Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019



бет76/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819

Айналым қаражаттарын толтыруга







1

Айналым қаражаттары

11 500 000

96%

2

Негізгі қүралдарды сатып алу

500 000

4%

жоба бойынша барлығы

12 000 000

100%


Өнім сипаты:
Зергерлік бүйым - асыл металлдар мен тастардан жасалған бүйым (сақина, сырға, білезік, алқа, танамоншақ, үстел әшекейлері және басқа). Зергерлік бүйымдардың негізгі сипаттамасы бүйымдарды жасайтын шебердің (зергердің) жүмы- сының болуы.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес зергерлік бүйымдарға көркемдік өңдеудің алуан түрлерін қолданумен, асыл, жартылай асыл, үсақ, түрлі түсті тастардан және басқа табиғи немесе жасанды материалдардан ендірмесі бар немесе оларсыз, әртүрлі әшекейлер, түрмыс заттары, табыну заттары ретінде қолданылатын және/немесе безендіру мақсаттары, әртүрлі салттар мен ырымдарды орындау үшін асыл металлдар мен олардың қоспаларынан жасалған бүйымдар, сонымен қатар, мәртебесі ҚР заңдарына және ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес белгіленген наградалардан және эмиссиядан өткен ескерткіш монеталардан басқа, ескерткіш, мерейтойлық таңбалар және басқа таңбалар мен медальдар жатады.
Ежелгі Мысырда зергерлік бүйымдарды жасау үшін негізгі материал алтын болған. Ежелгімысырлық зергерлер оны өңдеудің әртүрлі техникалық қолданған, әртүрлі қоспалардың көмегімен оның түсін - ақтан жасыл мен қызғылтқа өзгерте алған. Алтын білезіктер, салпыншақтар, алқалар, сырғалар, диадемалар, сақиналар, басқа арналған әртүрлі әшекейлер, төс әшекейлері және алқа-мойын жіптер - осының барлығын Ежелгі Мысырда, фараондар жерінде жасаған. Бүйымдарда тек металлын емес, сонымен қатар, әдемі түс гаммасын бағалаған, артықшылық ашық, қанық түстерге берілген. Оларды түрлі түсті шыныдан (паста деп аталатын) және сердолик, малахит, лазурит секілді үсақ-түйек тастардан жасалған ендірмелер- мен көмкерген. Қазір біз асыл деп санайтын - алмаз, рубин, сапфир тастарды - мысырлықтар білмеген.
Ежелгі еврейлерде әйелдердің басты әшекейі әртүрлі пішіндегі (көбінесе жүлдыздар немесе жарты ай түріндегі) сал- пыншақтары бары сырғалар болған. Сонымен қатар, мүрын сақиналарын таққан. Маржан, меруерт, түрлі түсті тастар- дан немесе шыныдан жасалған түйіршіктер немесе түймешелер тізбеленген жүн лентадан түратын алқалар өте танымал болған; кейде лента маталлдан, ал түйіршіктер - сандал ағашынан болған. Ең қымбат алқалар аралары бір бірімен бірік- кен алтын түйіршіктерден жасалған. Алқаларға жарты ай немесе күн пішініндегі медальондар, әртүрлі амулеттер және әтірсуы бар сауыттар ілген. Барлық осы әшекейлерден басқа әйелдер жіліншіктеріне қоңырауы бар алқалар таққан, олар әйелдердің баяу әрі бірсарынды қимылдауға мәжбүрлеген, ал жүру барысында әуенді сырдырлайды. Кішкентай қыздар шүға бөлшектерінен жасалған әшекейлер (сақиналар және т.б.) таққан.
Орта ғасырларда зергерлік бүйымдардың негізгі тапсырыс берушісі шіркеу болған. Жиналмалы алтарьлар, араласқан тостағандар, әртүрлі сауыттар, иконалар мен кітаптар әлеміштері, әулиелердің бейнелері, Христос өмірінен үзілістер - барлық осы сәнді шіркеу заттары сол уақытта жаппай шығарылған.
Әсіресе жәдігерлер ретінде монастырлар мен соборларда сақталған кітаптар әлеміштерінің әшекейлерін атап өту керек. Кітап әлемішінің ортасында және бүрыштарында қалқалы эмальдің геометриялық өрнектерімен толтырылған тікбүрышты немесе домалақ пластиналар және әулиелердің эмальді немесе қара бейнелерінің қоршауында нақышталған металлдан және піл сүйегінен жасалған бедерлі өрнек бейнеленеді.
Сол уақыттың зергерлік бүйымдарын безендірудің негізгі қүралы эмаль болған. Асыл тастармен бәсекелесе отырып, ол заттың асыл көптүсті беткі қабатының әсерін берген. Эмаль Францияда (әсіресе лимож эмалі танымал болған) және Германияда үлкен танымалдылыққ ие болған. Осы елдердің зергерлерінің бүйымдарындағы эмаль әдетте шығыңқы және түсімен бір деңгейде жалтыратылған. Эмаль колориті бойынша шүбар және балғын түс гаммасымен ерекшеленген. Кө- гілдір, көк, ақ немесе жасыл түстің салқын реңкілерін алтын және қызыл өрнектермен әшекейлеген, олардың колоритінің тазалығы мен қарқындылығын жүқа нақышталған өрнекпен көмкерілген алтын түспен ерекшелеген.




Ортағасырлық шеберлердің бұйымдары шығыңқы пішінді тастардың (лағыл, зүбіржат, сапфир, меруерт) көптігімен әсер қалдырады, дегенмен тау хрусталі, топаз, аметист, гранат секілді асыл тастармен безендірілген даналары да кезде- седі. Әкелінген және жергілікті тастар қолмен және кристалдың немесе малтатас жыныстың табиғи пішінін өзгертусіз тегістелген.
Ортағасырлық Еуропа тұрғындарының жеке әшекейлері біздің уақытымызға дейін сақталмаған. Шіркеудің мәжбүр- леген тақуалық доктринасы - жердегі тіршілік қуаныштарынан бас тарту - дене пішінін көрсетпейтін киімнің барынша қарапайымдылығында, әшекейлер көлемін қысқартуда білінген.
XIII ғасырда зиялы және шіркеу феодалдарының костюдерінде асыл тастар көлемі ұлғайды. Ғасыр басындағы бұй- ымдар пішіндерінің көркемдік қарапайымдылығы мен аңғырт жарықтығы дамыған феодализмнің талғампаз асыл тастар талғамынан артта қалады. Сәнге меруертпен және биік үлдір ұяшықтармен көмкерілген айылбастар, алқалар, кең белдік- тер кіреді. Жақтаулар негіздерін жиі қырылған етіп жасайды, ол тастардың жылтырлауын күшейтеді. Сақиналарды ерлер де, әйелдер де таққан.
Қашалған тастармен жасалған сақиналар мөрлер ретінде және иесі үшін оның дәрежесін білдіру үшін қолданылған. Тегіс алтыннан аметист, рубин, сапфир секілді тастармен бірге епископтар үшін сақиналар дайындаған. Шіркеу басшысы

  • Рим Папасының сақинасын - қайықтағы әулие Петр мүсіншелері безендірген. Папа елшілерінің таңбалары ретінде қола немесе мыстан жасалған және қымбат емес тасы немесе шынысы және нақыштау тәсілімен жазылған киелі сөздері бар ірі сақиналар болған. Елшілер сақиналары және көпестер гильдиялары мүшелерінің ерекше жүзіктері болған.

Маркетинг жоспары және нарық талдауы:
Кәсіпорында зергерлік бұйымдарды жекелеп сатуды ұйымдастыруды келесі принциптерді ескере отырып, жүзеге асы- ру көзделеді:

  1. Бәсекелестіктің тұрақты қадағалауы және оны жетілдіру жұмыстары;

  2. Сұранысты қалыптастыру және сатуды ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бой- ынша шаралар кешенін қолдану.

Компаниядағы жарнама әртүрлі бағыттарда қалыптастырылады:

  • интернетте сайт орналастыру;

  • баспа, көлік, радиотеледидар, видеоролик жарнамаларын пайдалану;

  • баннерлер, парақшалар, күнтізбелер мен қаламдарды пайдалану.

Кәсіпорын бюджетіне жарнамаға арналған ай сайынғы шығындар салынған.
Жоба бойынша әлеуетті тәуекелдер:
Жобаны іске асыру барысында нақты табыс болжамдалғаннан басқа болу болжамы бар, себебі инвестициялық тәуе- келдер бар.
Жалпы инвестициялық тәуекел жүйелі (әртараптанбайтын) және жүйелі емес (әртараптануға жататын) тәуекелдер сомасы болып табылады.
Ұсынылған жобаны іске асыруға байланысты жүйелі емес тәуекел (әртараптандыру арқылы жою немесе қысқартуға болатын тәуекел) келесілерден тұрады:

  • жобаны іске асыру есептеу мерзімдерінің сақталмау тәуекелі;

  • тауарлардың қолжетімділік дәрежесіне байланысты тәуекел;

  • сұраныстың болмау немесе төмендеу тәуекелі;

  • төлемеу тәуекелі;

  • экологиялық тәуекел.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет