көтеріп көрсін, дереу адыраңдап шыға келеді. Балалар оның мұнысына түгел көнген.
Міне, енді Қуаныш та ауырсынғанын білдірмей, кәдімгі
бір өзі кінәлі адамдай
-
ақ үн жоқ,
басын төмен салған беті орнына барып отыра кетті. Екі көзінен екі моншақ үзіліп түсіп, партаға
тырс
-
тырс тамды.
Басқаны білмейді, Қуаныштың көз жасын Бауыржан көріп қалды. Жүрегі дір ете түсті. Бүкіл
сыныптың көзінше жолдасына қол жұмсады деген не сұмдық?! Мұны не деп болады?
Шоқан түк білмегендей
-
ақ тымпиып партасына қарай кетіп барады.
-
Шоқан, тоқта!
Шоқан қалт тұра қалды. Өмірі бұл сыныптан мұндай өктем дауыс естіп
көрмеген. Қаны басына шауып, екі беті ду етіп, қып
-
қызыл болып кетті. Дауыс шыққан жаққа
қарамай
жүре берді. Жүре бермей не болыпты? Дауыс иесін бірден білді —
Бауыржан. Бұларға осы
биыл, жуырда ғана қосылған бала. Қарай гөр, ей! Ештеңе етпейді. Шоқан
-
ның кім екенін білмей
жүр екенсің сен әлі! Білесің, білдірем! Сонда тұмсығыңды тықпайтын
боласың әлің келмейтін
жерге.
Шоқан партасының жанынан өте бере, Бауыржанға ала көзімен ата қарады.
-
Тоқта деймін мен саған, тоқта! Кешірім сұра Қуаныштан. —
Шоқан кілт тоқтады. Қарсы
алдында қасқайып Бауыржан тұр. Шоқанның шегір көзі шот қабағын жарып шығып барады, ызаға
булығып, өңі түтігіп кеткен.
Бауыржанның қап
-
қара мөлдір көзі жайнап, ширығып алған. Бір
қарағанда тіпті үнсіз күліп тұрған сияқты.
-
Сен кім едің сонша, Қуанышқа ара түсетін?
-
Мен —
Бауыржанмын.
-
Қай
Бауыржан? Бау
-
ыр
-
р
-
жан. Сендей батыр Бауыржанды білмеймін мен. Батыр Бауыржан
өліп қалған.
-
Жоқ, Бауыржан тірі! Ол —
батыр. Ол —
мына мен!
-
Балалар,
мына жаманды қараңдар, өзін батыр Бауыржанмын деп тұр. Мә, саған Бауыржан!
Шоқан Бауыржанды құлаштап, құлақ шекеден көздеп тұрып
-
ақ ұрып еді, қолы
ауаны осып,
екпінімен өзі ұшып түсті. Бауыржан бұғып
қалған. Бойын қайта тіктеп, жымиып қарап тұр. Бүкіл
сынып қыран күлкіге батты.
-70-
Бұл —
Шоқан Шоқан болғалы көрмеген қорлық! Не істеп, не қоярын білмей, орнынан
самарқау тұрып жатты. Жұдырығы дарымады, енді екі аяғын іске қосады, дәл тізеден тебеді.
Маған десе,
ұршығы шықсын, жіліншігі шорт сынсын, бәрібір.
Шоқан тағы тап берген.
-
Шоқан, тоқтат!
Рахима апай! Шоқан кілт тоқтады. Сыныпқа апай кіріп келеді екен. Енді бітті. Бауыржанның
тізесінің ұршығы шықпайды, жіліншігі сынбайды. Көресіні бұл көреді. Шоқан еңіреп жылап берді.
-
Шоқан, не болды саған?
Апайға Шоқан емес, бүкіл сынып жауап берді:
-
Апай, Шоқанның өзі.
-
Шоқан Қуанышты ұрды.
-
Бауыржан ара түсті.
-
Бауыржанды ұрмақ болып еді, қолы тимей, өзі мұрттай ұшты.
-
Дұрыс екен. Онда несіне жылайсың?
-
Ол мені ренжітті.
Апайдың түсі бір суып, бір жылыды.
-
Жөн
-
ақ. Байқаймын,
сен шатаққа жақынсың, тегі.
Немене, сен ұрғанда Қуаныш ыза болмай
ма, ренжімей ме?
-
Онда төбелессін. Өшін алсын. Әлі келмей ме, үндемесін.
-
Шоқан, сен
өйтіп қатыгез болма. Біреуге жұдырығын ала жүгіру —
барып тұрған жат қылық.
Біз сені өйтіп еркіңе жібере алмаймыз. Солай ма, балалар
?
Сынып шу ете қалды.
-
Солай, апай!
-
Шоқан —
төбелескіш. Балалардың бәрін ұрады.
-
Қыздарға
да тыныштық бермейді.
Апай қолын көтерді, сынып тына қалды.
-
Бәрі түсінікті болды. Балалар,
өздерің айтындаршы, соңда не істеуіміз керек? Қандай жаза
лайық бұл Шоқанға?
-
Бәріміз жабылып ұрайық!
-
Сыныптан қуайық!
-
Ешкім мұнымен сөйлеспесін, ойнамасын!
-
Директорға айтыңыз, апай.
-
Әке
-
шешесін шақыртыңыз.
-
Қазір
бұрышқа тұрғызып қойыңыз.
-71-
Балалар өстіп жаза түрін тізбектеп айтып жатыр. Шоқан
өзін аяйтын бір адамды көрмеді
.
Төмен қараған куйі тұнжырап тұр. Соңғы сөз
-
апайдікі.
-
Шоқан, көрдің ғой, саған осы жазаның бәрі лайық.
-
Апай, Шоқан өз қатесін мойындап,
Қуаныштан кешірім сұраса, осымен қояйық.
Міне, қызық! Бүкіл сынып та, Шоқан да аң
-
таң. Өзіне жауығып тұрған адамға ара түскеңді кім
көрген?!
Рахима апай бар денесімен Бауыржанға қарай ұмсынып:
-
Бауыржан, айтшы сенің мұнынды қалай түсінеміз? —деді.
-
Апай, біз —
көппіз. Шоқан —
жалғыз.
Бауыржан әрі қарай не дерін білмей тұрып қалды.
Еңдігі
сөзді
апай іліп әкетті:
-
Бауыржан, сен өте дұрыс айтып тұрсың. Біз —
көппіз,
Шоқан —
жалғыз. Жолдастарына жайсыз
адам өстеді, жалғыз
қалады. Ол осыны түсінсін. Қуаныштан кешірім сұрасын.
Шоқан басын көтерді. Барлық сынып күлімсіреп тұр екен. Шоқанның да жүзі
жылып сала
берді.
-
Апай, кешіріңіз!
-
Шоқан, сен кешірімді менен емес, жолдастарыңнан сұра.
-
Сонда кімнен, Қуаныштан ба?
-
Қуаныштан
да, бәрінен де сұра.
-
Қайтіп
сұраймын, Қуаныштың қолын алайын ба, аяғына жығылайын ба, жоқ, бетінен сүйейін
бе? Не істейін, айтыңызшы?!
-
Бетінен сүй!
-
Мақұл. Сүйем. Қуаныш, әкел бетті!
Балалар қыран күлкіге батты. Шоқан Куаныштың бетінен сүйгелі ентелеп бара жатты.
Достарыңызбен бөлісу: