Ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих


Шымкұлак  кеніндегі  руданы  жоғары  шығаратын  қол  шығыры  (



Pdf көрінісі
бет495/667
Дата29.01.2022
өлшемі47,68 Mb.
#115926
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   667
Байланысты:
kozybaev mk bas red kazakstan tarikhy kone zamannan buginge

Шымкұлак  кеніндегі  руданы  жоғары  шығаратын  қол  шығыры  (

1891


).

жылдары Қарқаралыға жақын жерде Косьмо-Демьяновск, Балкаш көлінің 

жағалауына жакы н жерде Степановск зауыттарының негізін калады, олар 

араға үзіліс  салып,  біріншісі  1913 жылға дейін,  екіншісі  1907 жылға дейін 

жұмыс істеді.12

Бұл  кәсіпорындардың  бәрін  кәсіпкерлер  жеткілікті  каражаттары  мен 

тәжірибесі болмай, өндіріс техникасы төмен және біліқті жұмысшылары жок 

жағдайда салып, пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып 

кетті де, ақыр аяғында күйзеліске үшырады.

XX 


ғасырдың басында жалпы кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, алғашқы 

кезекте мыс өндіретін  кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік 

коғамдарының колына көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың 

бірі  —  1904 жылы  Лондонда бұрын  Рязанов  пен  Козицинаға тиесілі  болып 

келген, XIX ғасырдың екінші жартысында өлкедегі мыс балкыту өнеркәсібінің 

ошағы болған кәсіпорындарды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақ- 

сатымен құрылған «Спасск кен  рудаларының акционерлік қоғамы».  Қоғам 

орыс кәсіпкерлерінен Спасск мыс балқыту зауытымен коса Спасск-Воскре- 

сенск мыс  кенішін ж әне Успенск мыс кенішін, Саран ж әне Қарағанды тас 

көмір кен орындарын, екі темір кенішін сатып алды. Коғам аралас құрамды — 

ағылшын-француз қоғамы болды ж әне франция президент! М .Ф.Карноныц 

үлы, француз капиталисі Клод Эрнест Жан Карноның байланыстары мен ыкпа- 

лы аркасында кұрылған еді. Ол патша шенеуніктерін сатып алу жолымен тиімді 

мәміле жасасуға кол жеткізді. Қоғамның басқармасына төрт ағылшын және 

торт француз кірді.  Оның төрағасы — ағылшынның ірі  капиталисі,  Парла­

мент мүшесі Артур Фель, ал вице-президенті Э.Карно болды. Қоғамның ак- 

цияларын ұстаушылар Американың, Германияның, Щ вецияның, Испания- 

ның және баска капиталистік елдердің каржылық іскерлері болды.  Спасск 

коғамында шетелдік (Лондон-Ливерпуль коммерциялык, Дрезден, Неміс) және 

орыс (Біріккен Орыс—Азия, Сібір, Мәскеу, 



О ры с

 сауда өнеркәсіптік, Петер-

574



бургж еке коммерциялық ж әне басқалар) банкілерініңөз мүлделері болды, 

бірақсоңғыларының қызметіне шетел, әсіресе француз, ағылшын жөне Гер­

ман капиталы зор ықпал жасады.13

1906 жылы кәсіпкер Рязановтың мұрагерлерінен сатып алынған Ж езказ- 

ған мыс рудалары кеніштерін пайдалану үшін Лондонда тағы да «Атбасар мыс 

кен орындарыныңакционерлік қоғамы» құрылды. Қоғам Ж езқазғанға Ескол 

алқабындағы темір кенішін,  18 әк шығаратын карьерді және Байқоңыр алка- 

бындағы 4 таскөмір кенішін пайдалану құқығын сатып алды. Қоғам  1913 жыл ы 

Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын сала бастады, ол Қазан револю- 

циясына дейін салынып бітпеген күйінде калды.  1911 жылға карай бұл қоғам 

акцияларының40%-ы «Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының» қолы- 

натүсті. Ол  1913 жылы оны толы қсіңіріпалы п, кәсіпорындарымен коса Ж е- 

зказған кеніші Спасск компаниясының меншігіне көш ті.14

1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауытгарын қола- 

стына караткан «Орыс-азия корпорациясының» концессиясына көшті. Шын 

мәнінде, бүл ағылшын компаниясы болатын, онда мысалы, Лесли У ркартси- 

яқты ірі қаржы іскерлері үстемдік етті және  1914 жылы ол өзінің «Ертіс кор- 

порациясы»  атты  еншілес  коғамы  аркылы  Қазакстанда  Кенді  Алтай  мен 

Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен Риддер және Қырғыз (казак) кен- 

өнеркәсіп акционерлік қоғамдарын кұрды.15

1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш 

зауытының құрылысы  басталып,  1916 жылы  Екібастұз көмір ж әне  Риддер 

концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады.  1915—16 жыл- 

дарда Риддерден Өскеменге корғасын-мырыш концентраттарын тасуға арнал- 

ған Риддер темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен 

Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолы- 

мен Екібастұз зауыттарына жеткізілді. Темір жол желісі  1916 жылдың аяғына 

қарай аяқталды ж әне тура  1917 жылға дейін корғасын-мырыш концентратта­

ры Риддерден Екібастұзға дейін (шамамен 700 шақырымға жуық қашықтыкка) 

негізінен күш-көлігімен тасылды.16 Риддерде шағын байыту фабрикасы мен 

Быструха электр станциясы салынды. Соңғысын Риддер кеніштерімен бірге 

1916жылы Быструха өзенініңтасыған суы басы пкетті.17

1880—90-жылдарда өлкенің кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі ал­

тын өндіру болатын. Өскемен уезінде ғана  125-тен астам кеніш жұмыс істеді. 

Бірақ XX ғасырдың басында біркатар себептерге байланысты (салықтың көп 

мөлшерде салынуы, катынас жолдарының қашыктығы, каражаттың, құры- 

лыс  материалдарының  жеткіліксіздігі  ж әне  т.б.)  Өскемен  уезінің  алтын 

кеніштері 50-ге дейін кысқарды. Бұл алтын өнеркөсіпшілерін капиталды ор- 

талыктандыруды  күш ейтуге,  өз  серіктестіктеріне  инж енерлер  тартуға, 

өндірістік-техникалык ынтымақтастықты дамытуға, өндіріс технологиясын 

жақсартуға жөне т.б. мәжбүр етті. Алтын өндіруші салаға орталық Ресейдің 

Сібір мен Алтайдың ірі өнеркәсіпшілері де өз капиталдарын салды.  Алтын 

өнеркәсіпшілері арасында орыс ж әне татар кәсіпкерлері басым болды.  1904 

жылы Өскемен уезінің 8 кеніш базасында — «Алтай алтын өнеркәсіп компа­

ниясы»,  1906 жылы  Зайсан уезінің бес  кеніші  мен  рудниктері  базасында  — 

«Маркакөл алтын өнеркәсіп серіктестігі»,  1912 жылы Өскемен уезіндегі ал­

тын  айырып  алу  фабрикасы   бар  9  кеніш тер  мен  рудниктер  базасында 

«Оңтүстік-Сібір алтын өнеркөсіп серіктестігі» құрылды. Сотые жылдарында 

да өндірісті жалғастырған «Ресей алтын өнеркәсіп акционерлік қоғамының»

575



күрамына М ариинск, Василевск, Холмистовск және Ақжал кеніштері кірді. 

Ең ірісі Ақжал кеніші болатын. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, Ал- 

тайда өндірілген алтынның көлемі жалпы Ресейдегінің 15%-ына жуық болған.

1893 жылы ашылған Екібастұз көмір кенішін  1899 жылдан  1903 жылға дейін 

«Воскресенск кен-өнеркәсіп қоғамы» пайдаланып келді. Көмірді негізгі тұты- 

нушылар Сібір темір жолы, Батыс Сібір пароходствосы, Пермь губерниясы- 

ның Кыштым ж әне Надеждинск зауыттары, Омбы, Семей, Риддер, Барнаул, 

Павлодар, Петропавл калалары мен өлкенің басқа да калалары болатын. Көмір 

тасу үшін Екібастұздан Ертістегі Ермак айлағына дейін  110 шакырымдык кең 

табанды темір жол салынды, одан көмір Ертіс бойымен баржағатиеліп, Сібір 

темір жолына ж әне одан әрі өткізілетін орнына жеткізілді.  1903 жылы Вос­

кресенск қоғамы күйзеліске ұшырады, сөйтіп Екібастүз кенішін пайдалану 

1914 жылы ғана кайта басталды, бұл жолы оны «Қырғыз (казак) кен-өнеркәсіп 

коғамы» игерді, ол темір жолды да калпына келтіріп, оны көмірді Ертіске дейін 

тасу үшін де, Риддер руда концентраттарын Екібастұздағы жаңадан салынған 

мырыш ж әне қорғасын зауыттарына жеткізу үшін де пайдалана бастады.19

Караганды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балкыту зауыты- 

ның отын базасы болды. Караганды көмірін Спасск зауытына дейін тасымал- 

дау үшін 1906—1907 жылдардатартабанды темір жол салынды. Бүл көмір өндіру 

мен тасуды  көбейтуге едәуір ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам 

өсті.20

К оңы р  көмір  кен  орындары  да  игерілді.  1913  жылы  Ж езқазған  мыс 

кеніштерінен  120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына 

бастаған  Карсақбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын 

еді.  1915 жылдан бастап Таш кент темір жолының Бершігүр станциясына жа- 

қын жерде осы жолды отынмен қамтамасыз ету үшін Ленгір кен орнынан кара- 

пайым әдіспен кен өндіріле бастады. Н ақосы  кен орнының көмірімен Шым- 

кент пен Ташкенттің кәсіпорындары да жабдықталды.21

Казақстанда мыс өндіру негізінен Спасск зауытында жүзеге асырылды, ол 

Нілді алкабындағы Успенск кенішініңбазасында жүмыс істеді.  1904 жылдан 

1917  жылға  дейін  бұл  кеніш тің  бай  кені  түгелдей  дерлік  казып  алынды. 

Дүниежүзілік соғыс басталған соң Спасск зауыты мыс балкытуды қысқарт- 

ты, ал  1916 жылы өз жүмысын тоқтатты.22

Түз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс 

жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Казақстандағы Басқұншақ, Елтон, 

Елек тұз көсіпшіліктері,  өлкенің солтүстік-батысындағы  Коряков,  Повол­

жье, Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылар саны көп, әрі ірі капиталистік 

кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы (Бөкей хандығы) Басқұн- 

ш ақж әне Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряков кәсіпшіліктері бол­

ды. Тұз кәсіпшіліктері артельдерге, кәсіпорындарға немесе олардың қоғамда- 

рына жалға берілді. Коряков кәсіпшіліктері  1908 жылы Павлодар көпесі Оси­

пов баскарған тұз өнеркәсіп серіктестігіне 25 жыл мерзімге жалға берілді.23 

1909 жылы К оряков кәсіпшіліктерінде 3979 м ы ңпүттұз өндірілді, ал оларда 

10092 жұмысшы  істеді.  Бұл  жерден тұз Ертіс  арқылы  Павлодарға,  одан  әрі 

Б аты с  ж ә н е   Ш ы ғы с  С іб ір ге   ж ә н е   Обь  ө з е н ін ің   бой ы н дағы   б ал ы қ  

кәсіпшіліктеріне тасылды.  1909 жылы Баскұншақ кәсіпшіліктері 20 миллион 

пұттан астам тұз берді. Олар негізінен Астраханның балык кәсіпшіліктеріне, 

Саратовқа, Самараға, Сызраньға, Нижний Новгородка және басқа калаларға 

апарылды.24

576



Орал-Жем мұнай ауданы да 

ағылшын капиталының қолын- 

да  болып  шықты.  Ол  мұнда 

өздерінің дербес  акционерлік 

коғамдарын құру жолымен де, 

үлес қосып қатысып, орыс ком- 

паниялары арқылы да енген бо- 

латын.  1911  жылғы  2  сәуірде 

Доссор кәсіпшілігінде қуатты 

мұнай бұрқағы  атқылады,  мұ- 

ның өзі Жемде ірі көлемде мұ- 

най өндіруді бастап берді.25 Ба­

тые  Қазакстанның мұнай  кен 

орындарын пайдалану үшін мы- 

надай ағылшын коғамдары: Ба- 

тыс-Орал мұнай қоғамы (1912),

Орал-Жем қоғамы  (1912), Ор- 

талы қ  О рал-К аспий  қоғамы 

(1912), Солтүстік Каспий мұнай 

компаниясы (1914) және басқалары құрылады.26 Мұнай кен орындарын өнде- 

уге  94  фирма  мен  жеке  адам  куәлік  алғанымен,  О рал-Ж ем   ауданында 

8 акционерлік қоғам жұмыс жүргізді. Олардың негізгі капиталы 36 миллион 

сомға жетті.27

Патша үкіметінің біркатар акциздік жеңілдіктер беруі, арзан жүмыс күші, 

күшті бәсекелестердің болмауы аркасында мұнай өндіру шетел компанияла- 

ры үшін өте тиімді болды, олар қанаудың жыртқыштык әдістері жағдайында 

зор пайда келтірді.

Сонымен Қазақстанның кен өнеркәсібі жергілікті капитал негізінде өсіп 

шыккан жоқ. Оны сырттан келген орыс ж әне шетел капиталы жасады. Оның 

өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге өкетілді, ал пайда XX ғасырдың 

басынан бастап шетелге кетіп жатгы. Осының бөрі кен өнеркәсібінің К азак- 

станның әлеуметгік-экономикал ық өсуіне ыкпалын күрт кемітті.28

Қазақстанның кен-зауыт өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашы- 

лық шикізатын ұқсату жөніндегі  өнеркәсіп  жергілікті қажеттермен тығыз 

байланысты болды ж әне өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі 

бір ыкпал жасады. Өндеуші өнеркәсіптің көсіпорындарын мынадай екі топқа 

белуге болады:  1) Ресейдің еуропалык бөлігіне ж әне шет елге шығару үшін 

мал шаруашылығы шикізатын алғашқы өндеу жөніндегі кәсіпорындар: бұған 

жүн  жуатын,  мал  майын  қорытатын,  ішек-карын  тазартатын  ж ене  баска 

кәсіпорындар жатгы; 2) ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұты- 

ну үшін ұқсату жөніндегі  кәсіпорындар:  бұлар  былғары,  май  шайкайтын, 

спирт-арақ зауыттары, темекі фабрикалары ж әне т.б.29

Жетісу, Ақмола жене Семей облыстарында пайда болған біршама ірі жүн 

жуу орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Казан губерниялары мен баска да 

губерниялардың мәуіті фабрикалары иелерінің қолында болды. Ш икізат та 

соларға тасылды. М әскеудің «Стукен ж ене К°сауда үйі» Семей облысының 

жүн рыногында шексіз монополияны иеленді. Ж үн негізінен әскери ведом­

ство үшін дайындалды және оған сұраным бірінші дүниежүзілік соғыс жылда- 

рында едәуір артты. Ал Қазақстанда Верныйға жақын жерде Қарғалы кентін-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   491   492   493   494   495   496   497   498   ...   667




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет