5-сурет. Картоптың крахмал дәндері және пияз қабыршақтары мен бегония жапырағы сағағындағы қымыздық қышқыл кальций кристалдары: А-картогггың крахмал дәндері: 1-жай дәндер; 2- күрделі дәндер; 3-жартылай күрделі дәндер; 4-крахмал қабаттары. Б- Пияз құрғақ қабыршақ клеткаларындағы жеке және крест тәріздес кристалдар. В- бегония жапырағы сағағының клеткаларындағы друздар.
Кристалдары бар бірнеше клеткалардың суретін салын, түсініктеме белгілерін жазыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
Крахмал дәнінің қандай тиіпері бар?
25
2. Алғашқы крахмал қайда түзіледі және соңғы крахмалдан қандай айырмашылықтары бар?
3. Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда
болады?
4. Клеткадағы қор заты крахмалды қандай реактив арқылы
анықтауға болады?
5. Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық маңызы кандай?
6. Қымыздық қышкыл калъций кристалдарының түрлері қаңдай және өсімдіктердің кандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі?
КЛЕТКАНЫҢ БӨЛІНУІ
Клетканың биологиялық касиеттерінің бірі - бөлінуге кабілеттілігі. Клетка бөлінуінің әдістері: амитоз, митоз, мейоз, эндомитоз.
Митоз жануарлар мен өсімдіктер клеткасының негізгі бөліну жолы. Эукариотты клеткалардың бөлінуі 2 сатыдан тұрады митоз және цитокинез.
Митоз- ересек ядродан морфологиялық және генетикалық жағынан ұқсас екі жас ядроның пайда болуы.
Цитокинез - клетканың цитоплазмалық құрамының екіге бөлінуі нәтижесінде екі жас клетканын пайда болуы. Митоз және цитокинез кезеңдері міндетті түрде қатар жүреді. Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза (сурет 6). Митоз тамыр, сабақ, жапырақ, жеміс қабы, тұқымның өсуші ұлпаларына тән.
Мейоз процесі нәтижесінде аналық клеткадан 4 жас клетка түзіледі. Әр клетканың хромосома саны аналық клеткаға қарағанда екі есе аз. Бөлінудің осы түрі спора түзілу кезеңінде жүзеге асады.
Бөлінудің қарапайым түрі - амитоз. Ол клетканын екіге бөлінуі нәтижесіндс жүреді, негізінен төменгі құрылымды есімдіктерге тән.
МИТОЗ КЕЗЕҢДЕРІ
Жұмыс мақсаты: Тамыр үшы меристемалық клеткаларындағы митоз кезеңдерін оқып-ұйрену.
Қажетті материалдар мен құралдар: тамыр ұшының ұзыннан кесіндісінің дайын препараттары, микроскоп.
Тапсырма.
26
1. Пияздың тамыр ұшы меристемалық клеткаларындағы митоз кезеңдерін қарау.
Тапсырмаға тұсініктеме. Өсімдіктер мүшелерінің ұыннан және еніне қарай өсуі митоздық бөліну нәтижесінде клеткалар санының артуына байланысты. Бөлінуге қабілетті клеткалар меристемалар ден аталады. Олардың нәзік целлюлозалы қабықшасы, қою цитоплазмасы және ірі ядросы болады. Интерфаза кезеңінде хромосомалар жарық микроскопы арқылы анық көрінбейді. Бөліну кезінде олар спиралданып, қысқарады және жуандайды. Осы кезде оларды санауға, пішінін жоне ұзындығын анықтауға болады.
Интерфаза. Бұл кезенде клетка ядросы мен протопласта бөлінуге қатысты күрделі биохимиялық өзгерістер жүреді.
ІІрофаза. Бұл кезенде ядро көлемі ұлғаяды, онда хромосомалар айқындала бастайды. Профаза соңында хромосома саны екі еселенеді (редупликацияланады). Ядро қабықшасы мен ядрошық біртіндеп жойылады. Нәзік ахромотинді жіпшелер түзіле бастайды. Метафаза. Хромосомалар экваторға орналасады және екі бірдей бөлік -хроматидтен тұратындықтан екі еселі керінеді.
Анафаза. Бұл кезеңде жіпше көмегімен хроматид клетка полюсіне тартыла бастайды және хромосома саны бірдей екі топ түзіледі.
Телофаза. Клеткада полюсінде ядро, ядрошық және ядро қабықшасы пайда болады. Ядроның бөлінуі интеркинез кезеңіне ауысады. Ядроның бөлінуімен бірге цитоплазмада бөлінеді.
27
6-сурет. Басты пияз (АІІіum сера) тамыр ұшы клеткаларындағы митоздық бөліну кезеңдері: 1-интерфаза; 2,3,4- профаза; 5- метафаза; 6-анафаза, 7,8,9- телофаза; 10-цитокинез.
Жұмыстың орындалу барысы: Басты пияз тамыр ұшының ұзыннан кесіндісінің дайын препаратын микроскоптын заттық үстелшесіне қояды. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы тамыр ұшын қараңыз. Сыртынан ол тамыр оймақшасымен қапталған. Оймақша астында митоз процесі белсенді жүретін меристемалық клеткалардың топтары орналасады. Бұл клеткалар пішіні бойынша ұқсас, ірі ядросы бар және бір-бірімен тығыз орналасады. Меристемалық клеткалар арасынан интерфазалық ядросы бар клетканы табыңыз. Онда ядрошық және ядро кабықшасы анық көрінген. Осындай клеткалардың саны көп, себебі мигоз кезеңдеріне қарағанда, интерфаза ұзақ уақытқа созылады. Бөлінген ядроны мұқият қарап, профаза, метафаза, анафаза және телофаза кезеңдерін табыңыз. Профазада ядрошықтың жоғалуы мен, хромосомаларды көрсетіңіз. Метафазада- ядро қабықшасының болмауын, ахроматинді жіпшелердің анық шекарасын және қою, жуан хромосомаларды байкаңыз. Анафазада хромосомалардың экваторға тартылуын және анафаза соңында клетка полюсіне жақындауын көрсетіңіз. Телофазада жаңа ядроның түзілуі, ядрошықтың анық
28
байқалуы және ядро қабықшасының пайда болуы көрінеді. Сонымен қатар, клетканың бөлінуі -цитокинез процесі де байқалады. Препараттан митоз кезеңдерін анықтап, суретін салыңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Клетканың қандай бөліну жолдары бар?
2. Меристемалық клеткаларға қандай құрылыс тән?
3. Митоз және мейоз процестері нәтижесінде неше жас клетка
түзіледі?
4. Митоз және мейоз кезеңдерінде аналық клеткаға қарағанда жас клетка хромосомаларының саны өзгере ме?
5. Өсімдіктер үшін митоздық және мейоздық бөлінудің қандай маңызы бар?
29
II ТАРАУ. ҰЛПАЛАР
Өсімдіктер ұлпасы - атқаратын қызметі, құрылысы, шығу тегі және өсімдіктер мүшелерінде орналасуы ұқсас клеткалар тобы.
Өсімдіктер тіршілігінде физиологиялық ролі мен маңыз жөнінен ұлпалардын мынадай түрлері бар: түзуші ұлпала (меристемалар), ассимиляциялық ұлпалар, қорлық ұлпалар, аэренхим сорушы ұлпалар, жабындық ұлпалар, заттардың өтуін реттеуші ұлпалар, бөліп шығарушы ұлпалар, арқаулық ұлпалар, өткізгі ұлпалар.
Меристемалар эмбриональды ұлпалар болып табылады-олардан басқа ұлпалар түзіледі.
АЛҒАШҚЫ ТҮЗУШІ ҰЛПАЛАР (МЕРИСТЕМА)
Жұмыс мақсаты: Алғашқы түзуші ұлпаның құрылысымен танысу. Тапсырма.
1. Сабақтың және тамырдың өсу конусының құрылысын карау.
Қажетті материалдар мен құралдар: Сужапырақ (Еlоdеа сапаdеnsіs өсімдігінің жас немесе фиксаңияланған бүршіктері, пияз (АІІіum сера тамыр ұшының дайын препараттары, алдын-ала өсірілген бида өскіндері, микроскоп, препаральды лупа, препаральды ине, затты шыны және жабындық әйнек, су.
Тапсырмаға тұсініктеме:
Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы - жаңа ұлпалар мен мүшелер түзе отырып, ұзақ уақыт өсуі. Мұндай өсу түзуші немесе меристема арқылы жүзегс асады. Меристема ерекшеленбеген, көп рет бөлінуге қабілетті клеткалардан түрады (сыртқы түрі бойынша ұқсас). Меристема өсімдіктерде өмір бойы сақталады (ағаш өсімдіктерінде мындаған жылдар бойы) құрамында инициальды клеткалар болады. Олар меристематикалық ерекшелігін сақтап, бірнеше рет бөлінуге қабілетті. Осы инициальды клеткадан өсімдіктің барлық мүшелері бастама алады. Ал, қалған меристема клеткалары инициальдың туындылары болып табылады, олардың бөлінуі шектеулі, ақырында тұрақты ұлпаға айналады.
Өсімдікгерде орналасуына байланысты мынадай түрлері бар:
Төбе немесе апикальды меристема ("арех" - латын тілінде "төбелік") сабақтың жоғарғы бөлігі мен тамыр ұшында орналасып, ұзыннан өсуін қамтамасыз етеді. Олар ұрықтың эмбриональды клеткаларынан бастама алады.
30
Жанама және латеральды меристема көлденең кесіндісі сақина тәрізді болып келетін осьті мүшелерде цилиндрлі қабат түзеді. Алғашқы латеральды ұлпа - прокамбий және перицикл, соңғы латеральды ұлпа -камбий және феллоген деп аталады. Камбий - бір катарлы клеткалар қабаты, камбий сабақ пен тамырдың жуандап өсуін камтамасыз етеді. Камбий сүректің және өзектің клеткаларын түзеді.
Интеркалярлы меристема даражарнақты өсімдіктер сабағы буынаралықтарының негізінде орналасқан. Төбе меристемасының қалдығы болып табылатын әрбір жеке буынаралықтың өсуін қамтамасыз етеді.
Зақымдық меристема өсімдіктің жарақаттанған кез - келген мүшесінде пайда болады. Клеткалардың бөлінуі нәтижесінде жарақат жазылып, одан соң клетка тұрақты ұлпаға ерекшеленеді.
1-Тапсырма. Сабақтың және тамырдын өсу конусының құрылысын қарау. Сабақтын өсу конусы.
Жұмыстың орындалу барысы: Жас немесе спиртте ұсталған сужапырақ өсімдігі (Еlоdеа сапаdеnsіs) өркенін кесіп алып, заттық шыныдағы су тамшысына салады. Екі қолға препаральды инені алып, өркеннін негізінен бастап жоғары жағына дейін жапырағын сабақтын ұшында жапырақпен жабылған өркеннің ұшы қалғанша абайлап бір-бірден жұлады. Нәзік өсу конусын зақымдамау үшін, жұмыста луиа қолданылады. Өркеннің ұшы анық көрішенде, оны сабақтан бөліп алып, осы шыныдағы су тамшысына салады. Абайлап жабын әйнекпен жабады да шетінен су тамшысын тамызады. Дайын препаратты микроскоп үстелшесіне койып, кіші ұлғайтқыш арқылы қарайды. Ең жоғары ұшы конус тәріздес ол тегіс, домалақ, ешқандай өсінділер болмайды. Одан төмен ұсақ төмпешіктер жапырақ бастамалары байқалады (сурет 7 А).
Дайындалған препаратты қарап болғаннан соң, суретін
салыңыз.
Тамыр ұшының конусы.
Жұмыстың орындалу барысы: Оны пияз тамыр ұшының ұзыннан кесіндісінің дайын препаратынан оқып-үйренеді. Микроскоптың заттық үстелшесіне препаратты қойып, кіші ұлғайтқышы арқылы тамыр ұшын қарап, тамыр оймақшасы мен өсу нүктесіндегі төбе меристсмасының клеткаларын табыңыз. Кесіндінің осы болігін мұқият қарап, өсу конусы ірі ядролы ұсақ клеткалардан тұратынын анықтаңыз. Тамыр оймақшасы бар ең ұшында ұсақ клеткалар байқалады. Олар тамырдың өсу нүктесін түзеді.
31
Тамыр ұшының жалпы көршісін салып, суретте өсу нүктесі мен тамыр оймақшасы белгілеңіз.
7-сурет. Түзуші және жабындық ұлпалар. А- сужапырақ өсімдігінің
(Еlоdеа сапаdеnsіs) өсу конусы: 1- өсу конусы; 2-жапырақ бастамалары; 3- жапырақтар; 4- жаңадан пайда болып келе жатқан бүршік. Б - Түйнекті фломис (РҺlоnis tubеrоsа L.) өсімдігі жапырағының жоғары эпидермисі. В- Түйнекті фломис (РҺlоnis tubеrоsа L.) өсімдігі жапырағының төменгі эпидермисі: 1- эпидерманың негізгі клеткалары; 2-устьице; 3- трихомалар.
Сонымен қатар тамыр ұшының конусын алдын-ала өсірілгені бидай өскіні тамырынан да препарат жасап көруге болады. Бидай өскінін алып, тамыр ұшын қандауырмен 1-1,5 см кесіп алып, заттық шыныдағы су тамшысына салып, бетін жабын әйнекпен жабады. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қараңыз. Препаратты көру алаңында тамыр оймақшасымен қапталған өсу конусы көрінетінде қойыңыз. Оның клеткалары аздап қысыңқы, кейбіреуі алынып, жанында бос жатыр. Тамыр оймақшасы бөліну аймағын алып жаты Клеткалары ұсақ, цитоплазмасы қою болады. Тамыр оймақшасы мен өсу конусының суретін салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |