Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


амалсыздан   жасаған мойындауын көрсетпей кетуге болмайды.  1912 жылы өзінің  Ішкі істер



Pdf көрінісі
бет504/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

амалсыздан

 

жасаған мойындауын көрсетпей кетуге болмайды.  1912 жылы өзінің 



Ішкі істер

 

министрлігіне есебінде ол ашулана отырып, былай деп жазған: «Торғай 



облы-

 

сының 18 теміржол станциясынан Ақтөбе қаласында ж әне 



Шалкар станция-

 

сында иеліктен алынған жердетемір жол ұстаханалары салынған... 



Көпшілігі

5 8 7


ішкі Ресей ұстаханаларынан қуылғандардан тұратын, әр түрлі саяси сандырак- 

тармен уланған темір жол ұстаханаларыныңжүмысшылары жергілікті поли­

ция үшін көп іс туғызып отыр».81 Алдыңғы қатарлы революциялықпиғылдағы 

жұмысш ылар  мен  теміржолшыларға  осы  бір  өшпенділік  пен  ызаға  толы 

мінездемеге Актөбе станциясыныңтеміржолшыларына жандарм офицері бер- 

ген мынадай мінездемені де қосуға болады: «Мұнда кызметшілердің ең басты 

контингенті,—деп жазған ол, — баска да барлық Ресей темір жолдарынан куыл- 

ған... саяси... талайды көрген, революциялықкүрестетиісіншетәжірибесі бар 

адамдардан тұрады».82

Өлкеге шақыру бойынша да, өз еркімен де табыс іздеп Ресейдің ішкі гу- 

бернияларынан күйзеліп келген шаруалар өлке жұмысшыларына айналды.

Сөйтіп, жергілікті  қазақтар мен қоныс аударушы шаруалардан шыққан 

шетке табыс  іздеп  кетушілер,  жергілікті  қалалардың күйзеліске ұшыраған 

қолөнершілері мен жүмысшылары, запастағы төменгі өскери шендегілер және 

өлкенің қала халқы, сондай-ақ Ресейдің ішкі жөне баска губернияларынан 

келген білікті жұмысшылар мен күйзелген шаруалар — XIX ғасырдың аяғы 

XX  ғасырдын,  басындағы  Қазақстан  жұмысшыларының  негізгі  қалыптасу 

көздері міне осындай.

1913 жылы Қазақстандағы жұмысшылардыңсаны, шамамен жасалған есеп- 

теулер  бойынша,  75  мындай  адамға  жетті.  1913—18  жылдарда  жүргізілген 

Бүкілресейлік өнеркөсіп және кәсіптік санақтың деректері бойынша, Қазақ- 

станда  1913 жылы 675 фабрика-зауыт кәсіпорындары болып, оларда 51  104 

жұмысшы істеген,83 олардың ішінде ірі зауыттарда 1913 жылы жылдықорта- 

ша саны  19851  адам болған.84 Өлкенің темір жол ж әне су жолы көлігінде 25 

мыңнан астам жүмысшы істеген.85 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 

ең алдымен  ірі өнеркәсіп орындарында ж әне темір жол  көлігінде олардың 

соғыс мұктаждарына жұмыс істеулерінің күшеюінетығыз байланысты жүмыс- 

шылар санының кейбір көбеюі орын алды. Кен өнеркәсібінде ғана жұмысшы- 

лардың  саны  18  мың адамға  жетті,86  ал  темір  жол  көлігінде  30  мың адам87 

жұмысшы ж әне қызметші болып істеді, осының бәрі  1917жылы, Қазан рево- 

люциясының қарсаңында және сол кезде Қазақстан жұмысшыларының саны, 

шамамен жасалған есептеулер бойынша, 90 мыңнан астам адамға жеткен.88

Бірақ Қазақстан жұмысшыларының бүкіл осы сапын тек қана фабрика- 

зауыт өмірімен байланысты деп санауға болмайды, олардың көпшілігінде ба­

ска да кәсіптер болды, өйткені кәсіпорындардың көпшілігі маусымға қарай 

жұмыс істеді. Сол себепті уақытша жұмыссыз қалған жүмысшылар ауыл ша- 

руашылығымен немесе әлдебір кәсіпшілікпен айналысуға мәжбүр болды.

Маусымдық кәсіпорындар қатарына мақта тазалау зауыттары, жүн жуа- 

тын, шөмеле кұрғататын кептіру кәсіпорындары және баскалар жатты. Май 

шайқайтын,  сабын  кайнататын,  күріш  тазартатын  ж әне  баска  зауыттар, 

диірмендер де  шикізаттың жетпеуі  себепті жыл бойы жұмыс  істей алмады. 

Сонымен бірге жылдың жекелеген кезендеріне, олардың бірқатарына анағү- 

рлым көп мөлшерде жүмысшылар керек болды. Орта Азияның макта тазарта­

тын зауыттары үшін бүл кыркүйектен наурызға дейінгі кезең, яғни кыс кезі, 

жүн  жуатын  орындар  үшін  — жаз,  шарап  ашытатын  зауыттар  үшін  —күзгі 

айлар (тамыз жөне кыркүйек), кептіру мекемелеріне, шөмеле құрғататын және 

кірпіш зауыттары үшін — жазғы кезең ж әне т.б. болатын.89

Тек темір жолдар мен ішінара кен өндіруші және кен- зауытөнеркәсібінің 

кәсіпорындары тұракты жұмыспен қамтамасыз етгі, мұның өзі өндірістің осы

588



салаларында азды-көпті тұракты жұмысшы кадрларының пайда болуынн жш- 

дай жасады.

Өнеркөсіпте  маусым  бойынша жұмыс  істеген  кәсіпорындардың басым 

болуы, олардың аймақжағдайларына қарай мамандануына байланысты өл ке­

де жұмысшылар құрамыныңтөмендегідей болып бөлінуіне әкеп соқты.  1913 

жылы Түркістан өлкесінде (Закаспий облысын,  Әмудария бөлімін,  Ж етісу 

облысының Қапал, Жаркент және Лепсі уездерін қоспағанда) фабрика-зауыт 

өнеркөсібінің 792 кәсіпорны болып, оларда 20 925 жұмысшы істеді,  олардың 

ішінде тоқыма талшығын өндеу жөніндегі кәсіпорындарда  12427 (59,4%), ме­

талл өндеуде — 421  (2%),  қоректік өнімдерін өндеуде -   5111  (24,2%), баска 

өндірістерде — 2969 адам (14,2%) жұмыс істеді. Сонымен, өлке жұмысшыла- 

рының 73,6%-ы ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізатын өндеумен айна- 

лысты, металистер небәрі  2%  болды.90 Металистер негізінен темір жол  ше- 

берханаларында шоғырланды.

Өлкедегі өнеркәсіп орындары техникалықжағынан артта калған, қарапай- 

ым, жабдыктары тозған ж әне ескірген  болатын.  К әсіпкерлер арзан жұмыс 

күші мол болған соң өз кәсіпорындарын техникамен жарақтандыруға мүдделі 

болмады.  1913 ж ы лы Түркістанны ңөнеркәсіп орындары ның48түрінен 23-і 

механикалық двигательдерсіз жұмыс істегенін айту жеткілікті, мұнда өндіріс 

үрдісі шамадан тыс қол еңбегіне негізделді. Ж үн жуатын орындар, әк зауыт- 

тары, керамика өндірісі, ішек-карын тазартатын, желім кайнататын, балау- 

ыз, ірімшік қайнататын, шарап ашытатын, спирт тазартатын, шарап кайната­

тын, сабын кайнататын жөне баска зауыттар механикалык двигательдерсіз 

жұмыс істеді. Өлкенің 702 кәсіпорнында жалпы куаты 21 713 ат күшін кұрай- 

тын 507 механикалык двигатель болды. Олардың жартысына жуығы макта өң- 

дейтін кәсіпорындарға, калған бөлігі коректік өнімдерді өндейтін кәсіпорын- 

дар мен электр станцияларына келетін еді. Соңғылары өлкеде небәрі  13 бола­

тын, оларда жалпы қуаты 3225 ат күшіндік 51  механикалык двигатель болды.91 

Өлкедегі өнеркәсіп орындарының томен техникалықдеңгейі жергілікті жұ- 

мысшылардың біліктілік деңгейінде ізін калдырды.

1913 жылы Түркістанның өнеркәсіп жұмысшылары жүмыс санаттарына 

карай былайша бөлінді:  негізгі өндіріс бойыншажұмысшылар — 69,1 %, двига- 

тел ьдермен жұмыс істейтін жұмысшылар —  4,6%, жөндеу ж әне басқа да коса- 

лкы  жұмыстар  жөніндегі  жүмысшылар  — 2,7%,  кара  жұмысшылар  -   21%, 

баскалары — 2,3%.92

Өлкедегі  өнеркәсіп  жұмысш ыларының  шоғырлану дәреж есі,  әсіресе, 

ендеуші  өнеркәсіп  орындары  нашар  болды,  оларда  бір  кәсіпоры нға  орта 

есеппен  келетіні  20  адамнан  аспады.  Бірак  кен  өндіруші  ж әне  кен-зауы т 

өнеркөсібі  мен темір жол  көлігінің  кәсіпорындарында  жұмысш ылардың 

шоғырлануы біршама жоғары болды:  1915—16 жылдарда Спасск зауытында 

-  919, Караганды кен орындарында -  930, Қарсакбай зауытында — 499, оның 

кенішінде  — 486,  Екібастұз  кен  орындарында  —  410,  Успен  кеніш інде  — 

336 адам жұмыс істеді.93

Темір жол жұмысшылары шеберханалар мен деполарда шоғырланды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет