21- сурет. Кәдімгі қарағай (Ріпиs silvеstrіs) қылқаның анатомиялық құрылысы
1 - бір қабатты гиподермасы бар эпидермис; 2 - смола жолдары; 3 устьице, 4- қатпарлы паренхима; 5- эндодерма және өткізгіш шоқ; тапетум; 7 - механикалық талшық; 8- трансфузионды паренхима.
Устьиценің түйістіргіш клеткалары эпидерма деңгейінен төмен, көміле орналасқан. Эпидерманың астында әртүрлі қатарлы, су қорын
74
жинақтаушы, нағыз тургорлық жағдайда механикалық қызмет атқаратын гиподерма клеткалары орналасады. Қылқан жапырақтың ассимиляциялық мезофилін, бірыңғай пішінді қатпарлы паренхима клеткалары түзеді. Қатпарлы деп аталуы, әрбір жеке клеткалардың оның ішкі қуысына қарай жіңішке, ұсақ бүртиген өскіндер өседі де, оның нәтижесінде ассимиляциялық ауданы артады. Сыртқы қабатта қатпарлы мезофилге көміле шайыр жолдары орналасқан.
Міне бұл құрамдар эпидерма мен орталық шеңбер сыртын қоршаған крахмалды қынапша (эндодерма) ортасындағы аралықта орналасқан. Орталық шеңберде өзара склеренхималық жіңішке "белдемемен" қосылған екі талшықты өткізгіш шоқ және шеңбер түзе трансфузиялық паренхима орналасқан.
Қарағай қылқанының ішкі құрылысының суретін салып, белгілеңіз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Жапырақтың атқаратын қызметі қандай?
2. Жапырақтың морфологиялық белгілері (пішіні, жапырақ шеті, жүйкеленуі) қандай?
3. Жай және күрделі жапырақтардың түрлері қандай?
4. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер жапырақтарының анатомиялық құрылысы қандай?
5. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырақтарының анатомиялық құрылысы қандай?
6. Ашықтұқымды өсімдіктер жапырақтарының анатомиялық құрылысы қандай?
ӨРКЕННІҢ ТҮР ӨЗГЕРІСТЕРІ
Жұмыс мақсаты: Жерүсті және жерасты өркен метаморфоздарымен
танысу.
Тапсырма.
1. Гербарий арқылы жерүсті өркендерінің түр өзгерістерін оқын-үйрену.
2. Картоп түйнегін алып, жерүсті өркен - столон және түйнектің метаморфоз құрылысын оқып-үйрену.
3. Басты пияздың (Аllіum сера) пиязшығын алып, оның құрылысын оқып-үйрену.
Тапсырмаға түсініктеме:
75
Өркен метаморфозы деп өркен тұр өзгерістерін айтады. Олар вегетативті көбеюге қатысуы мүмкін, қор заттарын жинайды, қорғаныш қызметін атқарады. Өркеннің жерасты өзгерістеріне: тамырсабақ (ландыш, бидайық), түйнек (картоп, жер алмұрты), пиязшық (пияз, жауқазын, лалагүлі), түйнек-пиязшық (шпажник, шафран), столон (картоп) жатады.
Тамырсабақтың қойнаулық бүршіктерінен жерүсті өркендері немесе оның жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы тамыр оймақшасы болмайды. Тамырсабақ моноподийлі және симподийлі бұтақтанады.
Түйнек - сабағы өте қатты жуандаған, қабыршақты және бүршікті өркен. Вегетативтік көбею және қор жинау қызметін атқарады.
Пиязшық-сағағы ықшамдалып, қысқарған, түбіршекке бөлінген, түрлене өзгерген жерасты, шырынды, етженді қабыршақты жапырақтар. Сыртқы қабыршақтары құрғақ, қорғаныш қызметін атқарады. Түбіршектің төбелік бүршігінен өркен, оның түбірінен қосалқы тамырлар дамиды. Пиязшық вегетативті көбеюге қатысады.
Өркеннің жерүсті озгерістеріне тікенек, мұртшалар, столондар, кладодий, филлокладий жатады.
Мұртша және жер үсті столондар -тамырсабақ және кәдімгі жер үсті өркендерінің арасындағы аралық формалары. Олардың төменгі жапырақтары мен қосалқы тамырлары болмайды.
Кладодий- жасыл жапырақ тәрізді, жалпақ, өзгерген сабақ.
Филлокладий-әсуі шекті, жаиырақ тәрізді жалпайған өркен.
1-тапсырма. Гербарий арқылы жерүсті өркендерінің тұр өзгерістерін оқып-үйрену.
Жұмыстың орындалу барысы:
Гербарий арқылы жерүсті өркендерінін түр өзгерістерін мұрт (бүлдірген), тікенек (бөріқарақат, жабайы алма), мұртша (аскабақ, қияр) қараңыз . Олардың қызметінін әртүрлілігіне назар аударып, схема түрінде суреттерін салыңыз және қасына өсімдіктердің атауы мен метаморфоздарын жазыңыз.
2-тапсырма. Картоп түйнегін алып, жерүсті өркен - столон және түйнектің метаморфоз құрылысын оқып-үйрену.
Жұмыстың орындалу барысы: Түйнек түссіз столонның жуандауы ретінде, ал түйнектегі көзшелер - жетілмеген жапырақтар қойнауында орналасқан бүршіктер. Картоп түйнегін кесіп, лупа арқылы құрылысын қараңыз.
76
Сыртынан түйнек ашық-қоңыр түсті перидермамен, оның астында қабық сақинасы орналасқан. Қабыққа өткізгіш шоқтар жанасады. Оның ортасында крахмал жиналған қор жинаушы паренхималар орналасқан. Сулы, қою түсті ортаңғы бөлімі -өзек. Картоп түйнегінің көлденең кесіндісінің суретін салыңыз.
3-тапсырма. Басты иияздың пиязшығын алып, оның құрылысын оқып-үйрену.
Жұмыстың орындалу барысы: Пиязшықты көлденең кесіп, түбіртегіне, шырынды және құрғақ қабыршақтарына, шырынды қабыршақ қойнауындағы бастамаларына көңіл аударыңыз. Ниязшықтың көлденең кесіндісінің суретін салыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Өркен метаморфозы дегеніміз не?
2. Өркеннің қандай жерүсті өзгерістері бар?
3. Өркеннің қандай жерасты өзгерістері бар?
77
ҮІ ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҰРПАҚ ШЫҒАРУЫ, КӨБЕЮІ
ЖӘНЕ ДАМУЫ
Көбею - өсімдіктер түрлері санының артуы. Көбею процесі жыныссыз және жынысты болып бөлінеді. Вегетативтік мүшелер және споралар арқылы көбеюді жыныссыз көбею деп атайды.
Жыныссыз көбею дегеніміз - өсімдік денесінен бөлінген бір клеткадан немесе клеткалар тобынан жаңа өсімдіктердің пайда болуы.
Вегетативтік кобеюдің ерекшеліктері - мұнда ұрпақтар аналық өсімдіктің барлық белгілерін, қасиеттерін толық сақтайды.
Споралы көбеюдің ерекшеліктері - бір өсімдік мыңдаған және жүз мыңдаған споралар бере алады, сондықтан өсімдіктер тез көбейеді.
Барлық жана индивидтер аналық өсімдіктердің белгілерін және қасиеттерін қайталайды да, ұрпақтары біркелкі болады. Жыныссыз көбеюде аналық өсімдіктердің белгілері толық сақталады.
Жыныс клеткалары - гаметалар арқылы кобеюдін түрі жынысты көбею деп аталады.
Спора даму барысында гаплоидты жынысты ұрпақ -гаметофитке бастама береді. Гаметофитте гаметангийлер дамиды да, оңда гаметалар жетіледі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің аналық жыныс мүшесі -архегоний деп аталады, онда аналық гамета- жұмыртқа клсткасы жетіледі.
Аталық жыныс мүшесі- антеридий деп аталады, онда аталық гамета- сперматозоидтар пісіп-жетіледі. Тұқымды өсімдіктерде аталық гаметалар спермия болады. Сперматозоид немесе спермия жұмыртқа клеткасымен қосылып, диплоидты зигота пайда болады. Одан дишюидты жыныссыз ұрпақ - спорофит дамиды. Спорофиттің арнай мүшесі спорангий деп аталады. Онда споралар жетіледі. Сиорангия ішіндегі спорогендік ұлпалар - археспория туындысы болып спораның аналық клеткасы табылады.
78
МҮКТЕРДІҢ ДАМУ ЦИКЛІ
Жұмыс максаты: Мүктердің даму циклімен танысу.
Тапсырма.
1. Көкек зығырының (Роіуtrісһum соmmune) гаметофит және спорофитгерінін қүрылысымен танысу.
2. Жапырақ- сабақты мүктер көкек зығырының (Роіуtrісһum соmmune) даму циклімен танысу және схемасын құру.
Қажетті материалдар мен құралдар: көкек зығырының (Роіуігісһит соттипе) даму циклі көрсетілген кесте, көкек зығырының гербариі, көкек зығыры қорапшасының дайын препараты, микроскоп,
Тапсырмаға түсініктеме. Мүктердің даму циклінде гаметофит (жынысты ұрпақ) жәнс спорофитті (жыныссыз ұрпақ) ажыратады.
Жоғары сатыдағы басқа өсімдіктерден айырмашылығы гаметофит басым, спорофит гаметофитте дамиды да спора түзілгеннен соң өледі.
Мүктердің гаметофиті- көпжылдық өсімдік, онда жұмыртқа клеткасы бар архегоний және сперматозоидтары бар антеридий жетіледі.
Спорофитте жасыл жапырақтар болмайды, ол қорапніа түріңде болады. Гаметофит пен спорофиттің хромосома саны жағынан айырмашылығы бар. Гаметофит клеткасының ядросы гаплоидты, спорофит диплоидты.
Жапырақты- сабақты мүктерге жататын көкек зығырының (Роіуtrісһum соmmune) даму циклін қарастырамыз.
Көкек зығыры (Роіуtrісһum соmmune) - екі үйлі есімдік (сурет 22 А). Аталығында сабақшаның жоғарғы жағында қызғылт жапырақтар дамиды. Көктемде өркен ұшында антеридий түзіледі. Аналық өсімдіктерде архегоний жоғарғы жасыл жапырақтардың арасында дамиды. Ұрықтану процесінен кейін аналық өсімдікте қалпақшамен жабылған қорапшасы бар жапырақсыз сабақ-спорогоний жетіледі (сурет 22 Б). Қорапша 4-6 қырлы призма тәріздес. Қорапшаның төменгі бөлімі - апофиз, денесі және қалпақшасы анық көрінеді. Денесінің ортасында бағана болады, ол жоғарғы жағынан нәзік қабықша - эпифрағмаға айналады. Одан соң, тісшелер жиынтығы - перистом орналасады. Қорапша қуысында спорангий болады, онда археснора мейоз жолымен бөлініп, гаплоидты спораларға бастама береді. Споралар сыртқа шашылып, одан жасыл өскін- протонема өседі, оның біреуінен мүктін тек аталық өсімдігі, екіншісінен - тек аналық өсімдіктері дамиды.
79
1-тапсырма. Көкек зығырының (Роіуtrісһum соmmune) гаметофит және спорофиттерінің құрылысымен танысу.
Жұмыстын орындалу барысы. Көкек зығырының гербариінен аналығын және аталығын қарап, суретін салыңыз, айырмашылықтарын көрсетіңіз. Көкек зығырының корапшасының дайын препаратын қараңыз. Қорапшаның қалпақшасын, эпифрагма, перистом, бағана, қуысындағы спорангийді, апофизді және перистом тісшелерін көрсетіңіз. Суретін салып, түсініктемелерін жазыңыз.
2-тапсырма. Жанырақ- сабақты мүктер көкек зығырының (Роіуtrісһum соmmune) даму циклімен танысу және схемасын құру.
Жұмыстың орындалу барысы. Мүктердің даму циклін талдап, схемасын сызыныз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Көбею процесі дегеніміз не?
2. Жыныссыз және жынысты көбеюдің ерекшеліктері қандай?
3. Аталық жыныс клеткасы қайда жетіледі?
4. Аналық жыныс клеткасы қайда жетіледі?
5. Гаметофиттің спорофиттен айырмашылығы қандай?
6. Мүктердің даму циклінде қандай ұрпақ басым болады?
80
22- сурет. Көкек зығыры. А- еркеннің сыртқы құрылысы (сол жақта аналығы, оң жақта - аталығы); Б- Спорогоний қорапшасы: 1 қалпақша; 2- эпифрагма; 3-перистом; 4- бағана; 5- спорангий; 6 - апофиз.
81
ПАПОРОТНИКТЕРДІҢ ДАМУ ЦИКЛІ
Жұмыс мақсаты: Папоротниктердің даму циклімен танысу.
Тапсырма.
1. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау.
2. Папоротниктердің даму циклімен танысу және схемасын құру.
Қажетті материалдар мен құралдар: Еркек усасырдың (Drуорtеrіs fіlіх mаs) даму циклі көрсетілген кесте, еркек усасыр гербариі, лупа.
Тапсырмаға түсініктеме: ІІапоротниктер көпжылдық өсімдіктер. Папоротниктердің барлық түрлері спорофит болып табылады. Жапырақтың төменгі жағында спорангиясы бар сорустар орналасады. Әрбір спорангийде спора түзіледі де, жаздың соңында пісіп- жетіледі.
Ылғалды топырақта спорадан ұсақ, жүрекше тәріздес 2-3 см-ге дейін жасыл өсімдік- ризоидтары бар өскін өседі. Өскіннің төменгі беткейінде архегоний және антеридий дамиды. Сонымен, өскін гаметофит болып саналады. Ұрықтанғаннан соң, зиготадан жаңа папоротник, яғни спорофит дамиды.
Папоротниктер ұрпақ алмасуында спорофиті басым, гаметофиті әлсіз дамыған өсімдіктер болып табылады.
1-тапсырма. Папоротниктердің спорофитінің құрылысын қарау. Жұмыстың орындалу барысы: Папоротниктердің гербариінен, жапырақтың астыңғы жағында орналасқан сорустарды қарап, жапырақта орналасуының суретін салыңыз.
2-тапсырма. Папоротниктердің даму циклімен танысу және схемасын құру.
Жұмыстың орындалу барысы: Паиоротииктердін даму циклін талдап, схемасын сызыңыз. Мүктердің даму циклімен салыстырыңыз.
БАҚЫЛАУ СҮРАҚТАРЫ:
1. Папоротниктердің даму циклінде қандай ұрпақ басым болады?
2. Спорофиттің гаметофиттен қандай айырмашылықтары бар?
3. Папоротниктердің даму циклінде мүктердің даму циклінен қандай айырмашылықтары бар?
82
Достарыңызбен бөлісу: |