Ш. Н. ДҮрмекбаева өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы



бет13/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,11 Mb.
#13090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

23- сурет. Кәдімгі қарағай: А- тозаң (микроскоп арқылы ) және оның өсуі: ауа қапшықт ары: 2- вегетативті клетка ядросы; 3- генеративті қлетка; 4- базальды қлетка. Б- аналық бүрдің кесіндісі: 1- сыртқы қабыршақ- 2-тұқымды кабыршақ; 3- тұқым бүрі. В- Тұкымбүрінің кесіндісі: 1- интегумент; 2- нуцеллус: 3-эндосперм- 4-архегонии; 5- нуцеллустегі тозаң түтігі.

84

Төрт мегасгюраның үшеуі жойылып, біреуінен аналық өскінше пайда болады, мұны ашықтұқымдыларда - эндосперм деп атайды. Эндоспермде микропилеге жақын екі архегоний қалыптасады. Архегонийде жұмыртқа клеткасы жетіледі.



Жел арқылы тозаң тұқым бүрінің аузына келеді, вегетативті клеткадан тозаң түтігі түзіледі. Генеративті клеткадан спермия пайда болады. Спермияның біреуі архегонийге еніп, жұмыртқа клеткасымен косылады. Ұрықтану процесінен соң зигота пайда болады. Тұқым бүрі тұқымға айналады, онда ұрық және қоректік зат - эндосперм болады.

1-тапсырма. Аталық және аналық бүрлердің құрылысымен танысу.

Жұмыстын орындалу барысы: Лупа арқылы кәдімгі қарағайдың аталық бүрінің құрылысын қараңыз. Жалпы көрінісінің суретін салыңыз. Бірнеше микроспорофилдерді бөліп алып, лупаның X 20 ұлғайтқышы арқылы микроспорангиді табыңыз. Препарат дайындап, үлкен ұлғайтқыш арқылы тозанды қараңыз. Аналық бүрді алып, сыртқы және тұқымды қабыршақтарды, тұқым бүрді қараңыз. Суреттерін салыңыз.

2-тапсырма. Ашықтұқымдылардың даму циклімен танысып, схемасын құру.

Жұмыстын орындалу барысы: Кәдімгі карағайдың даму циклін талдап, суретін салыңыз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Ашықтұқымдылардың аталық бүрінің құрылысы кандай?

2. Ашықтүқымдылардың аналык бүрінің құрылысы қандай?

3. Ашықтұқымдылардың даму циклін түсіндіріңіз?

85

ҮІІ ТАРАУ. ГҮЛДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ҚЫЗМЕТІ

ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫ. ГҮЛ ФОРМУЛАСЫ ЖӘНЕ ДИАГРАММАСЫ

Жұмыс мақсаты: Гүл бөліктерін оқып-үйрену. Қарапайым және қосарланған гүлсерікті, жоғары жатынды төменгі жатыннан ажырата білу.

Тапсырма.

1. Құрылысы әртүрлі гүлдердің құрылысын қарау және суреттерін салу.

2. Әрбір гүлдің кысқаша морфологиялық сипаттамасын жазу және гүл формуласы мен диаграммасын құру.

3. Жатынның, тұқым бүршігінің, тозаңқап және тозаңның анатомиялық құрылысын қарау.



Қажетті құралдар мен материалдар. алма, бұршақтың, пияздың, күйдіргіш сарғалдақтың фиксацияланған гүлдері, жатын, тұқым бүршігі және тозаңның көлденең кесіндісінің дайын препараты, микроскоп, лупа, заттық шыны, препаральды ине.

Тапсырмаға түсініктеме. Гүл - түрі өзгерген, қысқарған өркен, жынысты процеске және тұқым мен жемістің түзілуіне бейімделген генеративті мүше.

Гүлдің негізгі бөліктері: гүлсағағы, гүлтабаиы, гүлсерігі, аталығы және аналығы. Гүл мен гүл жапырақша арасындағы өркен бөлігі гүл сағақ деп аталады. Гүл сағағында даражарнақтыларда - бір, қосжарнақтыларда екі гүлжапырақша орналасады. Гүл сағағы жоқ гүлдер қондырма гүл деп аталады. Гүлсағақтың жоғарғы гүлсерігі мен аталығы және аналығы бекінетін жері гүл тұғыры деп аталады. Кейбір гүлдерде гүл тұғыры, гүлсерігінің төменгі бөлігі тұтасып, ерекше құрылым - гипантий түзеді, ол жеміс түзуге қатысады.

Гүл тұғырында гүл бөліктері шеңбер тәрізді орналасса-циклді, спираль тәрізді орналасса - ациклді, гүл серігінің сырткы жапырақшасы- шеңбер, ішкі жапырақшасы спиральды орналасса -гемициклді гүл деп аталады.

Гүлсерігі қосарланған және жай болып бөлінеді. Қосарланған гүлсерігі тостағанша және күлте жапырақшаларынан тұрады. Жай гүлсерігінде тостағанша немесе күлте болмайды.

Аталығы (микроспорофилдер) жиынтығы андроцей деп аталады. Әрбір аталығы аталық жіпшеден жоне тозаңқаптан тұрады. Тозаңқапта тозаң жетіледі.

86

Аналығы жеміс жанырақшаларынан тұрып, жиынтығы -гинецей деп аталады. Аналығы аналық аузы, мойыны және жатыннан тұрады. Кейбір өсімдіктерде мойыны болмайды. Гүл тұғырында жатыннын орналасуына байланысты жоғарғы, ортаңғы және төменгі жатын болып бөлінеді. Жоғарғы жатын гүл тұғырына негізімен бекінеді, төменгі жатын гүл тұғырына толық еніп, онымен бірігіп кетеді (сурет 24). Гүлде жатынның орналасуы манызды систематикалық белгі болып саналады. Жатын ішінде тұқым бүршігі орналасады.



24- сурет. Гүлдегі жатынныи әртүрлі типтері: А - бір жеміс жапырақшалы бірұялы көптұқымды жатын. Б - үш жеміс жапырақшалы бірұялы көптұқымды жатын. В - бес жеміс жапырақшалы бесұялы көптұқымды жатын. Г- екі жеміс жапырақшалы екіұялы көптұқымды жатын. Д- Е -жоғарғы жатын. Ж-жартылай төменгі жатын. 3- төменгі жатын.

87

Гүл формуласы латын әріптерімен жазылады. Гүлдің формуласы былай құрылады:



Дұрыс, актиноморфты гүл *

Бұрыс, зигоморфты гүл ↑

Дара жынысты аналық гүл – ♀

Дара жынысты аталық гүл- ♂

Жай гүлсерік-перигониум (Регіgпіum ) Р әрпімен белгіленеді. Қосарланған гүл серікте тостағанша - каликс (Саіух) - Са, күлте— королла (Соrоllа) Со, аталықтар жиынтығы- андроцей -А, аналықтар жиынтығы гинецей С- әріптерімен белгіленеді.

Гүл бөліктерінің саны араб сандарымен төменгі жағына жазылады. Санау 12- ге дейін жүргізіледі. одан көп болса шексіздік белгісі қойылады. Біріккен гүл бөліктері жақша ішіне алынады.

Гүлдің бір бөлігі гүл табанында бірнеше шеңберде орналасса, саны көрсетіліп, белгісі қойылады. Одан кейін келесі шеңбердегі гүл бөлігінің саны көрсетіледі. Жоғары және төменгі жатынды белгілеуде сызықша (-) койылады. Жоғары жатын болса сызықша гинецей санының астына, төменгі Жатында гинецей санының үстіне қойылады.

Гүл диаграммасы - гүл бөліктеріп схема түрінде кеңістікте белгілеу.

Әртүрлі өсімдіктер гүлін морфологиялық талдау мынадай жоспар бойынша анықталады:

1. Гүлсерігі- жай немесе қосарланған екендігін;

2. Тостағанша - тостағаншасының дұрыс немесе бұрыс екендігін; тостағанша жапырақшаларының біріккен немесе бірікпегенін, тостағанша жапырақшаларының санын;

3. Күлте - күлтенің дұрыс немесе бұрыс екендігін, күлтежапырақшаларының біріккен немесе бірікпегенін, санын;

4. Аталығы- аталығы санын, біріккен немесе бірікпеген;

5. Аналығы-аналығы және жеміс жапырақшаларының санын;

6. Жатын- жоғарғы, ортаңғы төмен екендігін.

1-тапсырма. Әртүрлі гұлдердін құрылысын қарау және суреттерін салу.



Жұмыстың орындалу барысы: Спиртте фиксацияланған өсімдік гүлдерін алып, заттық шыныға салады. Препаральды ине арқылы әр гүлдегі гүл сағағын, гүлдің табанын, гүлсерігін, аталығы мен аналығын табады. Лупа арқылы гүл бөліктерін жоғарыда берілген жоспар бойышна анықтайды.

88

Бұршақ гүлдері. Қосарланған гүлсерігі бар, тостағанша және күлте жапырақшаларынан тұрады. Күлте жапырақшасының ең ірісі -желкен, екі жанында ескегі, төменгі екі біріккен күлтесі қайықша деп аталады. Аталық саны 10, оның тоғызы біріккен, біреуі жалғыз. Аналығы біреу, жатыны жоғарғы, гүлі бұрыс гүл, яғни зигоморфты (Сурет 25).



Күйдіргіш сарғалдақ гүлдері. Қосарланған гүлсерігі бар, тостағаншасы - 5 біріккен тостағанша жапырақшалардан, күлтесі- 5 бірікпеген күлте жапырақшалардан (әркайсысында шірнелігі бар). Аталығы мен аналығының саны көп. Жатыны - жоғарғы, гүл серіп арқылы симметриянын бірнеше осін жүрғізуге болады, яғни гүлдері актиноморфты.

Пияз гүлдері. Тостағанша мен күлтесін бөліп ала алмайсыз, сондықтан гүлсерігі -жай. Ол түсі ақ, бірікпеген 6 күлте жапырақшаларынан тұрады, яғни күлтелі гүл. Аталығы 6, аналыгы 3. Аналығында жоғарғы жатын анық байқалады, гүлі актиноморфты.

Құртқашаш гүлдері. Пияздың гүлі тәріздес, гүлсерігі - жай, алайда ақ күлте жапырақшалары біріккен. Аталығы б, аналығы 3, жатыны жоғары. Дұрыс гүл.

Алма гүлі. Гүлсерігі қосарланған, тостағанша мен күлте жапырақшалары бірікпеген. Саны-5. Аталығы 17-20 немесе одан да көп. Ортасында 5 аузы бар, жатыны тостағанша негізімен біріккен. Бұл төменгі жатын. Дұрыс гүл.

2-тапсырма. Гұлдін формуласы мен диаграммасын құру.

Жоғарыда аталған гүлдердің формуласы мен диаграммасын құрыңыз. Гүл формуласының дүрыстығьш тексеріңіз:

Бұршақ ↑Са(5) Со1+2+(2) А(9)+1 G1

Сарғалдақ * Са5 Со5 А G

Пияз * Р3+3 А3+3 G (3)

Құртқашаш * Р(6) А3+3 G (3).

Алма * Са5 Со5 А G (5)



89




25- сурет. Бұршақ гүлінің құрылысы: 1- күлте жапырақшалары; 2 андроцеи; 3- гинецей; 4- гулдің диаграммасы.

90

3-тапсырма. Жатынның, тұқым бүршігінің, тозаңқап және тозаңның анатомиялық құрылысын қарау.

Жұмыстың орынлалу барысы: Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы жатынның көлденең кесіндісінің дайын препаратын қараңыз (мысалы: лала гүлі). Жатын қабырғасы паренхималық ұлпадан түзілген және екі жағынан (сыртқы және ішкі) эпидермамен қапталған. Жемісжапырақшалары бірігіп үш ұя түзеді, онда тұқым бүршіктері орналасқан. Препараттан жұқа кесіндіні тауып, бір тұқым бүршігінің құрылысын қараңыз, нуцеллус, интегумент және тозаң саңылауы-микроиилені табыңыз. Егер кесінді тұқым бүршігінің ортасынан жасалса, нуцеллусте түссіз клетка- ұрық қалтасын көруге болады.

Микроскоптын кіші ұлғайтқышы арқылы тұқым бүршігінің құрылысының суретін салыңыз. Суретте жатын ұясы және ондағы тұқымбүршігін көрсетіңіз. Бір тұқым бүршігінің құрылысын жеке салып, оның барлық бөліктерін көрсетіңіз.

Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы тозаңқаптын көлденең кесіндісінің дайын препаратын қараңыз, ұяны, дәнекерді және түтікті-талшықты шоқты анықтаңыз. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышы арқылы эпидерманы, фиброзды қабатты және тозаңқап ұясындағы тозаңды табыңыз.

Препаратты қарап, тозаңқаптың суретін салыңыз, суретте екі ұясы бар тозаң қапшығын және дәнекерді, түтікті шоқтарды көрсетіңіз. Сонымен қатар, эпидерманы, фиброзды қабатты, тапетум және бірнеше тозандарды көрсетіңіз..



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Гүл дегеніміз не және оның бөліктері кандай?

2. Гүлсерігі дегеніміз не?

3. Аталығы қандай бөліктерден тұрады?

4. Аналығы қандай беліктерден тұрады?

5. Жатынның қандай түрі жоғарғы, төменгі және ортаңғы деп аталады?

6. Жатынның, тұқым бүршігінің және тозаңқаптың құрылысы қандай?

7. Гүл бөліктері гүл формуласында қалай белгіленеді?

91

ГҮЛШОҒЫРЫ

Жұмыс максаты: Гүлшоғырының құрылысын оқын-үйрену және

анықтап үйрену.



Тансырма.

1. Моноподиальды және симподиальды гүлшоғырының әртүрлі формаларымен танысу.

2. Жай және күрделі гүлшоғырларын анықтау.

Қажетті құралдар мен материалдар: Әртүрлі өсімдіктер гүлшоғырының түрлері

Тапсырмаға түсініктеме: Гүлдер өркенде жеке немесе шоқтанып гүлшоғыры ретінде орналасады. Гүлшоғыры дегеніміз- белгілі бір ретпен сабақта орналасқан гүлдер тобы. Гүлшоғыры моноподиальды (анықталмаған) және симподиальды (анықталған) болып бөлінеді.

Моноподиальды гүлшоғырыңда негізгі ось ұзақ уақыт гүл немесе жанама бұтақтар түзе отырып өседі, ересек гүлдер гүлшоғырының төменгі жағында қалады. Негізгі осьтің шектеусіз өсуі нәтижесінде гүл шоғыры анықталмаған деп аталады.

Симподиальды гүлшоғырында негізгі ось жеке гүлмен аяқталып, өсуін тоқтатады. Жанама осьтер (бір немесе екі) негізгі ось гүлінің төменгі жағында қалыптасады, өсуі тоқталып, гүлмен аяқталады, осылай келесі қатардың осьтері дамиды. Сонымен, симподиальды гүлшоғырында ересек гүл әрбір осьтің жоғары жағында болады.

Моноподиальды гүлшоғыры жай және күрделі болуы мүмкін. Жай гүлшоғыры- жекелеген гүлдерден. күрделі- негізгі осьте дамитын жай гүлшоғырынан тұрады. Гүлшоғырының мынадай типтері бар:

Масақ - негізгі ұзарған осьте гүлдер немесе масақ сағақсыз орналасады. Мысалы: жолжелкен, қарабидай, бидай және т.б.;

Собық - осі жуандаған, етженді болады. Шоқпарбас бір немесе бірнеше жапырақтармен қоршалған. Мысалы: жүгері; Шашақ - гүл сағақтарының ұзындығы бірдей гүлдер ұзарған осьте спиральды орналасады. Шашақ бір бағытта орналасуы мүмкін.

Сырға - масақ немесе шашақ тәріздес орналасады, алайда осімен төменге бағытталады.

Сыпыртқы - гүлдер немесе жай гүлшоғыры жанама бұтақта орналасады, оларға қарағанда жоғарғысы ұзын болады .

Қалқанша- төменгі гүлдердің гүлсағағы ұзын, жоғарғы гүлдердің гүл сағағы қысқа болғандықтан, гүлдер бір деңгейде орналасады (алма,алмұрт).

92

Шатырша - негізгі осі қысқарады да, ұшынан шоғырлана дамыған гүлдер өсіп шығады, сағақтары бірдей болады (сүйелшөп).



Шокпарбас-қысқарған осьте гүлдері тығыз орналасады (жоңышқа, беде).

Себет - осі кеңейген және гүлдері сағақсыз орналасады. Себеттің сыртында гүл жапырақшаларымен оралған (күнбағыс, бақ-бақ).

Күрделі шатыр гүл - ұзарған негізгі осьте жай шатыр гүлдер орналасады (сәбіз).

Күрделі масақ - гүл шоғырының негізгі осіне масақ гүл шоғырлары орналасады (астық тұқымдасы).

Күрделі қалқанша - негізгі осіне бір деңгейде қарапайым қалқаншалар орналасады (ырғай, шетен).

Симподиальды гүлшоғырының үш типі бар: монохазий, дихазий және плейохазий.

Монохазий - жалғыз сәулелі анықталған гүл шоғы. Гүл негізгі остің ұшында орналасады да, төменгі жағынан екінші ось дамиды да, оның ұшынан өзінше гүл қалыптасады. Осылай қайталана береді.

Дихазий ең қарапайым гүл шоғы. Бұл жағдайда гүлмен бітетін әрбір осьтен келесі реттің екі осі таралып отырады.

Плейохазнй немесе көп сәулелі анықталған гүл шоғы деп аталады. Мұнда әрбір аналық осьті бір, екі немесе шоқтанып орналасқан көп жанама осьтер алмастырады.

Жұмыстың орындалу барысы: Өсімдіктердің гербариін карастыра отырып, мопоподиальды гүл шоғырларын табыңыз. Олардан жай және күрделі гүл шоғырын беліп алыңыз. Гүлшоғырының типтерін анықтап, схема түрінде суретін салыңыз. Симподиальды гүл шоғырын қарап, суретін салыңыз. Әрбір суретке түсіндірме беріңіз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Гүлшоғырының қандай түрлері бар?

2. Моноподийлі гүл шоғырының түрлері қандай?

3. Симподийлі гүл шоғырының түрлері қандай?

93

ҮПІ ТАРАУ. ЖЕМІСТЕР МОРФОЛОГИЯСЫ

ЖЕМІСТЕР

Сабақ мақсаты: Жемістердің морфологиялық құрылысымен танысу. Тапсырма.

1. Құрғақ және шырынды жемістердің морфологиялық құрылысып

қарау және кең таралған түрлерін ажырата білу.

Қажетті құралдар мен материалдар: Әртүрлі өсімдіктер жемістерінің коллекциясы: бидай (Тгіtiсum), күнбағыс (Неlіапtһus апnus), сеппе қарақұмығы (Ғаgоруtum sаgіttаtum), дала тегеуріні (Dеlрһіпіum сопсоlіdа ), сеппе асбұршағы (Ріsum sаtіvum), бақша капустасы (Вrаssіса оlеrасеа), дала яруткасы (Тһіаsрі аrvеnsе), көкнәр (Рараvег sоmпіfеrum), сәбіз (Dаисus sаtіvа), үйеңкі (Асег), жабайы шалқан (Raрһапus rарһапіstrum) және т.б..

Тапсырмаға түсініктеме: Жатыннан пайда болған жемістер нағыз жемістер деп аталады. Олар жай (бір аналықтан түзіледі) және күрделі (бір гүлдің бірнеше немесе көп аналығынан пайда болады) жемістер болып бөлінеді.

Жеміс гүлді өсімдіктерде қосарынан ұрықтану нәтижесінде жатыннан пайда болады және оны перикарпий немесе жеміс серігі қоршайды. Перикарпий шырынды, етженді немесе құрғақ, сүректі болуы мүмкін. Перикарпий мынадай үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы (экзокарпий), ортаңғы (мезокарпий) және ішкі (эндокарпий).

Кейде жеміс түзуге жатыннан басқа гүл табаны немесе гүл жабыны да қатысады, ондай жемістер жалған жеміс деп аталады. Мысалы: бүлдіргенде - жидек тәріздес жалған көптұқымша «жидек» шырынды, боялған кеңейген гүл табанынан тұрады. Онда ұсақ, құрғақ жатыннан дамыған тұқымша орналасады. Алма тәріздес жемістер алмада, алмұртта жеміс серігі біріккен шырынды бөліктен тұрады: гүл табаны және жатын қабырғасы.

Егер жеміс түзуге бірнеше гүл қатысса, біріккен жеміс түзіледі (мысалы: қызылша).

Жеміс серігінің қүрылысына байланысты құрғақ лсәне шырынды ж емістер болып бөлінеді:

Құрғақ жемістерде мезокарпий нашар дамыған, кейде тек бір қатарлы клеткалардан тұрады. Жемістердің бұл тобында мезокарпий кабаты клетка құрамдарын жоғалтқан, сүректене бастаған паренхималық, склеренхималық және қабыршақ клеткаларынан тұрады.

94

Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын



жемістер болып бөлінеді.

Қақырайтын құрғақ жемістерде бір, бірнеше немесе көп тұқым болады.



Қақырайтын құрғақ жемістердін түрлері:

Таптама (листовка) - бір жеміс жапырағынан пайда болған бірұялы және көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс;

Бұршаққап (боб) - бір жеміс жапырағынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды, екі жағынан қақырайтын жеміс (бұршақ тұқымдасы).

Бұршаққын (стручок) - екі жеміс жапырағынан пайда болған, қос ұялы, бауыр және арқа жіктері арқылы қақырайтын жеміс (крестгүлділер тұқымдасы). Бұршаққынның екі түрлі өзгерістері бар: ұзындығы көлденеңінен үш-төрт есе артық болса онда бұршаққын деп аталады (левкой, шалқан). Егерде жемістің ұзындығының көлденеңінен артықшылығы үш- төрт еседен артық болмаса, бұршаққынша (стручочек) деп аталады (жұмыршақ, ярутка).

Қорапша- екі немесе одан да кеп жеміс жапырақшадан пайда болған көпұялы, әртүрлі әдістермен қақырайтын жеміс (қалампыр, көкнәр және т.б. тұқымдастарда).

Қақырамайтын құрғақ жемістер бір тұқымды болады.



Қақырамайтын құрғақ жемістердін түрлері:

Тұқымша - екі жеміс жапырағынан пайда болып, перикарпиі тұқыммен бірікпеген жеміс (күнбағыс).

Дән - құрғақ, бір тұқымды, перикарниі тұқыммен бірігіп кеткен (астық тұқымдасы).

Жаңғақ - перикарпиі сүректентен. Біртұқымды құрғақ жеміс (орман жаңғағы, грек жаңғағы).

Шырынды жемістердің мезокарпиі лсақсы лсетілген, ірі паренхималык клеткалардан тұрады. Экзо- және эндокарпийлері тек сыртқы, ішкі эпидермис түрінде дамыған.



Шырынды жемістердін түрлері:

Жидек - экзокарпиі жұқа, жұмсақ, тұқымдары кеп, мезокарпиі мен эндокарпиі шырынды (жүзім, помидор) немесе экзокарпиі қалыңдап, мезокарниіне тығыз жанасып жатады (асқабак, қарбыз, қауын, қияр), ал енді біреулері мезокарпийге нсақын орналасады (лимон, апельсин).

Сүйекті жемістер: біртұқымды, эндокарпиі катты, мезокарпиі шырынды, экзокарпиі жұмсақ және жұқа (шие, орік).

Ыдырайтын жемістер екі топқа бөлінеді:

95

Бөлшекті жемістер екі немесе көпұялы жатыннан құралып, піскенде ұзыннан ыдырап, бөлініп кетеді (жабысқақ қызыл бояу жемістері).



Бунақты жемістер кесе көлденең бөлініп ыдырайды, құрғақшылық аудандарда өсетін өсімдіктерге тән.

1-тапсырма. Құрғақ және шырынды жемістердің морфологиялық құрылысын қарау және кең таралған түрлерін ажырата білу. Жұмыстын орындалу барысы: Жемістер коллекциясынан шырынды жемістерді құрғақ жемістерден бөліп алыңыз.

Құрғақ жемістерді қакырайтын, кақырамайтын және бөлшекті жемістерге боліңіз. Әрбір топ жемістеріне морфологиялық талдау жүргізіңіз. Тұқымша, дән, қанатты жеміс, жаңғақ, бұршаққан, бұршаққын, қорапша жемістерін табыңыз. Олардың арасындағы-айырмашылықтарды көрсетіңіз. Жемістердің сыртқы құрылысының суретін салыңыз.

Әрбір құрғақ жеміс суретінің жанына мына сұрақтарға жауап бере отырып, қысқаша сипаттамасын беріңіз: өсімдіктің атауы; жай және күрделі жеміс; жеміс жапырақшаларының саны; ұя саны; біртұқымды және көптұқымды; жемістің қандай типіне жатады лсәне қаққырау және таралу жолдары.

Шырынды жемістерді қарап, суретін салыңыз. Нағыз жемістер - жидек және сүйекті жемістерді, жалған- жидек және алма тәріздес жемістерді қараңыз.

Шырынды жемістердің суреті жанына өсімдік атауы; кәдімгі немесе жалған жеміс; ұя саны; біртұқымды немесе көптұқымды; жемістін қандай тииіне жатады және таралу жолдарын корсетініз.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Тұқым және жеміс қалай түзіледі?

2. Жай және күрделі жемістердің түрлері қандай?

3. Құрғақ және шырынды жемістердін түрлері қандай?

4. Өсімдіктер және адам өмірінде жемістердің қандай ролі бар?

96

ӨСІМДІКТЕРДІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ



Жұмыс мақсаты: Өсімдіктерді морфологиялық талдауға үйрену. Тапсырма:

Өсімдіктерге морфологиялық сипаттама беру.



Тапсырмаға түсініктеме:

Өсімдіктерді морфологиялық талдау мынадай жоспар бойынша жұргізіледі:

Бір- екі немесе көпжылдык өсімдік. Дара- немесе қосжарнақты өсімдік. Тамыр жүйесі шашақ, кіндік немесе аралас.

Сабағы тік, жатаған, өрмелегіш, шырмалғыш. Домалақ, қырлы. Сабак ортасы толық немесе қуыс. Түктері бар немесе жалаңаш. Өркеннің түр өзгерістері бар ма? Қандай?

Жапырағы сағақты, сағақсыз. Жапырақ серігі бар немесе жоқ. Жапырақ тактасының пішіні және шеті қандай? Жүйкеленуі кандай? Түсі қандай, түктері бар немесе жоқ?

Жапырақтың түр өзгерісі бар ма? Егср жапырақ күрделі болса, қандай: қауырсынды күрделі немесе саусакты күрделі, жапырақшалары қандай?

Жапырақтарының орналасуы қарама-қарсы, кезектесіп немесе шоқтанып.

Гүлдері жеке немесе гүлшоғырына біріккен бе? Гүлшоғыры моноподиальды немесе симподиальды.

Моноподиальды гүл шоғыры жай (шашақ, масақ, собық, себет, шатыр, қалқанша) немесе күрделі (сыпыртқы, күрделі масақ және т.б.). Гүлі актиноморфты немесе зигоморфты. Гүлсерігі жай немесе қосарланған. Тостағаншасы біріккен немесе бірікпеген. Күлтесі біріккен немесе жеке, күлте жапырақшаларының саны. Аталығы жеке немесе біріккен. Мөлшері бірдей немесе әртүрлі. Аталығы қанша?

Аналығы біреу немесе бірнешеу. Жатыны қандай (жоғарғы, ортаңғы, төменгі)?

Жемісі жай немесе күрделі. Құрғақ немесе шырынды. Жеміс типі. Жемісте тұқым саны нешеу? Тұқымның сыртқы құрылысы қандай?

1-тапсырма. Өсімдіктерге морфологиялық сипапама беру. Жұмыстың орындалу барысы: Бұршақ өсімдігін алып, морфологиялық талдау жүргізіңіз.

Асбұршақ - шөптесш, қос жарнақты бірлсылдық өсімдік. Тамыр жүйесі - кіндік. Сабағы өрмелегіш, түктері болмайды. Жапырағы қауырсынды

97

күрделі, 2-3 жұп жапырақшалары бар, сағақты, ірі жапырақ серіктері бар. Жапырақшасы жұмыртқа тәріздес, шеті бүтін. Жүйкеленуі - қауырсынды. Кейбіреулері түрін өзгертін мұртшаларға айналған. Жапырақтар кезектесіп орналаскан. Гүлдері зигоморфты, ақ немесе қызғылт. Гүлсерігі қосарланған. Гостағаншасы бірігіп кеткен. Күлтесі бес күлте жапырақшаларынан тұрады



( желкен, екі қайықша, екі ескек) . Аталығы 10, тоғызы біріккен. Аналығы біреу. Жоғарғы жатын. Жемісі бұршақ.

МАЗМұНЫ


Алғысез.

Микроскоппен жұмыс істеу ережелері.

Микроскоп құрылысы және онымен жұмыс істеу.

Препараттар даярлау.

Кесінділер дайындау.

Сурет салу.


I тарау. Өсімдіктер клеткасының құрылысы.

Хлоропластар. Клетканың тіршілік қасиеттері.

Цитоплазма қозғалысы. Тургор. Плазмолиз.

Деплазмолиз.

Хромопластар. Лейкопластар.

Клеткадағы қорлық заттар. Кристалдар.

Клетканын бөлінуі.

Митоз кезеңдері.


II тарау. Ұлпалар.

Алғашқы түзуші ұлпалар (Меристема).

Жабындық ұлпалар.

Механикалық ұлпалар.

Бөліп шығарушы ұлпалар.

Өткізгіш ұлпалар.


III тарау. Ұрық. Тұқым және өскін морфологиясы.

ІҮ тарау. Тамыр және тамыр жүйелері.

Тамырдың морфологиялық құрылысы. Тамыр

жұйелері.

Тамырдын өсу аймағы. Алғашқы және соңғы

анатомиялық құрылысы.

Тамырдың түр өзгерістері.
Ү тарау. Өркен және өркендер жүйесі.

Бүршік. Сабақтың бұтақтану түрлері және өсу бағыты.

Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының

анатомиялық құрылысы..

Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының

анатомиялық құрылысы..

Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық

құрылысы..

Жапырақ морфологиясы. Жапырақ анатомиясы.

Өркеннің түр өзгерістсрі.


ҮІ тарау. Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы, көбеюі және

дамуы..


Мүктердің даму циклі.

Папоротниктердіц даму циклі.

Ашықтұқымдылардың тұқым арқылы кобеюі.
ҮІІ тарау. Гүл құрылысы, қызметі.

Гүл құрылысы. Гүл формуласы және диаграммасы.

Гүлшоғыры.
ҮІІІ тарау. Жемістер морфологиясы.

Жемістер.

Өсімдіктерді морфологиялық талдау.

Мазмұны.


Дүрмекбаева Шынар Нұрлыбекқызы

Корректор Гүлнар Шаймергенқызы. Баспаға 05. 01. 2004 ж. қол қойылды Пішімі 60x84 '/,6. Таралымы 500ғ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет