Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



бет87/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Lesson Study- мұғалімдер тəжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тəсіл.
Мақсаттық индикаторлар- бірнеше мақсаттар көрсеткіші.
Маркетинг- ұйымға пайда əкелетіндей етіп қызмет көрсету, тұтынушыларға өнімді немесе қызметті құру жəне тарату, олардың өзара қарым-қатынасын басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық қызмет.
Миссия- ұйымның ұзақ уақытқа мақсат қою тұжырымдамасы.
Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда, to manage, management – басқару, manager- басқарушы, басшы,латын тілінен аударғанда manus-қол)- тиімді, шебер басқару.
Мектеп директоры –ҚР «Білім туралы» Заңы мен оның жарғысына сəйкес білім беру ұйымы ретіндегі мектепті басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
Мониторинг - қоршаған орта мен қоғамдағы құбылыстар мен үрдістерді үнемі, бірізді қадағалау жəне кешенді бақылау жүйесі.
Мотивация - əрекетке ынталандыру, адамның мінез-құлқын басқаратын, оның бағытын, ұйымдастырылуын, қызметі мен тұрақтылығын белгілейтін психофизиологиялық процесс;
Мұғалімдердің желілік қауымдастығы- мұғалімдердің Интернет желісі арқылы кəсіби қоғамдастыққа бірігуі.
Сандық (цифрлық) басқару- цифрлық нысанда деректерді пайдаланатын құрылғы жүзеге асыратын процессорды автоматтандырылған басқару.
Сапа менеджменті– бұл өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсарту, жоспарлау, мақсаттарды белгілеу, қамтамасыз ету, бақылауға бағытталған қызмет жəне ұйымның сенімді, үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ететін басқарудың өзара байланысты жəне бағыттаушы іс əрекеті.
Стейкхолдер (ағылш. stákeholder), ұйымның немесе жүйенің жоспары жетістігіне мүдделі тарап деген сөз, яғни жүйенің қажеттіліктері мен күтілетін нəтижелерін қанағаттандыратын, сол жүйеге қатысты үлеске, құқыққа, талаптарға ие ұйым қызметіне мақсатты түрде ықпал ете алатын адам немесе ұйым, команда.
SWOT – талдау - бұл ұйымның ішкі жəне сыртқы орта факторларын анықтау жəне оларды төрт санатқа (күшті, əлсіздік жақтарын,
мүмкіндіктерін, қауіп-қатерді анықтау) бөлу болып табылатын стратегиялық жоспарлау əдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет