Жұмыстың орындалу барысы: Жапырақтар коллекциясымен танысып, жай жапырақты күрделі жапырақтардан бөліңіз.
Жай жапырақтар ішінен бүтін, тісті, ара тісті, ойық, қалақты, жекелей тілімделген, бөлінген жапырақтарды анықтап, суретін салыңыз. Әрбір суретте жапырақтың сабаққа бекіну түрін, жапырақ пішінін, жапырақтың тілімделуін, жүйкеленуін жазыңыз.
Күрделі жапырақтардың ішінен үшқұлакты күрделі, саусақты күрделі, жұп- және таққауырсынды күрделі жапырақтарды анықтап, суретін салыңыз. Асбұршақтың жұпқауырсынды жапырағында жапырақ серігі мен мұртшасын көрсетіңіз.
2-тапсырма. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағынын анатомиялық құрылысы.
Жұмыстың орындалу барысы: Түйнекті фломис (Рһіоmus tubеrоsа L) өсімдігі жапырағынан көлденең кесінділер дайындап, уақытша препарат жасаңыз. Микроскоптың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы
70
қарағанда жапырақтың адаксиальды беткейінде 2 қатар бағаналы, абаксиалъды беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқаны анық байқалады . Торлы жүйкелену болғандықтан ортаңғы өткізгіш шоқ ірі, коллатеральды, ол склеренхима клеткаларымен қоршалған. Жапырағы бифациальды. (сурет 18).
Жаиырақтың ішкі құрылысының суретін схема түрінде салып, белгілеңіз.
18 - сурет. Түйнекті фломис өсімдігі жапырағының анатомиялық құрылысы: 1- эпидерма, 2-мезофилл, 3-орталық өткізгіш шоқ.
71
Жұмыстың орындалу барысы: Кәдімгі қызыл бояу (Gаlіum vеrum L.) өсімдігі жапырағынан көлденең кесінділер дайындап, уақытша препарат жасаңыз. Микросконтың кіші, одан кейін үлкен ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Жапырағының көлденең кесіндісі: жоғарғы және төменгі эпидермис, ассимиляциялық ұлпа-мезофилл, өткізгіш шоктар және механикалық ұлпалардан тұрады (сурет 19). Төменгі эпидермисте жай түкшелер (трихомалар) кездеседі. Олар бір клеткалы түзу болып келген және ұшы осіндімен аяқталады. Жапырағы бифациальды. Жапырақ тақтасының жоғарғы бетінде бағаналы, төменгі беткейінде борпылдақ ұлпа орналасқан. Орталық өткізгіш шоқ коллатеральды, склеренхима клеткаларымен қоршалған. Жапырақтың ішкі құрылысын қарап, суретін салыңыз және белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |