Сызба 1.Сыртқы білім стейкхолдері
орта кəсіптік
техникалық білім беру ұйымдары
жоғары оқу орындары
мемлекет қоғамдық ұйымдар
БАҚ
білім беру ұйымдары
жергілікті басқару органдары
Сыртқы білім стейкхолдері
еңбекпен қамту агентіктері
қамқоршылық кеңес
кезең –өзекті ақпаратты жинау. Бұл кезең білім беру ұйымына қатысты стейкхолдерлер тобының үміттері мен мүдделерін бекіту жəне бағалау арқылы сипатталады. Өзекті ақпаратты жинақтау үшін дəстүрлі зерттеу əдістері қолданылады: сауалнамалар, сұрақ-жауап, мазмұнды талдау, сараптамалық баға беру əдісі т.б.
кезең – стейкхолдерлермен болашақты бірігіп əрекет ету мақсатын айқындау. Бұл кезеңде стейкхолдерді маңыздылығына, қажеттілік сипаттарына қарай бағытын анықтайды.
кезең –стейкхолдерлер топтарымен жұмыстың күшті жəне əлсіз жақтарын анықтау. Бұл кезеңде нені күшейту керектігін, стейкхолдерлермен өзара байланыс нені өзгертуді талап ететінін анықтауды қарастырады.
кезең –стейкхолдерлемен (мүдделі тараптармен) өзара əрекеттесу стратегиясын таңдау. Бұл кезеңде стейкхолдермен ұзақ мерзімді байланыс бағыттары анықталады.
кезең –стейкхолдермен қатынастарды басқару стратегиясының тиімділігін бағалау жəне енгізу. Бұл кезеңде мүдделі тараптардың əрбір тобына қанағаттану дəрежесі бақыланады жəне алынған нəтижелерге негізделген түзету шаралары жүйесі əзірленеді.[52]
Сыртқы білім стейкхолдерлерімен өзара əрекеттесу түрлері:кəсіби желілік қауымдастық құру; серіктестік қызмет; коммуникациялар арналарының жүйесі; кездесулер, жиналыстар, келіссөздер; қоғамдық тыңдаулар; бірлескен жұмыс топтары; форумдарға, конференцияларға, педагогикалық көрмелерге қатысу; БАҚ- пен өзара іс-қимыл жасау; сарапшылар қауымдастығына мүше болу; біріккен іс шараларды ұйымдастыру; т.б.
«Педагогтің кəсіби стандартының» (2016) «Педагог. Бастауыш сынып мұғалімінің» кəсіп карточкасында «Еңбек қызметі: ...кəсіби қоғамдастықпен жəне білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара əрекеттесуді жүзеге асырады, өз бетімен білімнің стейкхолдерін біріктіретін инновациялық ойларға бастамашылық етеді» деп көрсетілген. [53] Сонымен тиімді стейкхолдер-менеджменттің болуы білім беру ұйымының шығынды оңтайландыруға, беделі мен бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің сұрауларына сəйкес талап етілетін жəне сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |