Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


дырды.  Қүжаттың бүлікшіл сұлтан ауылынан табылуының мән-жайын анык-  тау



Pdf көрінісі
бет273/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

дырды. 

Қүжаттың бүлікшіл сұлтан ауылынан табылуының мән-жайын анык- 



тау 

үшін хат алысылды. Содан соң төлқұжат бұл жөнінде мәліметтер жинау 

үшін Пермь азаматтык губернаторлығына жіберілді.34

Жарғының VI тарауына сәйкес «қазактардыңтәртіпсіздіктері мен бетімен 

кетушіліктері үшін» жауапкершілік ең алдымен сұлтандарға жүктелгенімен,35 

1826 

жылдың бүкіл жазы бойында Саржан жасактарының белсенді кимылы 



өлсіремей, 

барған сайын жаңа болыстарды козғалыска тарта берді. «Казак- 



тар 

арасында ашу-ыза туғызу ниетін ойлаған» көптеген сұлтандар окруітік 



приказдардың 

«бастапкы кұрылысын күйрету» жөніндегі саяси талаптармен 



шектелмей, 

жер-жерде каруланған «көп адамдык партияларды» топтастыр-

329



ды,  бұл  орайда отаршыл әкім ш ілікке адалдығын сақтап  қалған ауылдарды 

коркытудан да тайынбады.  Саржан жасақтарының бірін  басқарған султан 

Абылай Ғаббасов өзінің ерекше ымырасыздығымен көзге түсті, ол Карқара- 

лы приказына жақындап келіп, бірқатар болыстарды «зығырданды кайната- 

тын  әрекеттері  арқылы» өзіне  ертіп алды,  өзінің сенімді  адамдарын  көрші 

аудандарға,  ен алдымен  Көкш етау округіне жіберіп,  «оның сұлтандарына 

олардың өздері бағынатын занды өкіметке бағынбауға ақыл берді».36 Карқа- 

ралы округі халқының Саржан батыр жағындағы көп бөлігі «округтен ғайып 

болды».

Көкш етау  округінде  қозғалысты  Сартай  Ш ыңғысов  басқарды,  ол  да 

көтеріліс  басшысы  Саржан  Кдсымовтын  көзқарасына  қосылатын.  Қазақ 

жерлерін біріктіруге ұмтылған атақты Абылай ханды ерекше кұрмет тута- 

тын Карауыл болысының өкілі Сартай Шыңғысов өз қимылын Ғ ұбайдолла- 

мен үйлестіріп, өзі жалпыхалықтықжетекш і Саржан батырдыңбилігіне то- 

лы к бағынды. Халық қарсыласуының одан әрі күшеюінен корку Омбы облы- 

сты қ  бастығы  де  Сент-Лоранды  1825  жылғы  4  кыркүйекте  «құпия»  деген 

белгімен Қаркаралы округі әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевке 

Саржан, Ғ үбайдолла ж әне Сартай сұлтандарды37 «олардың бір-бірінен ұзап 

кеткен» кезін күтіп, «іздеп табуға ж әне колға түсіруге кірісуді» міндеттеуге 

итермеледі.  Бұл орайда киын кедергілер кездескен жағдайда Карбышев «олар- 

дың бірі — Саржан  Касымовты қолға түсіруге ұмтылуға» тиіс болды.38

Сол кезде-ак көтерілісшілерге карсы қимыл жасап жүрген 200 казактан 

баска, Карбышевтің карамағына «орындарды алуға жіберілген» офицерлері 

бар 150 казак келді. Сәті түскен жағдайда тұткьгнға алынған сұлтандарды әске- 

ри  сотка  беру  үшін  «ең  кыска  жолмен  айдауыл  аркылы»  Омбыға  жеткізу 

көзделді, ал олардың әрекеттері  1822 жылғы Ж арғының «Мемлекеттік опа- 

сыздыктуралы» бабына жаткызылды, сондыктан Саржан сұлтанның Омбы 

бекінісінде  өз тағдырларының  не  боларын  күтіп  жаткан  12  серігі  сиякты, 

олар да өлім жазасына кесіліп, ең жаксы дегенде Сібірге, каторгалыкжұмы- 

старға жіберілуі мүмкін еді.

Сол  кезде  Омбыда  калалык ордонансгауз жанынан  арнаулы  комиссия 

қурылды; колледж тіркеушісі  Пирожковқа Саржан султан «қарақшылары- 

ның»  12 казағы ны ңайғактары н казак тілінен оры стіліне «аударумен айна- 

лысуға»  пәрмен  берілді.39  Көтеріліске катыскандарды  аяғандыктан  болар, 

бәлкім, абактыға камалып, торығып жаткан казактардың кайғылы тағдыры- 

на жан ашығандықтан болар, камаудағы  12 адамның үшеуі түрмеден кепілдікке 

босатылып, бұл облыс кеңсесінде нағыз әбігерлік туғызды.  Заседатель Бу- 

беннов, хатшы Елгин, бөлім бастығының қызметін аткарушы Захаров сотка 

берілді, бул іске катысы бар облыстык кеңес шенеуніктеріне «аса катан сөгіс» 

жарияланды.40

Аталған  ш енеуніктердің  өздері  үшін  қатерлі,  өкімет  орындары  қатаң 

айыптауы мүмкін  шешімге не үшін барғандары жөнінде пікір айту киын. 

Е д әу ір   к ө п ш іл ігі  О м бы да  да  ж ер   ау д ар ы л у   м е р зім ін   өтеп  ж үрген  

декабристердің ыкпалына ұшыраған бұл адамдардың крепостниктікке кар­

сы козғалы сты ң жалпы рухына сол аркылы үлес косуға, Сібірдегі бурата- 

н ал ар д ы ң ,  с о н ы ң   іш ін де  қ а за к т а р д ы ң   ауы р  ж ағд ай ы н   әй теу ір   бір 

жеңілдетуге ұмтылуы әбден мүмкін.  Болған оқиғаға облыс бастыктарының 

ерекше мән бергенін, бұл жөнінде оның Батыс Сібір Бас баскармасына де- 

реу хабарлағаны дәлелдейді.41  Солай дегенмен,  қарулы  бой  көрсетулерді

330



басып-жаныштауды ұйымдастыру міндеті жүктелген облыс бастықтары екі 

жақты   к ө зк арас  ұстанды:  бір  ж ағы н ан ,  хал ы қты қ  қозғалы сты   он ы ң  

жетекшісін тұтқынға алу жолымен басшысыз калдыруды, екінші жағынан, 

жер жағдайын жақсы білетін шағын топтарға бөлініп жасы рын  қимылдау 

арқылы дұш пандық пиғылдағы ауылдардың шабуыл жасауы жағдайында 

күрес жүргізу тактикасын жүзеге асыруды көздеді, өйткені облыс бастык- 

тары көтеріліс басталы сы мен-ақоны ңнегізгі ошактарын бастапқыда жой- 

ып жіберуде өздерінің олқылык жіберіп, батылдық көрсете алмағанын ұғын- 

ған  еді.  Омбы облысы  бастығының  міндетін  атқаруш ы  1825  жылғы  24 та- 

мы зда-ақ Батыс Сібір Бас басқармасы на былай деп жазды:  «Мен  Қ арпы қ 

болысының сұлтаны  С аржан  Касымовтың бетімен  кетушілігі  ж әне теріс 

қылықтарынан  болуы  мүмкін  қырсықты  ертерек  көріп,  оны  болдырмау 

жөнінде соған  сәйкес  шаралар  колдану  пайдалы  болатынын  айтпай  кете 

алмаймын...».42 Бұдан әрі ол: дереу қимыл жасау керек, алдын ала белгіленген 

«болжамдарды» орындауға ешкандай «жария етпей» кірісу керек деген ұсы- 

ныс айтады, ал ол болжамдар жалпыхалықтык жетекш іні ғана емес, соны- 

мен қатар мұндай жағдайда қазақтарды ң қауіптенуін туғыза алатын «ашу- 

ызаны болдырмау үшін катаңталғампаздықпен... ең басты пікірлестерінің» 

бірнешеуін де  қолға түсіруге  келіп  саяты н.43  К өтеріліске  карсы  күрестің 

таңдап алынған зұлымдық әдістері  «ұлы мәртебелі  құзырының» ризаш ы - 

лығын алған еді.  1826 жылғы 24 маусымда Сыртқы істер министрлігінің бас- 

қарушысы Көкш етау округтік приказы на I Н иколайдың Саржан сұлтанға 

өзірше «ешқандай жеке кудалау қолданылмасын, оны қолға түсіруден44 бұл 

жөнінде үкіметтің көзқарасы   нақты ланғанға дейін тоқтала тұрсын деген 

өмірі жеткізілді.  1826 жылғы  9  шілдеде  Петропавл  бекінісінде  жергілікті 

өкіметорындарының көтерілісті басып-жаныштау жөніндегі іс-кимылына 

шек койылатын үкімет нұсқауы алынды.

С ұлтанны ң  ой-ниетін  аны қтау  үшін  П етербургке  қажетті  мынадай 

мөліметтерді жинап, хабарлауға пәрмен берілді:  көпес керуендеріне казақ 

даласы арқылы «өткен кезінде» ол соңғы жылдарда әлдебір қысым көрсетті 

ме  ж әне  олар  неден  көрінді?  Ол  қандай  баж  өндіріп  алды?  Ш амадан  тыс 

мөлшерде алынған алымдар болды ма? Аталған сұлтанды іздестіру барысын- 

да казак отрядтарының далаға жасаған жорықтары нәтижелерінің пайдалы 

салдары болды ма? Оның керуендерге шабуыл жасау қаупі тыйылды ма әлде 

сақталып отыр ма? Мән-жайды аныктау үшін Саржан жөнінде тікелей Ресей 

Сыртқы істер министрлігінің баскармасына жиі шағым жасаған Ресей ж әне 

азия көпестерінен «жазбашатүсініктеме алу» ұсынылды.45

20-жылдардың екінші жартысында Орта жүзде уақытша тыныштық орна- 

ды: үкімет 1824 жылдың өзінде-ак ашылған Қаркаралы, Көкшетау округтерін 

нығайту  жайын  ойластырып  ж әне  1826  жылы  Баянауыл  округін  құрып, 

көтеріліске ш ыққан ауылдардың ізіне түсу үшін ірі казак отрядтарын жаб- 

дыктаудан тартынды. Алайда ол округтік приказдарға жақын жерлерде кару- 

лы  шолғыншылар  күзеті  күшейтілген  казактарды ң егінш і-отырыкш ылық 

қоныс тебуін едәуір кеңейтгі, олар есіл бойы, ертіс бойы ж әне алтай бекініс- 

терінің гарнизондарымен катар шаруалардың отарлауын біртіндеп  кеңейте 

берді, бұл орайда далаға терендеп баруға батылдық жасамады, ал онда накты 

билік негізінен алғанда бірте-бірте әлсіреп, барған сайын екінші катарға ығыса 

түскен бұрынғы хандық басқару құрылымының колында болатын.  Бұл жағ- 

дай 1830 жылдарға дейін сақталды.

331



Ресейдің  экон ом и калы қ  мүдцелеріне  нұксан  келтіріп,  империяның 

Солтүстік  Кавказда таулықтарға карсы соғыс  қимылдары үшін  ірі  күштер 

бөлуі  арта түскен  жағдайда аймақта  саяси  катысуын  әлсіреткен  талай  рет 

керуендерді тонау фактісі  Петербург сарайында алыста жатқан ж әне онша 

мәлім емес азиялықш етаймақта отарлау проблемасын күш қолданып шешуді 

жақтаушылардың көзқарасын барынша күшейте берді.

Оның үстіне Омбы облыстық баскармасының шенеуніктері жинаған ма- 

териалдар көтерілісшілер отрядтарының көпестерден өз бетімен баж жина- 

ған фактісін растады.

Бұл ретте көпес керуендерінен алымдар нағыз құны қарапайым номадтар 

үшін онша түсінікті емес ақшалай да, тауармен де алынған. Бірнеше мысалдар 

келтіре кетелік:  Троицк көпесі  Ю ркиннің кызметкері, казан татары  Бекбау 

Абсалямовтан Тас-Ш атшатқалында Саржанныңтуған інісі Күшік  ІООдабы, 

3 жібек шапан, 2 кесек парча, баркыт көрпебаж алған; Саржанныңтөлеңгітгері 

Тобылдан шыққан бұхаралык Руза Ғүмаровтан 551 сомның затын реквизипия- 

лаған, Бүхара боданы Тайыр Зәкіржановтың 16 атын алып койған.46

Дала өңіріне жазалауш ы күштер жіберуді уақытша токтатканда, Батыс 

Сібір генерал-губернаторы көтеріліске шыққан ауылдардыңбелсенділігін 

төмендетуден үміт еткені негізсіз емес болатын, ал ауыл ішіндегі күші бар- 

лардың көбі өз көзқарастарына қосылмаған жаңа аға сүлтандардың жасақ- 

тарына қарсы кимыл жасап жаткан еді. Саржанның ымырасыз жаулары ара- 

сында  Каркаралы  округінің аға  сұлтаны Тұрсын  Шыңғысов  болды, оның 

жаңа отаршылдық әкімшілікке жағымпаздануы ішкі саяси жіктелісті терең- 

дете түсті. Оның Омбы облысының бастығына жолдаған хаттары, өтініштері 

Саржанды, сондай-ак халык қозғалысын көрінеу жек көрушілікке толы бол­

ды. «Осы аркылы Сізге мынаны хабарлаймын, — депжазды Тұрсын Ш ыңғы- 

сов полковник С. Б. Броневскийге хатгарының бірінде“'— султан Саржан Касы­

мов асқан мейірбан Император ағзам бодандарының керуендерін үнемі тонап 

жүр,  мұндай  жаман  әрекеттерді  ол  өзі  сиякты  жауыз  адамдармен  бірігіп 

істейді... ол Семейден келе жаткан керуенді тонады; өз адамдарын жіберіп, 

жұрттың бәрін үзап көшіп кетуге шакыруда».47 Ол былай тұрсын, Ресей жа- 

ғын көтерілісшілерге карсы күрес үшін екі зеңбірегі бар 300 казактан тұра- 

тын өскери күш тарту кажет екендігіне сендіруге ұмтыла отырып, Т. Ш ың- 

ғысов халықтың Саржанды кең қолдайтынын күйіне отырып мойындайды, 

тек әлгіндей шаралар ғана бөлініп кеткен ауылдарды «дуан (Қаркаралы.  — 

Ред.)

 қарауына» кайтаруды қамтамасыз етеді деп санайды.48 Көтерілісшілерді 

Таш кент билеушісінің қолдауы туралы таралып кеткен мәліметтерге байла- 

нысты  С арж анға  қарсы  соғыс  кимылдары  тездетіле  түсті.  Орта  жүздің 

көтеріліске  ш ыққан  ауылдарының  қолайлы  жағдай  тууын  пайдаланып, 

тәуелсіз Қокан хандығымен бірігіп кету мүмкіндігі империяның Сырткы істер 

министрлігінде мұқият зерттелді, өйткені бұл патша отрядтарының округтік 

п риказд арға  сүй ен е  оты ры п,  о р таази я л ы к  иеліктер  ж ағы на  одан  әрі 

ілгерілеуін  едәуір  қиындатуы  мүмкін  еді.  Оның үстіне  Орта  жүз  бен  Үлы 

жүзтүйісетін жерлерде  1832 жылы құрылған Акмола және  1831 жылы кұры- 

лған Аягөз (Сергиополь) округтерін отаршылдықөкіметорындары аймакта 

Ресей ықпалын нығайтудағы ең қолайлы тірек пунктгер ретінде карастырды. 

Сондыктан  С арж анны ң  әсіресе  Таш кент  билеушісімен  жасауы  ықтимал 

қ а р ы м -қ аты сы   туралы   х аб ар л ар   Р есейдің   О рталы қ  А зи ядағы   ж аң а 

жетістіктерінің жолына кедергі коюға тырыскан әрекет деп қабылданды. Ал

332



фактілер Саржан сұлтан мен Таш кент құсбегісі арасында жасырым  карым- 

қатыс болғанын көрсетті. Бұған Саржанның  1831  жылғы 6 қазанда құсбегіге 

жолдаған хатын казак шолғыншыларының колға түсіруі дәлел бола алады. 

Орыстілінеаудармасында ол бірсыпыра қысқартылып, былай деп келтірілген: 

«Құдай Сізге және Сіздің берекелі, кашаннан құт дарыған, әскери істе Рүстем 

патша сияқты ерлігі де, байлығы да ересен еліңізге аманды қтілейді...  бізге 

Сіздің Мырзан, Сауранбай ж әне Сағындық билер арқылы жолдаған хаты- 

ңызды  көру өте  қуанышты  болды.  Бізді  Сырда,  Ш у  мен  Қ ож ы рда кыстап 

шығуға шақырғаныңыздан біздің жай-күйімізді Сіздіңжанаш ырлықпен ой- 

лағаныңызды көріп отырмыз. Сіздің өзіңізбен жақындасу жөніндегі ұсыны- 

сыңызға өте қуаныштымыз, келісеміз... біз Сізге қызмет көрсетуге әрқаш ан- 

да  әзірміз...  орыстар  мәжбүр  етіп  жатыр...  алайда  өзіміз діндес  ірі  елдерді 

жан-дүниемізбен жылай отырып аңсаймыз».49

1831 жылғы 9 қазанда жеке Сібір корпусының жаяу өскер генералы Вель­

яминов Қарқаралы округінен әскери отрядтың бастығы полковник Ш убин- 

нен Түркістан жағына,  сірә,  көтерілісшілермен  ынтымақ көрсеткен  қазақ 

ауылдарын колдау үшін болар, Ташкенттен 5000 адамы бар әскер шыққаны 

туралы «құпия» деген белгімен рапорт алды. Н ақсонда,  1831 жылғы 9 қазан- 

да, Омбы облыстық билеушісінің міндетін атқарушы нақ сол Шубинге «казақ 

халкын қоқан билеушісінің өз баскаруына тартуы ықтималдығы туралы» ха- 

барлаған.50

1831 


жылдың казанында Петропавлдың 3-гильдия көпесі Пакулев, мещан 

Никита Лепетов Таш кент құсбегінің найзамен, айбалтамен, «түйеге артыл- 

ған»  шағын  зеңбіректермен  каруланған  3000  адамға  дейін  жететін  әскері 

жақындап қалғанын хабарлады. Таш кент билеуш ісінің Ресей бодандығына 

қараған ауылдарды тонау ниеті айкын болатын, кұсбегінің Саржан сұлтан- 

мен кездесуі де сонда өткен, құжатгардыңтолық болмауы себепті келіссөздің 

мөн-мағынасы туралы пікір айту қиын; Ресейдің аймақтағы әрекеттеріне екі 

жактың да  аландаушылығы  негізгі  байланыстырушы  фактор  болды  ж әне 

тегінде, сол жолы солтүстіктен төнген  қауіпке қарсы бірлескен  қимылдар 

туралы шешімге келісім жасау мүмкін болды деп санау керек.

Саржан сұлтан құрамында 20 адам бар нөкермен Таш кентке барып, онда 

10 күн болды ж әне жергілікті ханға тарту ретінде 80 жылқы айдап апарды. 

Саржан серіктерінің бірі Байтелі  би И манқұловка «кара ту» табыс етілді.51 

Кейбір мәліметтерге Караганда, Саржан батыр кұсбегінің билігін тану белгісі 

ретінде Таш кентке алым төлеуге келіскен. Сонымен бірге казақсұлтаны на 

кұны 500 червонец тұратын сауыт ж әне алтынмен апталған семсер сыйланғ- 

ан.52 Коқан ханының осы сый-сыяпаты үшін Саржан  Ресей  бодандығында 

түратын ауылдардың «барымталармен» мазасын алып, Ресейді жан сала жак- 

таушылардың бірі сұлтан Қоңыркұлжа Құдаймендинді қолғатүсіруге ж әне 

оның ауылдарын шабуға немесе жылкысын айдап әкетуге міндеттенген. Сар­

жан сұлтанның Қоқанмен жақындасуы, Ресейге карсы түркі тілдес одақтык 

бірлестіктіңтоптасу ықтималдығы көтеріліс жасаған ауылдарға жазалау от- 

рядтарыныңжаппай шабуыл жасауды жалғастыруын тездетті.

1831 жылғы 30 қыркүйекте Сібір шептік казак әскерінің әскери кеңсесі 

де Сент-Лоранға Ақмола округі арқылы саптағы толық кару-жарағы мен жүк 

артылған аттары бар 50 адамнан тұратын казактар отряды жіберілгенін ха­

барлады.53  1831 жылғы 5 казанда де Сент-Лоранды ж еке Сібір корпусы ның 

командирі, егер Саржан сұлтан «Ақмола округіне карасты жерлерде барым-

333



та жасауын» тоқтатпаса, оның қатаң жауапкершілікке тартылуы — «тыныш- 

тыкты бузушы» ретінде Нерчинскіге каторгалықжұмыстарға сотталуы мүмкін 

екендігін сұлтанға хабарлау керек екеніне иландырып бақты.54 Бұл ретте Сар- 

жанны ң дала өңірін дүрліктірген, толассыз кимылдарына ашуланған Сібір 

корпусы ның командирі сүлтанға кең-байтақ өлкені дүрліктірген «опасыз- 

ды қ іс-қылығы үшін» алдында «лайықты жаза» күтіп түрғанын де Сент-Ло- 

раннан дереу хабарлауды өтінді. Де Сент-Лоранның бүлікшіл сұлтанныңаулы- 

на жеткізілген  1831  жылғы 9 қазандағы хаты мынадай қоқан-лоқы жасау са- 

рынында жазылған:  «...  Аса  құрметті  сұлтан  Сіз  Ресей тағына бодандыққа 

Өзіңіз берген анттан тайып... өзіңіздіңосы  кезге дейін бейбіт діндестеріңізді 

тонау аркылы...  бодан  казақтар арасында,  олардың меншіктерін де аямай, 

жалпы алғанда толық бүліншілік жасадыңыз; Сіздің атағыңыз үшін осынша 

айыптауға тұрарлық әрекеттеріңіз жазасыз қалмайды, яғни Сіз соған лайык 

жаза тартасыз». Осылайша жазалаумен қоркыта отырып,ол Ресей боданды- 

ғындағы қазақтардан көтерілісш ілер тартып алғандардыңбәрін кайтаруды 

талап  етті.55  Сібір  корпусы ның  нак  сол  командирі  Қ оңыркұлжа  Құдай- 

мендиннің «қазақ халқының» Саржанға көшіп кетуге «бейімдігі» (яғни ниеті. 

— /Ы .)ж өніндегі хатынтілгетиекетеотырып,  1831 жылғы 24 казандадеСент- 

Лораннан, егер султан «хайуандығын қоймаса», «өте жайсыз шаралармен» 

сақтандыра  отырып,  көтерілісті  тыюды  қатты  талап  етті.56  Бұл  орайда де 

Сент-Лоран нақсол ықпалды сұлтан Коңыркұлжа Құдаймендиннің қолдауына 

үміт артты, ол  1830 жылдың өзінде полковник болған еді, мүның өзі ол кезде 

«бұратаналардан» шыққандар үшін сирек құбьілыс болатын, ал  1832 жылы 

Акмола округінің ашылуына байланысты оныңалғашқы аға сұлтаны болған- 

ды,  «Жоғары мәртебелі сарайда» болып, «бұлжымас адалдығы үшін» алмас 

көзді алтын медальмен, күрметгі шапанмен және 5000 сом мөлшерінде ақша- 

мен марапатталған еді.57

Патша шенеуніктерінің одан кейінгі де барлыкжолданымдарына Сұлтан 

жауап кайтармай, көтеріліс камтыған жаңа аудандарды табандылықпен ке- 

ңейте берді, мұны ңөзі үкіметті  ірі ауқымды қимылдар бастауға итермеледі.

1831 ж ы лды ңорта шенінде Көкшетаудан шықкан, 500 адамнан тұратын ко­

манда Саржан ауылдарына кенетген шабуыл жасап, оларды талап-тонап кетті. 

Алтын, кете, жағалбайлы рулары катты зардап шекті, 450 ауыл адамы каза 

тапты, ондаған адам, соның ішінде Саржанның бір баласы түткынға алынды;

1832 жылдың басында П. Н.  Кулаков баскарған 250 адамнан тұратын казак 

отряды Күшік ж әне Есенгелді сұлтандарды күш колданып үстап, жанайдар 

руын тонады, 60 қазақты жазалады. Бұл касіретті деректерді кейіннен Кене- 

сары хан өзінің Орынбор шекаралык комиссиясыныңтөрағасы генерал-май­

ор Г енске жазған жолданымында растап берді.58 Жер жағдайын жаксы білген, 

едәуір жақсы жабдыкталған шағын атты жасақтарымен әрекет ете отырып, 

өзіне ерген ауылдардың қонысын  жиі  өзгертіп отырған Саржан  Касымов, 

казак бөлімдерінің ізінен қалмай қудалағанына карамастан, каһарлы күшке 

айналды. Генерал-губернаторға Сібір корпусының командирі хабарлағанын- 

дай,  1832 жылғы 14 наурызда көтерілісшілер үйытқы болған 400 адам Сұлукөл 

ауданында топтасып алып, «барымта жасаған» да, Ресейді жақтаушы қазақ- 

тардың  1600 жылкысын айдап әкеткен, мұның өзі Ақмола приказында едәуір 

аландаушылықтуғызған. «Ш екаралык отрядтың» командирі жүзбасы Чири­

ков: «сатқын» Саржан Касымов барынша мүқият кадағаланып отырсын, оның 

ой-ниетінің  алдын  алуға,  оның  күш терінің  орналасқан  жерлерін  «ақылға

334



қонымды  шаралармен» анықтауга,  «ол  жетекш ілік 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет