Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебі Казиева Салтанат Оржановна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ашық сабақ



Дата24.04.2017
өлшемі5,96 Kb.
#14865
  • Атырау облысы
  • Қызылқоға ауданы
  • Жасқайрат ауылы
  • Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
  • Казиева Салтанат Оржановна
  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Ашық сабақ
  • Тақырыбы:Сан есімнің түрленуі
  • 7 «а» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрленуі Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сан есімнен өткендрін еске түсіре отырып, «Сан есімнің түрленуі» тақырыбын жаттығу, дағдыландырыу және ойындар арқылы меңгерту. Балаларды халқымыздың салт-дәстүрлерін, қасиетті де киелі деп санайтын ұғымдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сан есімдердің жалғауларын ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Қолданылытын әдіс-тәсілдер: топтау,АКТ Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: интерактивті тақта,домбыра, гүлдер

Ұйымдастыру бөлімі

  • а)Амандасу
  • ә) Сабаққа қатыстарын, оқу –құралдарын тексеру
  • Сынып оқушылары өздері ұнатқан гүлдерін алу, сол арқылы топқа бөлу, топбасшысын сайлау І топ «Зат есімдер»тобы ІІ топ«Сын есімдер» тобы

Берілген тапсырмаларды екі топ алмасып орындайды. Бір сұраққа- 1 ұпайдан

Жаңа сабақ «Сан есімнің түрленуі» Белгілі бір заттың нақты сандық мөлшерін білдіріпқанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Алматтың оқулығының саны он бір. (қанша?) Жеке-дара айтылғанда тек абстракт ұғым атаулары реінде қолданады. Мысалы: жиырма бес, үш, он алты. Заттардың сандық мөлшерін білдіретін есептік сан есімдер ешбір өзгеріске түспей, заттық ұғымда, жұмсалып тұрғанда көптеледі, септеледі, тәуелденеді, жіктеледі

  • 69-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазып,құрамына қарай талдау.
  • І топ 12, 7, 18, 45, 236, 60-70
  • ІІ топ
  • 1912, 12346, 61910, 3000, 1664
  • 77-жаттығу. Сан есімдерді құрамына қарай, мағынасына қарай талдау, сөйлем құру
  • І топ «Зат есімдер» тобына
  • (мағынасына қарай табу)
  • ІІ топ «Сын есімдер» тобына.
  • (Сөйлем құру)
  • Қорытындылау
  • а) Үйге тапсырма. 68- жаттығу
  • Жалпы сыныптық тапсырма.
  • Сан есімдерге қатысты шешендік сөздер жазып келу.
  • Сан есімдермен берілген мақал-мәтел, көркем шығармалардан үзінділер тауып, оларды қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазу.
  • Бағалау парақшасын топбасшылардан алу.
  • Кері байланыс
  • Стикерге сабаққа байланысты алған әсерлері мен сұрақтарын жазып жабыстырып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет