Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


  ИСАТАЙ МЕН МАХАМ БЕТ БАСТАҒАН



Pdf көрінісі
бет276/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge
sciPaper160544
3.  ИСАТАЙ МЕН МАХАМ БЕТ БАСТАҒАН

 

ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛЗСІ



Көтерілістің себептері. 

XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хан- 

дығында қазақ халқына экономикалы қ қысым еселене түсті, ғасырлар бойы 

қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт киратыл- 

ды. Астрахан губернаторының үйінде тәрбие алған Ж әңгір хан далаға кейбір 

салт-дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салы қсаясаты н ж әне хан сарай- 

ын қоса, хандықтағы қоғамдықтұрмыс пен саяси құрылысты қайта құрудың 

«аристократиялық-өркениетті» жоспарларын ойластырып оралды. Ол өзіндік 

салт-дәстүрі  бар жартылай көшпелі  қазак коғамының негізінде хан  билігі 

мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде қүлақ асатын, өзінше бір «са- 

уатгы» аймақтық хандық құруды ойластырды. Алайда көшпелі ж әне жарты­

лай  көшпелі  кауымдар ханның бұл «жаңалықтарын» кабылдауға  өзір емес 

еді.

Патша әкімшілігініңжергілікті ұйымдарына ж әне негізінен алғанда, пат­



ша  өкіметінде  қызмет  атқаратын  ірі  ж әне  орташа  жергілікті  шонжарлар 

бөлігіне біржақты сүйене отырып, хан билігі зор табандылықпен жүргізген 

саясат хандық ж әне отарш ылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық-кауым- 

ды қ жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеп соқты.  Осының 

салдары ретінде ол шаруашылык өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжым- 

дардың экономикалы қ әлеуетінің құлдырауын, ж оқш ы лы ққа ұшырап, ке- 

дейленген  қожалықтар санының едәуір  көбеюін,  хан  билігінің беделі  мен 

ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты 

туғызды.

Осындай жағдайда казақты ң малшы-шаруалар бұкарасы ны ң көтерілісі 

болып, ол әсіресе  1836—37 жылдарда хандықты мықтап дүр сілкіндірді. Ха- 

лық-азаттық козғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына 

жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды.  Бұл қолайлы, бай жайы- 

лымдықалаптар еді. Олар кінәз Юсупов пен граф Безбородконың иеліктері 

болатын. Негізінен жерсіз ж әне жері аз көшпелі қауымдар, өмір арнасынан 

шығып қалып, қанағатганарлық жалгерлік жағдайында жайылым алуға неме- 

се  балық кәсіпш іліктеріне жүмысшы  болып  жалдануға  үміттенген  қауым 

мүшелері сол жерлерге ағылды.  Уақыт өте келе, бұл жердегі халықтың ты- 

ғыз болып,  ал  «қазыналық»  басқарушылар үстіне хан агенттері  мен  салы қ 

жинаушылары  билігінің тонауш ылық сипат алғаны сонша, бұл  учаскедегі 

жердің тарлығы мен алым-салықтың хандықтың басқа аудандарына Караган­

да  ерекше  көптігі  күрделі  шиеленісті  туғызды.  Аталған  иеленушілердің 

жерлеріне ғана (шамамен 300 мың десятина) 30-жылдардың орта шенінде орда 

халқының үштен бірінен астамы, 7 мыңға жуық шаңырақ көшіп барды. Қысқа 

қарай мұнда көп мал айдап әкелініп, олардың саны 200 мындай жылкыға және 

жарты  миллионная  астам  койға жетті,69 бұлардың көбі  бай  сұлтандар  мен 

билердіңмалы еді.

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған азаттык күресі өз да- 

муында үш кезеңнен өтті.  Бірінші кезең  1833—36 жылдарды камтиды ж әне 

карулы  көтеріліске  дайындык  кезеңі  ретінде  сипатталады.  Екінші  кезең 

көтерілісшілердің ханға карсы аттануымен басталып (1837 жылдың басы), 

олар жеңіліске ұшырауына — 1837 жылғы караш аның орта шеніне дейін со- 

зылады. Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған ша-

22-36


337


гын тобымың Ж айы қты ңсол жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқ- 

санны ң орта шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру ж әне Акбұ- 

лак өзеніне  жақын  жерде болған  үрыста  біржола  жеңіліске  ұшырау  (1838 

жылғы шілденің орта шені) кезеңімен аяқталады.

Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарыныңхан саясаты мен 

баскаруына наразылығы тезөрістеді. Оныңтұтануына Ж әңгірдің  1833 жылы 

кайын атасы Кдрауылкожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне 

қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды. Хан- 

ның  бұл  әрекетін  жергілікті  жерлерде  көпшілік  жұрт өздерінің  мүдделері 

мен  ауыл  қауымдарының  еркін  мүлдем  елемегендік  ж әне  өздеріне  қыр 

көрсетушілік деп санады.  Ж ұрт  Кдрауылқожаны  қарапайым көшпелілерді 

қатыгездікпен қанаушы ретінде, ірі өсімкор-саудагер және күш колданып ба- 

сқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және 

жан  сала  уағыздаушылардың әрі  орындаушылардың бірі  ретінде де белгілі 

болатын.  Халыктың орныққан көзқарасы бойынша, шыққан тегі кожа болғ- 

андыктан, оның қазақ руларын басқаруға кұкықсыз жағдайының да мәні бол­

ды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау карсаңында да, одан 

кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар аударма- 

ды. Ашынған халық бұкарасы ханға ашык қарсы қозғалыс бастады.

