3.3 Оқушыларды бағалау Өзара бағалау – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратынын байқадым.Себебі олар сұрақ қою мақсатында сабақты тереңінен түсінуге тырысады.Барлық оқушының сабаққа атсалысуы мен өз ойларының айтуына септігін тигізеді.Әрі бойларындағы әділдік,шыншылдық қасиеттерін арттырады.
Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:
- не тексерілуге тиіс екенін түсіну;
- оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру;
-оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек.
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, бағалау критерийлері арқылы бағалаудың маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.Осы мақсатта өзара бағалау кестесін ұсынамын.Оқушылар дал қай критерий арқылы бағалайтындарын біле отыра өз-ара бағаларын қояды.Жеке және топтық жұмыс жасау кезінде олар өзара ой алмасады.Бағалау арқылы достық қарым-қатынастары мен кәсіби тұрғыда болашақ бір-бір өз ойын ашық айта алатын азамат-азаматша дайындауда үлкен септігін тигізеді.
Бағалау рейтингі: 8-9 = «5» 4-7 = «4» 2-3 = «3» 0- 1 = «2» Критерийлер бойынша бағалау мұғалімдерге: