Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


  ЖҮМЫСІІІЫ КАДРЛАРЫНЬІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ



Pdf көрінісі
бет502/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

4.  ЖҮМЫСІІІЫ КАДРЛАРЫНЬІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қ азақ шаруаларының ыдырауы ауылда жаңадан екі әлеуметтік халық са- 

натының: байлар мен жұмысшылардың пайда болуын туғызды. Қазақ шаруа- 

ларының осы санаттарының арасындағы аралык буын орта шаруалар болды, 

олар көпш ілік жағдайда ауыл шаруашылықжұмысшыларының қатарларын 

толықтырып отырды.

Казақстанның бірқатар облыстарында ондаған мың қазақ кедей шаруала- 

ры табыс табуға шетке кетті.  1880—1890 жылдарда Семей облысында олардың 

саны  18—25 мың адамға,59 ал Сырдария облысында  1910жылы —39 мың,  1911 

жылы — 41 653 адамға жетгі.60 Семей облысынан шетке кәсіп іздеп кетушілердің 

көпшілігі кен зауыттары, рудниктер, өндеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары 

ж әне  әр түрлі  кәсіпш іліктер шоғырланған  Семей ж әне  Өскемен  уездеріне 

шығып  отырды.  Бұл  орайда  К азак ауылдарынан  шет көсіпке  кетушілер өз 

уездері мен  облысында ғана жалданып жұмыс  істеген жоқ, олардың табыс 

іздеп туған өлкесінің шегінен алыска да кетулеріне тура келді.

«1894жылғы Семей облысыныңшолуында» былай делінген: «Жүмыс колы- 

ның қажеттігі әрқашан аңғарылатын ж әне жұмысшының еңбегіне ақы жақсы 

төленетін Семей қаласының арқасында семей қазақтары қазірдің өзінде да- 

лаға бармай өмір сүруге дағдыланып алды, Сібір темір жолын салуға жақсы 

ақы төленеді, жүмысшылар қажеттігі туралы бірінші болып біліп, дала тұрғы- 

ны немесе диқан өмірін тастап, табыс табу үшін сол жаққа кетті».61

Табыс  іздеп  кетушілер  Батыс  Сібір жолында ғана емес,  сонымен  қатар 

Сібір магистралының өздері туған жерлерден неғұрлым қашық басқа учас- 

келерінде де жұмыс істеді.  Баспасөзде  1895 жылы Семей облысы  Павлодар 

уезінің 2 мындай қазағы жол мердігерлерінің айтуы бойынша магистраль салу 

үшін Енисейдегі Тайга станциясына кеткені хабарланды.  1895 жылы Ачинскіге 

жақын Орта Сібір учаскесінің құрылысында Қазақстанның Солтүстік-шы- 

ғыс аудандарынан барған 2,5 мыңнан астам қазақтар жұмыс істеген.62

Солтүстік ж әне Орталық Қазақстанда темір жол құрылысында үнемі не­

месе көбінесе жұмыс  істеген  қазақ жұмысшыларының жекелеген топтары 

бірте-бірте қалыптаса бастайды.  1901 жылы «Тургайская газета» макала жа- 

риялады, оның  1893 жылы Воскресенск (Екібастұз) темір жолындағы құры- 

лыс  жұмыстарын  көзімен  көрген  авторы  «Воскресенск  темір  жолын  салу 

кезінде казак жұмысшылары арасында Батыс Сібір темір жолын салу кезінде 

де жұмыс істегендер көп болды» деп атап өткен. Автордың айтуынша, «бар- 

лы к жер жұмыстарын түгелдей дерлік жаяу, сондай-ақ аты бар жұмысшы» 

қазақтар атқарған, олар «күндік ж әне айлық жұмыстар істеген», ал көбінесе 

«бір текше жерге», яғни кесімді жұмыс істеген, «олардың арасында тәжірибелі 

ж әне шебер жұмысшылар көп болды, жалпы бұл жұмысты олар оңай атқар- 

ды және техникалық қадағалаудың барлықталаптарына тез бағдар алып отыр­

ды». Автор казақтардың алуан түрлі кұрылыс жұмыстарына кең катысқанын 

ерекше атап көрсеткен. «Жер жұмыстарынан басқа, — деп жазған ол, — мате-

584



риалдардытасу мен жеткізуді тек кана қазактар жүргізді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет