Білім беруді басқару саласының менеджерінің көшбасшылық құзыреттіліктері:
Когнитивтіқұзыреттіліктер-басқару саласында білім беру мекемесінің дамуы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Қызметқұзыреттілігі-жаңашылдықты тəжірибелік қызметте қолдану жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Əлеуметтікқұзыреттілік-білім беру мекемесін басқаруға қатыстылық ұстанымын жүзеге асыру менбілім беру мекемесінің ашықтығы жайлы білім мен дағдыларды қамтиды. Интербелсендіқұзыреттіліктер-білім беру қызметі саласы субьектілерінің өзара іс қимылын ұйымдастыруда білім мен дағдыларды қамтиды. [34] Т. М. Баймолдаев құзыреттіліктің көп деңгейлі иерархиялық моделін: интегративті құзыреттілік, эмоционалды, перцептивті, концептуалды, мінез-құлық құзыреттілік деңгейлерін ұсынады. [1,26]
Білім беру саласы менеджерінің көшбасшылық сапалары :өзіне деген сенім; эмоционалды тұрақтылық, өзін-өзі ұстай алу, өзін басқару; стреске қарсы тұра білу; басымдылық таныту, қызметкерлерге ықпал ете алу; шығармашылық , мəселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу, шешуде жауапкершілікті мойнына алу, тəуелсіз болу; жоғары зияткерлік сапалардың
болуы; мақсатқа жетуге тырысушылық; тəуекелдерге бара алу қабілеті; тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігі, сенімділігі, шыншылдығы, уəдеде тұра алу; жағдайларға байланысты мінез-құлқын өзгерте алуға икемді болу; қарым-қатынасқа тез түсе алу, көпшілдігі; инновациялық үрдістердегі белсенділігі; педагогикалық үрдіске қатысушыларды көшбасшылыққа бастай алу қабілеті; өз қызметінің қоғамдық мəнін түсіну («басшы+педагог»);