де бір ғана шұғафабрикасы салынды (1910). Фабрика «Шахворостовтыңсауда
үйі» серіктігінің иелігінде болды және қой мен түйе жүнінен солдаттарға ар-
налған сұрғылт шинель шұғасын өндірді.30
Ет өнеркәсібінің кәсіпорындары мұздатқыш қоймалардың болмауы және
тоңызыткышты көліктің жеткіліксіздігі себепті негізінен күзде ж әне жазда
жұмыс істеп, көбінесе Ақмола және Орал облыстарында дамыды. Саланың ең
ірі кәсіпорындары Көкшетау уезінің Қотыркөл станицасындағы ет-консерві
зауыты (1904жылы негізі салынған), Петропавлдағы консерві зауыты (1915)
ж әне Оралдағы ет тоңазытқыш (1915) зауыты болды.31 Саланың осы және
баска кәсіпорындарына әскери ведомство ерекше мүдделілік танытты, сон-
дықтан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында олар өз өндірісін едәуір
кеңейтті.
Былғары өндірісі өлкенің далалық облыстарында дамыды. Семей облы-
сында 1900 жылы 22 былғары зауыты болды. Алғаш өнделген тері өскери ве-
домствоның зауыттарына және шетелге: Америкаға, Г ермания мен Францияға
шығарылды. Бірінші дүниежүзілік сотые жылдарында теріге сұранымның
өсуіне байланысты былғары зауыттарының саны көбейді. Бұл салада «П.Пле
щеев ж әне К° серіктестігі» және «АғайындыТрапезниковтар серіктестігі» за-
уыттары тек қана әскери тапсырыстарды орындады.32 Қазакстанның оң-
түстігінде сыртка шығару үшін шикізат өндеу жөніңдегі ұсақ кәсіпорындармен
коса, мақта тазарту өнеркәсібі де дамыды. 1912 жылы Келес, ал 1914 жылы
Велико-Алексеев зауыттары салынды.33 Құрылыс материалдары өнеркәсібі
пайда болды. 1914 жылы бір Оралдың өзінде ғана 12 кірпіш зауыты жұмыс
істеді, ал 1916 жылы Ш ымкент уезінің Георгиевка селосында цемент зауыты
ж әне т.б. жұмыс істей бастады.34
Әлбетте, «фабрика» немесе «зауыт» атауларын тым шартты түрде қолда-
нуға болатын ұсақ мекемелер басым болған жағдайда революцияға дейінгі
Қ азақстанның ірі кәсіпорындарының бірі Ш ымкенттегі шипалы жусаннан
сантонин өндіру жөніндегі химия зауыты болды. Бұл зауыт ірі көпес Н.И.Ива-
новтың иелігінде болатын. Ол 1885 жылдан жұмыс істей бастады ж әне сол
кезде дүние жүзінде бағалы дөрі-дәрмек өндірген бірден-бір көсіпорын осы
болды.35
Өлкеде тамақ, дәм-татымдықөнімдер өнеркөсібі бірсыпыра дамыды, оның
кәсіпорындары арасында Жетісу, Акмола ж әне Семей облыстарындағы ірі
диірмендер, бірқатар май шайкайтын, шарап және сыра ашытатын зауыттар
ерекше болды. Семейде XIX ғасырдың аяғында ірі диірмендер пайда болды.
1911 жылы олардыңсаны 22-ге жетті. 1908 жылы мұнда «Семей ұн тартатын бу
диірмендерінің акционерлік қоғамы» құрылды. Ол облыстағы ұн тарту ісін
толык монополиялап алды. Үн мен майдың негізгі бөлігі жергілікті жерде
тұтынушылар тапты, калған бөлігі Ресейдің ішкі аудандарына ғана емес, со-
нымен катар шетелге де жіберіліп отырды.36
Жайықта, Сырдарияда, Ертісте, Бұқтырмада, Іле мен Шуда, Балқаш және
Зайсан көлдерінде, Арал теңізінде, К аспий жағалауы нда балық аулау
өнеркәсібі дамыды. 1913 жылы Қазақстан бойынша ауланған балық 34,5 мың
пұтқа жетті. М ұның өзі Ресейде ауланған бүкіл балықтың 11%-ына жуық
болатын.37
Революцияға дейінгі Қазақстан өнеркәсібі негізгі түрлерінің кысқаша
тізбесі өлкенің Ресей империализмініңжөне Батыс Еуропаның капиталистік
елдерінің шикізаттық шылауы ретінде дамығанын дәлелдейді. Қазақстанның
578