Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы


СҮРЕКТІ ӨСІМДІКТЕР САБАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛ



бет8/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

СҮРЕКТІ ӨСІМДІКТЕР САБАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыс мақсаты: Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық

құрылысының ерекшеліктерімен танысу.



Тапсырма.

1. Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысын қарау. Қажетті құралдар мен материалдар: Шәйқурай тобылгы (Sріrаеа һуреriсіfоlіа L.) сабағының фиксацияланған материалдары, микроскоп, заттық және лсабындық әйнектер, су, фильтр қағазы, ұстара. Тапсырмаға түсініктеме: Сүректі өсімдіктер сабағы құрылысының негізгі ерекшеліктері орталық шеңбердің жекелеген түтікті шоқтарға жіктелмеуі, сүректің жылдық сақинасын түзе отырып, камбийдін жыл сайын қызметі, перидерманың қалыптасуы және кеп жылдардан соң жаңа жабындық ұлпа қыртыстың пайда болуы.

65

Сүректі өсімдіктердің көпжылдық сабақтарының құрылысында орталықтан периферияға қарай үш аймақты бөле өзек, сүректің жылдық сақиналары, қабық, ол перидермамен, кәрі ағаштарда қыртыспен қайталған.



Сүрек және өзек арасында камбий болады. Көктемде камбий белсенді қызмет жасап, соңғы ксилема мен соңғы флоэманың элементтерін түзеді. Күзде оның қызметі баяулайды. Бұтақтың алғашқы жылында эпидерма перидермамен алмасады да, кейінірек қыртыс пайда болады.

Ағаштың діңінде сүрек жақсы дамыған. Онда өткізгіш элементтер (түтіктер және трахеид) мен паренхимадан басқа, либриформ талшығы болады. Сүрек клеткаларының қабырғасы лигнинденіп, беріктік қасиет береді.



Жұмыстың орындалу барысы: Шойқурай тобылғы (Sріrаеа һурсrісіfоlіа L.) өсімдігі сабағынан ұстара көмегімен көлденең кесінділер жасап, заттық шыныдағы тамшы суға салып, бетін жабын әйнекпен жабыңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз.

Сабағының көлденең кесіндісінде перидерма, алғашқы қабық орталық шеңбер байқалады (сурет 16). Перидерманың сыртқы жағында бір қатар эпидермис клеткалары орналасқан.

Алғашқы қабық паренхималық клеткалардан тұрады. Камбийдің қызметіне байланысты соңғы ксилема және соңғы флоэма пайда болған, өзекті сәуле аралығында ксилема түтіктері орналаскан.

Өзекті сәуле кеңейген. Өзек маңайында перимедулярлы аймақ бар. Өзек паренхималары көп қырлы, клетка қабықшалары қалыпдаған, ішінде қорлық заттар кездеседі.



Сабақтың көлденең кесіндісінің суретін схема түрінде салып, құрылысын белгілеңіз.

66


16-сурет. Шәйқурай тобылғы өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысы: 1- перидерма, 2-алғашқы қабық, 3-орталық шеңбер,4-өзекті сәулелер, 5- ксилема түтіктері.

ЖАПЫРАҚ МОРФОЛОГИЯСЫ. ЖАПЫРАҚ АНАТОМИЯСЫ

Жұмыс мақсаты: Жапырақтың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу.

Қос және даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырма.

1. Жапырақтың морфологиялық белгілерін талдау.

2. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағынын анатомиялық құрылысын қарау.

3. Даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысын қарау.

4. Қылқанжапырақты өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысын қарау.

Қажетті құралдар мен материалдар: әртүрлі өсімдіктер жапырақтарының коллекциясы, кәдімгі қызыл бояу (Gаlіum vеrum L), түйнекті фломис

67

(Рhlоmиs tubеrоsа L), жаздық бидай (Тгіtісum өсімдіктерінің фиксацияланған жапырақтары, қарағай қылқанының дайын препараты.



Тапсырмаға түсініктеме: Жапырақ өсімдіктердің негіз вегетативті мүшесі, фотосинтез, транспирация және газ алма кызметін атқарады. Кейбір өсімдіктерде қор заттарының жиналу жері және қорғану мүшесі болып табылады және вегетативті көбею қатысады.

Жапырақ жапырақ тақтасы, жапырақ сағағынан және негізінен тұрады. Кейбір өсімдіктерде сағақ дамымайды, жапырақ негізімен сабаққа бекінеді.

Көптеген өсімдіктерді жапырақ негізінде жапырақ серігі дамиды. Кейде жапырақ тақтасы немесе сағағы кеңейіп, қынап түзеді де, буынаралықтың төменгі бөлігін орайды. Қынаптың дамуы астық (Роасеае), шатыршагүлділер (Umbегасеае) тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына тән.

Әрбір жапырақтың тақтасында жүйкелер: түтікті талшықты өткізгіш шоқтар көрінеді. Жапырақ жүйкеленуінің төрт типі бар: параллельді -жүйке ортаңғы жүйке және жапырақ шетін шараллель өтеді;



Доғалы - жүйке жапырақ шетіне параллельді доға түзеді; қауырсынды- жапырақ ортасында бір негізгі жүйке өтеді, одан жанама жүйкелер өтеді де, олар тағы да тарамдалады да ұсақ жүйкелердің торын түзеді (капуста, қызылша және т.б.); Саусақты - сағақтан бірнеше жүйке шығып, жанына қара тарамдалады (сарғалдақ).

Қауырсынды және саусақты жүйкелену торлы жүйкелену де аталады.

Жапырақ тақтасының шетіне байланысты жапырақтар - бүтін жапырақ- шеті бірдей линия түрінде болады; тісті - тістері өткір жән жапырақ шетіне перпендикуляр бағытталған; ара тісті - тістері өткір, бір жағы екіншісіне қарағанда ұзын; дөңес- тістері домаланған, арасындағы ойығы өткір; ойық - өткір тістері арасында домалак ойықтары болады.

Жапырақ тақтасының құрылысына байланысты жай және күрделі болып бөлінеді. Егер сағақта бір ғана жапырақ тақтасы болса, онда оны жай, ал егер бірнеше болса - күрделі жапырақтар де аталады. Жай жапырақ пішініне байланысты әртүрлі болады: дөңгелек, үшбұрышты, таспа және т.б. (сурет 17).

Жай жапырақтар тақтасының тілімделу түрлеріне байланысты қалақгы (жарты табақша енінен кем тілімделген), жекелей тілімделген (жарты

68

табақша енінсн жартысынан терең тілімделген), бөлінген (түбіне дейін) болып болінеді.



17-сурет. Жай және күрделі жапырақтар: 1-ине жапырақ; 2-таспа жапырақ; 3-жүрек тәріздес жапырақ; 4- сопақша жапырақ; 5-жұмыртқа тәріздес жапырақ; 6-ромб тәрізлес жапырақ; 7-стрелка тәріздес жапырақ; 8-жебе тәріздес жапырақ; 9-салалы жанырақ; 10-қауырсынды жапырақ; 11-салалы жапырақ; 12-үшқұлақты жанырақ; 13-жұпқауырсынды жапырақ; 14-таққауырсынды жапырақ; 15-саусақты салалы жаиырақ; 16-бірнеше рет қауырсын күрделі жапырақ.

69

Күрделі жапырақтар үшқұлақты, саусақ немесе салалы, жұп-және таққауырсынды болады.



Жапырақтың негізгі физиологиялық қызметі - фотосинтезге, транспирация және газ алмасуға байланысты онда ұлпаның үш түрі болады: ассимиляциялық - онда фотосинтез процесі жүзеге асады, жабындық- судың булануын және газ алмасуын реттейді, өткізгіш-заттарды өткізеді. Сонымен қатар, жапыраққа беріктік қасиет беретін механикалық ұлпа болады.

Жапырақ жоғары және төменгі жағынан эпидермамен қапталған, оның клеткалары түссіз, клетка қабықшалары қалыңдаған және сыртқы жағынан кутикуламен қапталған. Эпидермада устьиценің болуы тән және көп мөлшерде төменгі эпидермисте кездеседі.

Жапырақтың негізгі ұлпасы - мезофилл хлоропластары көп мөлшерде болатын паренхима клеткаларынан тұрады. Мезофилл бағаналы және борпылдақ болып екіге бөлінеді. Баганалы мезофилл клеткалары біршама ұзынша, бағана тәрізді, бір-біріне қабыса, тығыз, эпидермаға перпендикуляр орналасқан. Борпылдақ мезофилл әртүрлі пішінді, шашыраңқы орналасады және клетка аралықтары жақсы көрінеді.

Жапырақтар түрін өзгертіп, ықшамдалған жағдайда (ашық тұқымдыларда) мезофилдің жұмысшы ауданы оның клеткаларының ішкі қатпарлары арқылы толықтырылады. Бұл жағдайда мезофилл қатпарлы және тасымалдаушы болып екіге бөлінеді. Жұмыстың орындалу барысы: 1-тапсырма. Жапырақ морфологиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет