Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы


-сурет. Кәдімгі қызыл бояу өсімдігі саба



бет7/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

13-сурет. Кәдімгі қызыл бояу өсімдігі сабағыныың анатомиялық құрылысы: 1- эпидерма, 2-алғашкы кабык, 3-орталық шеңбер.

Сабағының көлденен кесіндісінде эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберді ажыратуға болады.

Эпидермис беткейі кутикуланың жұқа қабатымен жабылғаи Онда жай және бұтақтанған түкшелердің түрлері кездеседі, саны ая Энидермис клеткалары қабатының астыңғы жағында 4-5 қатаі арқаулық ұлпа- колленхима клеткалары орналасқан.

Алғашқы қабық эндодермамен шектелген. Өткізгіш шоқ ашық коллатеральды. Өзек ірі паренхималық клеткалардан құралған, ортаси ауалы қуыс (сурет 14). Сабақтын көлденең кесіндісінің суретін схема ретінде салып, құрылысын белгілеңіз.



62


14 - сурет. Түйнекті фломис өсімдігі сабағының

анатомиялық құрылысы: 1- эпидерма, 2-алғашқы қабық, 3-орталық

шеңбер.


ДАРАЖАРНАҚТЫ ШӨПТЕСІН ӨСІМДІКТЕР САБАҒЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жұмыс мақсаты: Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының

анатомиялық құрылысының ерекшеліктерімен танысу.



Тансырма.

1- Даражарнақты шөпгесін осімдіктер сабағының анатомиялық

құрылысын қарау. Қажеіті құралдар мен материалдар: Жаздық бидай сабағыныц Фиксацияланған материалдары, микроскоп, заттық және жабындык әйнектер, су, фильтр қағазы, ұстара.

Тапсырмаға түсініктеме: Даражарнақты өсімдіктердің сабағың шоқтық құрылысты, эпидерма, алғашқы қабық және орталық шеңберден тұрады.

63

Алғашқы қабық құрамында негізінен паренхима болуына байланысты, ол ассимиляциялық қызмет атқарады. Колленхима сирек кездеседі, қабықта көп жағдайда склеренхима дамиды.



Даражарнақтылардың көптеген түрлерінде өзек болмайды Талшықты өткізгіш шоқтары жабық коллатеральды, ягни камбий болмайды. Барлық өткізгіш шоқтардың шығу тегі прокамбий.

Даражарнақтыларда сабақтың соңғы анатомиялык құрылысы аз кездеседі, тек кейбір ағаш түрлерінде кездеседі. Камбийдің болмауына байланысты даражарнақтылардың сабағы клеткалардың бөлінуі нәтижесінде жуандайды.



Жұмыстын орындалу барысы: Жаздық бидай өсімдігі сабағынан ұстара көмегімен көлденең кесінділер жасап, заттық шыныдағы тамшы суға салып, бетін жабын әйнекпен жабыңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз.

Буынаралығының көлденең кесіндісі жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұратыны анық көрінеді (сурет 15).

Жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалындаған бірқатар эпидерма клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында ' арқаулық ұлпа-суректенген склеренхима талшықтары сақина тәріздес орналасқан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады.

Өткізгіш шоқтар- жабық коллатеральды, яғни ксилема және флоэмадан тұрады, камбий болмайды. Өткізгіш шоқтардың орпаласуы ерекше орын алады, ауданы бойынша кіші өткізгіш шоқтар склеренхима талшықтары сақинасында орналасқан және шоқ склеренхима қынапшасымен аяқталады. Екінші қатарда, ірі откізгіш шоқтар паренхима клеткалары арасында орналаскан. Клетка қабықшалары жұқа, паренхима клеткалары 4-5 қатарды құрайды.

Сабанның ортаңгы белігі -ауалы қуыс. Сабақтың ішкі құрылысында арқаулық ұлпаны түзетін клеткалардың қатар саны 4-5 өткізгіш шоқтар саны 26, оның ішінде ірі өткізгіш шоқгар саны 16 кіші өткізгіш шоқтар саны 10, паренхима клеткалары 5-6 қатарды құраған.

Сабактың көлденең кесіндісінің суретін салып, құрылылсын



белгілеңіз.

64

15- сурет. Жаздық бидай сабағының ішкі құрылысы: 1- эпидерма; 2- склеренхима; 3-өткізгіш шоқтар; 4-негізгі паренхималар; 5-ауалы

қуыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет