2.2 Тәжірибелік бөлімнің орындалу барысы
2.2.1 Виртуалды зертхана платформасын құру
Мен ұсынып отырған виртуалды зертхана қазақ тілінде және оффлайн түрде қолдана алатын платформа болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламаның ерекшелігі Power Point қосымшасы арқылы анимациялық сабақ ретінде өтіледі. Жалпы платформа 8-9-10-11 сыныптарды қамтиды.Алғашқы ұсыныс ретінде 8-сыныптарды алып отырмын.Платформаны оқушылар телефон желісіне немесе мұғалім оны компьютерге орнатып қоюға болады.Платформаны құрудағы негізгі әдістеме реакциялар мен қасиеттеріне жалпы шолу жасап,оларды енгізу керек.Платформаны арнайы үшөлшемді графиканы пайдаланып,ондағы қажет тәжірибелер барысы алдын-ала енгізіледі.
4-сурет.Виртуалды зертхана платформасының жалпы сырт бейнесі.
Алдымен өзімізге қажет сыныпты, сосын тарау мен қажетті тақырыпты таңдап аламыз.Ол бірнеше пунктен тұрады: Обьектінің жалпы атауы; Физикалық-химиялық қасиеттері; Практикалық жұмысты қамтиды.
Оқушылар сабақтан тыс платформаны ашып,түсінбеген сұрақтарына жауап ала-алады.Реакциялар мен практикалық жұмыстарды қайта қарауға мүмкіндіктері бар.
6-сурет. Қолдану аясы
8- сурет.Физикалық қасиеттері.
9- сурет.Сутектің алынуы.
Виртуалды зертханалық платформаның алғашқы бөлімдері оқушының осы тақырыпты түсінуі мен тақырыпты кеңінен қамтуы үшін жасалынды.Негізгі мақсат оқушыларды заманауи бағытта немесе қашықтықтан оқу кезінде білім деңгейінің төмендемеуіне,сабаққа деген қызығушылығының артуына септігін тигізу.Бұл сатылардың болуы оқушы үшін маңызды.Теориялық тұрғыдан білімге қанық болып,реакцияларды әрекеттестіріп, бөлінетін өнімдерді жаза алуға машықтанады.
Достарыңызбен бөлісу: |