3. ӨЛКЕДЕГІҚАТЫНАС ЖОЛДАРЫ МЕН САУДАНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ
К азақ стан н ы ң м етроп оли я о р тал ы қ ауд ан д ары н ы ң к а п и тал и стік
өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында
темір жолдар маңызды рөл атқарды, олар бір мезгілде Ресейдің артта қалған
отар аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің
ену кұралы ж әне нәтижесі де болды. Ш ын мәнінде, Орта А зия мен Қ азақ-
станды Ресейдің экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір
жолдар салудан басталды.
Казақстанда дамыған қатынас жолдарының болмауы өлкенің өндіргіш
күштерін дамытуда үлкен қиындықтар туғызды, оның жекелеген аудандары
арасында да, Орталық Ресеймен де экономикалық жөне сауда байланыстары-
ны ң кеңеюі мен нығаюын теж еді, Қ азақ стан н ы ң оры с капи тали зм ін
шикізатпен ұдайы қамтамасыз етіп отыруын ж әне фабрикалық бұйымдары-
ныңтұтынушысына айналуын кешіктірді. Темір жолдар салынғанға дейін са
уда заттарын тасудың негізгі құралы мейлінше өнімсіз ж әне қымбаттұратын
көлік түрі — түйе керуендері болды. Ж үк болмашы мөлшерде тасылды ж әне
көп уақыт алды. Кейде керуендер Ташкент пен Қазақстанның оңтүстік аудан-
дарынан Орынборға немесе Орскіге дейін 90—100 күн жүретін еді.
Темір жолдар салу Қазақстанға (және Сібірге) «кіретін» магистральдар-
дан басталды. 1874—76 жылдарда Торғай облысы мен Орынборды Орталық
Ресеймен байланыстырған Орынбор темір жолы (Самара-Орынбор) салын-
ды.38 Кез келген жол сияқты, ол да Қазақстанның өзіне жақын жаткан аудан-
дарын Ресейдің өнеркәсіптік облыстарымен тікелей сауда қатынастарына тар-
туға, қоныс аударушылардың ағылып келуіне себепші болды. 1891—93 ж ы л
дарда Рязань-Козлов темір жолының акционерлік қоғамы П окровская Сло
бода-Орал жолын; 1897 жылы Урбах-Астрахан жолын салды. Бірінші жол
тұйықж ол болтан еді, ал екінші жол Орал облысының батыс жағының біраз
жерін ғана кесіп өтті.
Қ азақстан аумағында темір жол ж елілері XIX ғасы рды ң аяғы — XX
ғасырдың басынан ірі Сібір темір ж олы ны ң салы нуы на байланысты тар-
тыла бастайды. Магистральдық бағыттарын талқылау кезінде орыс коғамы-
ның белгілі бір іскерлік топтары ны ң ж өне Орта А зи я мен Қ азакстандағы
әскери ведомствоның мүдделерін сақтауды едәуір ж ақтауш ы лар
Достарыңызбен бөлісу: |