Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет82/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Тренинг (ағылшын тілінен аударғанда train, traininq- «тəрбие, оқыту, дайындау, жаттығу»)- жұмыстарды ұйымдастыру жəне өткізу технологиясы. Тренер – тренингті жүргізуші адам, ол нағыз «жаттықтырушы», өйткені ол əріптестерге кəсіби білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Тренер – əрі оқытушы, əрі бапкер ,əрі психолог аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы тиіс. Себебі ол семинар- тренингке қатысушы əрбір педагогтың талап-тілегі мен қажеттіліктерін танып отыруы тиіс. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі.Семинар- тренинг – бұл тренинг əдісі педагогтарға жаңа ақпаратты, жаңа білімді, біліктілікті игертудің тиімді түрі, ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді. Семинар-тренинг барысында педагогтар жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды («семинар») əрі практикалық
жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады
(«тренинг»).
Тренингті ұйымдастыру кезеңдері:тренингтің мақсатын айқындау, бұл ретте алға қоятын мақсаттарды SMART өлшемдеріне (критерийлеріне) сəйкес айқындаудың маңызы зор. Мысалы, тренинг өткізу арқылы педагогқа оқу үрдісін реттеудегі қалыптастырушы бағалау машықтарын үйрету; тренингтің міндеттерін белгілеу, мақсатты айқындаған соң, тренер сол мақсатқа жету жолындағы нақты міндеттерді белгілейді. Олар: тренинг өтетін жерді белгілеу, тренингке қатысушыларды іріктеу, ресурстарды айқындау, тренингті өткізу, рефлексия жүргізу;тренингтің кіріспе бөлімі, қатысушылармен танысып, тренинг ережелері бекітіледі, күтілетін нəтижелерді айқындайды; тренинг барысы, тренингтік жаттығулардың жүргізілуі. мысалы, «Тыңдаушы жұптар» ,«Қағаздарды жинақтау»,
«Менің күшті жақтарым» жаттығуы, «Кеден» жаттығуы,«Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы,.«Біздің ұйымшыл топ» жаттығулары т.б.; рефлексия.
Семинар-тренинг барысында кейбір интерактивті тəсілдер: «миға шабуыл», пікір алмасу, шағын топтардағы жұмыс, ойындар қолданылады. Тренинг əр педагогтың өзін, өз мүмкіндігін көрсете алуына, өз ойын толық жеткізе білуге, басқа əріптестерін түсінуіне жəне бірлесе отырып ортақ мəселені шешуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет