Кəсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар- кəсіби желілік қауымдастықтағы мұғалімдердің өзара тəжірибе алмасу, біліктерін жетілдіру бағытындағы біріккен жұмыс шаралары. Ол шаралар қауымдастық жоспарына сай жүргізіліп, нəтижелері арнайы желілерде тəжірибелік ұсыным негізінде таратылады. Бірлескен іс-шараларға: сауалнамалар, бірлескен оқу күндері, коучинг, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, басқа мектептермен желілік байланысқа шығу, интернет-конференция ұйымдастыру,əдістемелік дидактикалық əзірлемелер сайыстар т.б.жатады.
Желілік қауымдастықта өткізілетін бірлескен шаралар əріптестердің өзара сеніміне, мəселелермен бөлісуге, басқалардың пікірімен келісуге, бірігіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кəсіби кеңес, кəсіби көмек алуға, өзіне сенуге, кəсіби өсуіне ықпал етеді.
Жоспар бойынша басқа мектептерге жұмыспен бару, оқыту мақсатындағы сапарлар.
Қауымдастық жоспарына сай белгіленген іс шараларды жүзеге асыруда өзара тəжірибе алмасу, біріккен тəжірибелерді жүргізу, өзара оқыту мақсатында əріптестер өзара əрекеттеседі. Мұғалімдер басқа мектептегі пəн мұғалімдерімен өз білім деңгейін салыстырады, іздену жұмыстарымен шұғылданады, өзара білім алуға, тəжірибені бірлікте қарауға, өзара ақпарат алмасуға қол жеткізді жəне шешілмей келе жатқан мəселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға, кəсіби деңгейін зерделеуге үйренеді. Оның негізгі көріністері: семинар-практикумдар. Семинар арқылы мəселенің теориялық мəні талқыланса, практикум барысында оны тəжірибеде қалай шешу немесе қолдану жолдары көрсетіледі.
Бірлескен тренингтер мен тəлімгерлік (менторинг).
Тəлімгерлік, ағылшынша «mentoring»- ұзақ уақытқа созылатын, тəлімгерлер (тəжірибелі педагог) мен тəліп (тəжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі.[50, 67] Менторинг үдерісінің негізгі мақсаты - тəлім алушыны кəсіби даму жолында өз бетінше жəне асқан жауапкершілікпен өзіне жүктелген кəсіби міндеттерді орындай алатын деңгейге жеткізу. [55,40] Тəлімгерлік арқылы педагог өзінің білімі, іс –тəжірибесін, ойлауын жетілдіреді, əріптестерге жүйелі қолдау жасалады.Тəлім алушылармен менторингтер өткізіледі.Тəлімгерлік екі адамның арасында оқу қатынасын құруға жəне түйінді дағыдыларды дамытуға бағытталған. Тəлімгер мұғалімге мəселелерді анықтауға, одан шығу жолдарын бірігіп іздестіруге, мақсат қоюға, оған жету жолдарын іздестіруге, жоспарлауға жəне оқыту үрдісін ұйымдастыруға байланысты белсенді тыңдай білу, сұрақ қою, топтармен жұмысты ұйымдастыру, оқыту əдістерін оңтайлы қолдану, қарым-қатынасқа түсе алуға көмектеседі, кеңес береді, бағыттайды. Тəлімгерлік мынадай жүйе бойынша жүргізіледі: мұғалім (тəліп) оқушыларды оқыту мақсатын анықтайды, қалыптастырушы деректер жинақтайды, бақылау барысы бойынша оқу стратегияларын қолдану мүмкіндігін, оқушылардың реакцияларын, кері байланыс сұрақтарын қарастырады, кері байланыс пен келесі əрекеттерді жоспарлайды. Тəлімгерлік тəжірибе мұғалімге жоспарлы түрде көмектесіп, кəсіби дамуына бағдарлайтын, оның педагогикалық өсуіне ықпал ететін үрдіс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |