Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


Делегирлеу - белгілі бір ұйымдық мақсаттарға қол жеткізу үшін басшылардың функцияларын басқа басшыларға немесе қызметкерлерге беру процесі. Диагностика-



бет86/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

Делегирлеу - белгілі бір ұйымдық мақсаттарға қол жеткізу үшін басшылардың функцияларын басқа басшыларға немесе қызметкерлерге беру процесі.
Диагностика- (грекше diagnostikos - тануға қабілетті) - мақсатты зерттеуде, алынған нəтижелерді түсіндіріп, қорытынды (диагноз) түрінде жалпылама сипаттайтын адамның қасиеттерін, сипаттамаларын жəне жай- күйін тану жəне бағалау үдерісі. Диагностика адам қызметінің басқа бағыттарын бағалау үшін қолданылады.
Жоспарлау– белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды тиімді бөлу, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар кешені тізбесі, ұжым мүшелерінің жалпы мақсаттарға жету үшін күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді.
Инновация - нарық талап ететін процестердің немесе өнімдердің, жүйенің тиімділігін сапалы арттыруды қамтамасыз ететін жаңашылдықты енгізу.
Консенсус - шешімдер қабылдау кезінде қақтығыстарды шешу əдісі, егер мүдделі тараптардың басым көпшілігіне негізгі қарсылық болмаса ортақ, біріккен келісімге келу.
Коучинг (ағылш.coaching)– тəлім ету, дайындау, жаттықтыру, коучтың (бағыттаушы адам, тəлімгер) көмегі арқылы кəсіби мақсаттарға қол жеткізуді жүзеге асыратын тренинг əдісі, ашық сұрақтарға негізделген диалог.
Коммуникация- ақпараттың субьектіден субьектіге берілуі.
Көшбасшы (ағылш «leader» – жүргізуші, бірінші, алдыға жүруші) – команданың немесе топтың беделді, белсенді мүшесі, ол топтық мақсатқа жетуді анықтап, ұйымдастыратын, өзі алдыда жүретін жəне басқаларды артына ерте білетін адам.
Көшбасшылық - тиімді басшылықтың маңызды компоненті, басқарудың əртүрлі көздерін неғұрлым тиімді үйлестіруге негізделген жəне ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдарды ынталандыруға бағытталған басқарудың ерекше түрі.
Құзіреттілік- білім, түсінік, іскерлік пен қабілеттің интеграциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет