірлесіп жоспарлау, өзара сабаққа қатысу, қатысқан сабаққа талдау жасау, жетістік, кемшіліктерді анықтау, ұсыныс білдіру, сабақ жоспарын жақсарту жүзеге асырылады. Осылай мұғалімдердің сабақ беру əдістемесі үнемі жаңартылып жəне əр мұғалім кəсіби тұрғыда өзін-өзі дамыту, жетілдіруді əр сабақ сайын үздіксіз жүзеге асырып отырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет