Бұл бағдарламаның артықшылығы - оқушылармен кері байланыс парктикалық сабақ уақытысында болады. Яғни, ашық және жабық тесттер зертханалық жұмыс арасында шығып тұрады және оның нәтижесі мұғалімге көрсетіліп тұрады. Егер оқушы тақырыпты түсінбесе, қайталап көруіне мүмкіндік жасалған. Осы сабақтың кері байланыс сұрақтарын мысал ретінде көрсетейін.
Біз бұл зертханалықты жасау кезінде практикалық жұмыстың видеосын youtube қосымшасынан алған болатынбыз. Оттегі алу сабағының ссылкасын қалдырып кетейін: https://youtu.be/HC-bZLMtBsY . Осы виртуалды зертхананы құрудың нәтижесінде сынып оқушыларының барлығымен дерлік кері байланыс орната отырып, тақырыпы толықтай дерлік түсіндірдік деп ойлаймын. Сабақ соңында оқушылардың 50% -нан астамы сабақтың қызықты әрі түсінікті болғанын айтты. Қашықтықтан оқыту кезінде бұл бағдарлама арқылы сабақ өтудің өте тиімді және оңтайлы әдісі болып табылады.