Оңтүстікте  көшіп  жүрген  беріш  руының ауылдары  коғамдык ашу-ыза 

мен қозғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тай­

манов басқаратын,70 кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның ха- 

лы к бұкарасын басқарудан зортәж ірибесі бар еді, ерлігімен және батылды- 

ғымен ерекше көзге түсті, әскербасылы ққасиеттері болды. Оған өуел-бас- 

тан-ак жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын  Махамбет Өтемісов 

қосылды, ол сол уақытқа карай-ақхалықарасында шешендігімен, өр мінезімен 

ж әнетерең ойлылығымен ғана емес, сонымен катар кдтардағы көшпелілердің 

мүдделерін қорғауымен де мәлім болып үлгірген еді. Сөйтіп хандыктың оң- 

түстігіндегі  азаттык козғалысы  калыптаса  бастаған  кезде аса  көрнекті  екі 

кайраткер — Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе косты.

Хандыктың  оңтүстігіндегі  жағдай  хан  режиміне  ж әне  оның  сыртында 

түрған отарш ылдық өқімет орындары үшін тым кауіпті, елеулі сипат алды. 

Окиғалардың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Ж әңгір хан «тойдырып алып, 

таспа алу» саясатын колданды. Ол Исатай мен Махамбетке сый-сыяпат корсе­

ту ге тырысады, оларды хан сарайы жанындағы маңызды жиналыстар мен съез- 

дерге шакырып, хан ордасына патша шенеуніктері келген кезде солармен та- 

ныстырады. Бір кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларыныңтәрбиешісі 

болтан еді ж әне Ж әңгір оны өз нөкерлері кұрамында Петербургке импера­

тор сарайына ертіп бармакшы да болады.  1834 жылы Махамбет Өтемісов стар­

шын болып тағайындалады.

Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағынатартуға тырыСкан 

барлык әрекеттері  калағандай нәтиже бермеді, олардың ханға карсы  көңіл 

күйі  барған  сайын  айкындалып, терендей түсті.  Сол  кезде Ж әңгір оларды 

ашыктан-ашык кудалауға және олар жөнінде күш колдану шараларына көшті. 

Ол  Махамбет Өтемісовті  тұткынға  алғызды.  Ол  «хан  иеліктерінен  кетуге» 

ж әне Ж айы кты ң сол жағасына өтуге «үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін» 

1829  жы лғы   15  ш ілдеден  1830  ж ы лды ң  кы ркүйегіне  дейін  К алм ы ков 

бекінісіндегі түрмеде ұсталды.71 Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік жа- 

салды.  Каспий теңізінің жағалауын  алып  жатқан  рулардың баскарушысы

338



етіп Қарауылқожа Бабажановтыңтағайын- 

д ал у ы ,  б ір ін ш і  к е з е к т е ,  И с атай   мен 

М ахамбеттің  айтканға  көнбей,  «бетімен 

кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық- 

тан  бөліп  тастауға  қол  жеткізу  үшін  ж әне 

оларға үнемі  бақылау жасап отыру мақса- 

тында  жасалған  еді.  Ж аңа  басқарушы  өз 

қызметін  ханның алдына  Исатайды  беріш 

руын баскарушы қызметінен «тайдыру» ту- 

ралы ж әне оның өзі мен оған ниеттес ауыл- 

дарды құнарсыз жайылымдык учаскелерге 

көшіру туралы мәселе қоюдан бастады. Со- 

нымен бірге Ж әңгір хан Орынбор губерна- 

торлығынан Исатай Таймановты, Махамбет 

Өтемісовті  ж әне  олардың  басқа  да  кейбір 

серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен пат- 

ша өкіметінің даладағы саясатына карсы «бүлікшілдікке бастаушылар» етіп 

көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрады.  1836 жылғы 

17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды:  Исатай 

мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр.  Олар 

старшындар Қарабекен мен Ж оланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды 

ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге өмір етемін».72

1833 

жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының 



өмірі өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көш уінің 

орнына, рулық кауымдардың көш і-қоны жақындай түсті; жол бойында ру 

бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаушылары мен хабаршылары жосып 

жүрді;  жиындар мен  кеңестер  өткізіліп,  ауылдардың төңірегінде хан  қол- 

шоқпарларыныңж асалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері 

қүрылды.  А затты қ  козғалы сы ны ң  осы  «жергілікті»  кезең ін е  мынадай 

белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, 

ру басқарушыларына күрт наразылықбілдіріп, олардыңорындарынан алы- 

нуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан 

топтарының саясатына карсы бағытталған қозғалыска барған сайын жаңадан 

ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Күштер топта- 

стырылып, біртұтас үйымға біріктірілетін қарулы  жасақтар қүрылып  жат- 

ты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде  1836 жыл- 

дың мамырында Ж әңгір хан Исатай мен Махамбетті  «өте зиянды» адамдар 

деп сипаттап, оларды ұстап алуды ж әне «Ордадан біржола аластауды» сұра- 

ды.73 Үшіншіден, әсіресе  1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауыл- 

дарына шабуыл жасау, олардың малы  мен  жерін басып алып, қоныстарын 

талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей 

басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көпте- 

ген ру ішіндегі ж әне рулық қауымдар хан ш енеуніктерінің билігін көрінеу 

көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет ха- 

лық жиындарының бірінде ханның қатысуынсыз ж әне оған жалтақтамай, 

дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттықжолындағы ж әне заң- 

ға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. А заттық қозғалысы 

бүкіл хандықты камтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азат- 

тық қозғалысының лагері құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет